Мамандық таңдауда ата- ананың ықпалы қандай ?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мамандық таңдауда ата- ананың ықпалы қандай ?

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар мен ата-аналарға оқушының мамандыққа бейімделу мен қабілеттілігін ертерек анықтау керек екенін көрсету. Ата-аналарға жеткіншектердің болашақ мамандықты өз бетімен таңдауға мүмкіншілік беруін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мамандық таңдауда ата- ананың ықпалы қандай ?

Ұйымдастыру барысы 1.Сәлемдесу.Танысу ойыны 2.Кіріспе сөз. 3.Видеоролик талқылау. 4.Анкеталық сұрақтар.Сауалнама қорытындысын айту. Сол қолмен жазу әдісі.

5.Психолог треинг ойындар.

6.Қорытынды.

I.Сәлемдесу.Сәлеметсіздерме Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі біздің жоспарға сәйкес ұйымдастырып отырған «Мамандық таңдауда ата-ананың ықпалы қандай ?» атты тақырыбымыздағы дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!

Максаты: Оқушылар мен ата-аналарға оқушының мамандыққа бейімделу мен қабілеттілігін ертерек анықтау керек екенін көрсету. Ата-аналарға жеткіншектердің болашақ мамандықты өз бетімен таңдауға мүмкіншілік беруін түсіндіру.

Танысу ойыны.Ата-аналар бір-бірімен танысып көңілді отыру үшін, жиналыс басында танысу ойынын ойнаймыз.Барлық ата-аналар қатысады.Бірінші қатысушы өз есімін айтады,ал екінші адам бірінші қатысушының + өз есімін айтады,үшінші адам алдыңғы 2 адамның есімін +өз есімін айтады.Солай жалғаса береді.Соңында қалған адам бірінші адамнан бастап бәрінің атын тізіп атып шығады.

2.Кіріспе сөз. «Есейгенде кім болғың келеді?» – бұл үлкендер өз балаларына қоятын ең танымал сұрақ. Бірақ, бұл сұраққа бала дұрыс жауап бере алады ма? Ол әр түрлі жауап болуы мүмкін. Себебі, баланың болашақ кәсібін дұрыс таңдауы өте күрделі мәселелердің бірі. Кәсіби болашағыңды дұрыс таңдау қоғамдағы өз орныңды танудың негізі. Адамның жақсы, өмірлік табысқа жетуіне әсер ететін ең бір маңызды шешімдердің бірі болып табылады.

Адам асқақ  арманға, биік мақсатқа ұмтылады. Осындай кезде  ұлы Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген сөзі еске түседі. Сондықтан да балаларымыздың қоғамның бір кетігіне кірпіш болып қаланып, өмірде өз орындарын табуларына дұрыс бағыт беру әрбір ата-ананың көп парыздарының бірі екендігін естен шығармауымыз керек сияқты. Себебі, мамандық таңдауда көбінесе ата-аналарының да ықпалы зор. Мамандық  таңдау да-адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Себебі, адам тағдырының бір бөлігі таңдаған  мамандығымен  ұштасып жатады.

Мамандық таңдау-белгілі бір даярлықты қажет ететін  іс-әрекет түрі , тіршілік көзі, дағды жүйесі және жасөспірімдік кезеңде қабыданатын жауапты шешімдердің біреуі.

Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. 

3.Видеоролик талқылау. Сауалнама қорытындысын айту. Ата – аналарға анкеталық сұрақ: 1. Жанұяңызда балаңыздың болашақ мамандығы туралы талқыладыңыз ба? 2. Балаңыздың мамандық таңдаудағы көзқарасына қосыласыз ба? 3. Оның мамандық таңдаудағы қызығушылығын ескеру керек деп ойлайсыз ба? 4. Болашақта балаңыздың кім болғанын қалайсыз? 5. Оқу бітірген соң, оқуың жалғастыра ма, әлде жұмыс істей ме? 6. Балаңыздың мүмкіндігі мен қабілетіне қарайсыз ба? 7. Мамандық таңдау кезінде кеңесші маманның және психологтың қатысуына қалай қарайсыз? 8. Балаңыз қай саладағы мамандық туралы көп айтады? 9. Осы мәселені шешуде сынып жетекшісінің қандай көмегі керек? 10. Осы мәселені қай сыныптан бастап көтеру керек? Сол қолмен жазу әдісі.Ата аналарға сол қолмен «Мен баламды жақсы көремін» сөйлемін жазу ұсынылады. Жазып болған соң өздері қалай сезінгендерін сұраймыз.Қиын болды ма? Әрине қиын.Дәл осылай балалар да жазуды немесе жаңа нәрсені үйренгенде қиналады.Сондықтан балаңыздың жазуы дұрыс болмаса немесе оқуы нашар болса, ұрыспай қолдау білдіріңіз деген ойды түсіндіреміз.

5.Психологпен тренинг ойындар

  Қорытынды

Ең бастысы мамандық таңдау — баланың өз мамандығына деген қарым-қатынасы мен өз ісіне дсген сүйіспеншіліктен туындамақ. Болашақ мамандық тандау кезінде үлкендердің көмектескеніне қарамастан, соңгы шешімді баланың өзі қабылдайды және одан арғы жауапкершілікті де өз мойнына алады. Әр мамандық өзінше тартымды, өзінше ерекше, қажетті болып саналады. Бірақ сол мамандықтардың ішінен жастардың өзіне сай мамандықты  дұрыс  таңдауына  ықпал  ететін ата- аналар өздерінің ақыл-кеңестерін ортаға салып, балаларды дұрыс бағыттап, тура жолға салып жіберсе, нұр үстіне нұр болар еді.







«№19 Шұғыла жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мекемесі.















Мамандық таңдауда ата- ананың ықпалы қандай ?









Кәсіптік бағдар беру педагогі: Арипова У

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2024
499
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі