Материалдар / «Мамандық таңдау тарихым»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мамандық таңдау тарихым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен ес білгелі 7 жасымнан армандай бастаппын.Күн өткен сайын армандарым асқақтай берді.Өзімді ән айтып,би билеп те сынап көрдім.Бірақ есейе келе адам баласы алдына мақсат қоя білу керек екенін де түсіндім. Қамсыз балалық шағымды жер жанаты Жетісуда өткізіп жатырмын.Біздің аймақта табиғи газ құбырын жүргізу жұмысы енді ғана қолға алынуда.Еліме деген,жеріме деген сүйіспеншілігімді осы саланы дамыту арқылы жеткізгім келді. Сол себептен 9 сыныпты аяқтай салысымен, жаз айы демалыс кезінде «газ обьектілері құралғыларын пайдалану технигі» мамандығына түсуге бел будым.Алдымен бұл мамандық туралы хабардар болғым келіп,қазіргі заманның алып жетістігі саналатын ғаламтор арқылы дерек жинадым.Бара-бара мамандыққа деген аңсарым ауып,таңдауым айқындала бастады. Өзім қатты сүйетін,қазір тұрып жатқан Талдықорған қаласында орналасқан Өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінде осы мамандықты оқытады екен. Осы ақпаратты ести салысымен жүрегім лүпілдеп, сол колледждің есігін аштым.Қабы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2024
276
0 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мамандық таңдау тарихым»


Мен ес білгелі 7 жасымнан армандай бастаппын.Күн өткен сайын армандарым асқақтай берді.Өзімді ән айтып,би билеп те сынап көрдім.Бірақ есейе келе адам баласы алдына мақсат қоя білу керек екенін де түсіндім.

Қамсыз балалық шағымды жер жанаты Жетісуда өткізіп жатырмын.Біздің аймақта табиғи газ құбырын жүргізу жұмысы енді ғана қолға алынуда.Еліме деген,жеріме деген сүйіспеншілігімді осы саланы дамыту арқылы жеткізгім келді.

Сол себептен 9 сыныпты аяқтай салысымен, жаз айы демалыс кезінде «газ обьектілері құралғыларын пайдалану технигі» мамандығына түсуге бел будым.Алдымен бұл мамандық туралы хабардар болғым келіп,қазіргі заманның алып жетістігі саналатын ғаламтор арқылы дерек жинадым.Бара-бара мамандыққа деген аңсарым ауып,таңдауым айқындала бастады. Өзім қатты сүйетін,қазір тұрып жатқан Талдықорған қаласында орналасқан Өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінде осы мамандықты оқытады екен. Осы ақпаратты ести салысымен жүрегім лүпілдеп, сол колледждің есігін аштым.Қабылдау бөлімінде отырған ұзын бойлы салмақты ағай мені жылы шыраймен қарсы алған физика пәнінің мұғалімі «газ обьектілері құралғыларын пайдалану технигі» мамандығының маңызы мен қыр-сырын баяндап берді.Бұл мамандыққа сұраныстың көп екенін емтихан тапсыру арқылы қабылдаймыз деген талаптарынан білдім.Алдымдағы алатын бірінші белесім емтихандардан сүрінбей өту болды.

Міне,емтихан тапсыратын күн де жетті.Колледж алдында мен сияқты арман қиялына беріліп,көздерінде үрей ұшқыны жылтылдаған бірталай талаптанушы жас жеткіншектер жүр. Әсіресе , «газ обьектілері құралғыларын пайдалану технигі» мамандығына түсем деушілердің саны артып жетеді.Менің таңдауыма сәйкес келген бәсекелестерімді көргенде кеудеме қуаныш ұялады.Өйткені таңдау жасауда қателеспегенімді сездім.Бәсекелестік бар жерде сұраныс та бар. Мен таңдаған мамандықтықтың қоғамға өте қажет ,сұранысы жоғары қызмет екенін түсіне білдім.Болатын емтиханнан сүрінбей өтуге тырыстым.

Бірінші қыркүйекті тағатсыздана тостым.Жаңа оқу орнында жаңа топ білім алушылармен таныстығым қалай болады деген үміт оты мазалады мені. Таңдауымды жаңылыспай тауып,өмірде өз орнымды таба білуге қоршаған ортаның да беретіні мол.Сол себептен жаңа топтағы достарымды көруге асықтым.Бірінші болып алдымнан шыққан -топ жетекшім болды. Көздері мейірімге толы ,талай жастарды тәрбиелеп,өмірден өз орнын таба білуге зор үлесін қосқан ұстаз екені сезіліп-ақ тұрды.Топтағы құрбы-құрдастарыммен танысатын сәт те келіп жетті.Оларды көргенде бойымдағы сенімсіздіктің барлығы жойылып,ертеңге деген талпынысым мені алға жетеледі.Бірінші күннен бастап достасып кеттік.

Коледждегі өмірім мектептегі өмірімнен өзгеше.Таңдау жасаған мамандығымды алғашқы дәрістерден-ақ меңгертіп жатқандарын ұқтым.Біз манмандықтың шығу тарихы мен мазмұнын үйренуден бастап жатырмыз.Күн өткен сайын таңдаған мамандығыма деген қызығушылығым артпаса,басылар емес.Колледжде өткізіліп жатқан байқауларға қатысып,мамандығымыз жайлы қабырға газеттерін шын ықыласпен шығарып жүрміз.Менің таңдауым туралы әңгімені жазуыма шабыт берген осындай игі істердің жемісі деп ойлаймын.Болашаққа бағыт-бағдар беру арқылы,мамандығымның қыр-сырын үйретіп жатқан ұстаздарыма алығысым шексіз.Таңдау жасаған оқу орнымның көңілімнен шығып жүргеніне дән ризамын.Бұл таңдауды «газ обьектілері құралғыларын пайдалану технигі» мамандығын ұнату арқылы жасағаныма қуаныштымын. Әр адам өз ісінің шебері болуы үшін таңдауын жаңылыспай табуы керек деп ойлаймын.

Мамандык иесі болу үшін алдымен адамға білім мен қабілет керек.Себебі білім арқылы адамның қабілеттілігі артылса,ал қабіблеттілігі білікті маманға өте қажет.Білім алуға барлық күшімді салып,қайрат – жігерімді жұмсап , оқуға бар ынтаммен кірісіп , өз таңдауымды мақтан тұтатындай дәрежеге жеткім келеді. Егеменді еліміздің ертеңі-болашақ маман иелері болу өз қолымызда екеніне ерекше сенемін. Дұрыс таңдамаған мамандық қоғамға кері әсерін тигізуі мүмкін.Сондай құбылыстардың жастар арсында аз болғанын қалаймын.Жастардың ойы терең, бағыты айқын болуы қажет. Әр жас тұлға қоғамдағы өз орнын жаңылыспай тауып,еңбек құрышында сыналуға әрқашан дайын болуы керек.Егеменді еліміздің өркендеп-өсуіне әрбір жастың қосатын үлесі - өз таңдауын дұрыс жасау арқылы жүйелі жүзеге асырылады .Таңдалған әр мамандықтың еңбек нарығына жақсы әсерін тигізуі –заңдылық. Қоғамда да өз орнын ойып тұрып алу үшін де көп еңбек ету маңызды.Әрбір жас -осыны түсіне білсе екен. Түсіне біліп қана қоймай, ортақ үйіміз Қазақстанға деген таусылмас махаббатын аянбай еңбек ету арқылы жеткізсе деймін.Мамандық деген мақтаулы атқа тән қасиеттерді тұла бойларына сіңіріп,елге деген қызметтерін кіршіксіз пәк сезімдерімен атқарса,нұр үстіне нұр жауар еді.

Ертеңіме зор үмітпен қарайтын жастардың бірімін. Болашақта жасаған таңдауыма еш өкінбеймін деп ойлаймын.Газ құбырлары Қазақстанның барлық аймақтарында толық жүргізілетініне көзім жетеді. Жасаған таңдауым -алдыға қойған мақсатымның айқындалуына , өмірлік ұстанымыма тек қана жақсы жағынан әсер тигізетініндей боп тұрады.Бала арманымның әлі талай мені алысқа жетелейтінін білемін.Сонда да болса , Менің таңдауым, алға қарай кемемнің түзу жүзуіне бағыт нұсқайды.Жарқын болашаққа нық қадам басуыма жасаған таңдауымның маған қанат бітіріп, талай-талай белестерден асуыма көмектесетінін сеземін. Адам баласы бұл дүниеге келген соң. саналы ғұмырында дұрыс таңдау жасау арқылы жетістіктерге жете білуі керек .Менің таңдауымның болашақта еңбек атты майданда әлі талай биік шыңдардан көрінуіме ықпалын тигізетініне күмәнім жоқ. Қазіргі менің әрекетім- колледжде беріліп жатқан білім нәріне сусындап,тәжірибе барысында біліктілігімді арттырып, «газ обьектілері құралғыларын пайдалану технигі» мамандығының қыр-сырын мүлтіксіз меңгеріп шығу. Еңбек атты әлемнен өз орнымды жаңылыспай табамын деген үміттемін. Үмітімнің өз таңдауымның дұрыстығы арқылы ақталатынына кәміл сенемін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!