
Мен Башкен Жанель Талғатқызы
Қарағанды Жоғары мейіргерлік коледжінің студентімін
Жасым-16да!)
««Мамандықпен Мақтанамын»»
Əр адам өмір атты парақты бастап, шыр етіп дүниеге келгеннен кейін сол өмірді сүруі мен
таңдауы, əркімнің тек қана өзіне жазылған өмір жолы болады. Дана Абай атамыз
айтқандай "Адам өмірге ішіп жесем деп емес көрсем , білсем"- деп келуі керек. Əрбір жеке
тұлғаның мектепті аяқтағаннан соң үлкен өмірге қадам жасауы үшін ең бірінші өзінің
болашағы үшін мамандық таңдаудан басталары сөзсіз. Бейқам балалық шақтан əр
баланың көкейыне тоқып жүрген болашақ арманы болады.Сол арманға жету жолында
көптеген баспалдақтан сүрінбей өтуге талпыныс жасайды.
Адам мамандық таңдаудан жаңылмау қажет деп ойлаймын. Себебі сол таңдаған
мамандығы оның өмір бойы айналысатын жұмысы. Сол сияқты мен де өз мамандығымды
таңдаудан еш қателеспедім.
Менің қазіргі алға қойған мақсатым оқуымды үздік бітіру. Ол үшін адамда өзінің бойында
осы мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенім болуы қажет. Бұл мамандыққа
жету екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Сондықтан мен ешкім жетпеген жеңістіктерге
жеткім келеді. Дəрігер болу үлкен мəртебе деп білемін. Мамандық таңдау үшін адам ең
алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Меніңше дəрігер болу менің қолымнан келеді.
Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет жəне оның мамандығы өзі өскен
ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған
адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш
қосылып еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне
жеткізетін қанат.
Дəрігер - арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек деген ата -
бабамыздың айтқан ұлы да ұлағатты сөздері бар. Сол сөзді тереңінен қарастырар болсақ
ол сөздің мағынасы: арыстандай айбатты деген еш нəрседен қорықпайтын өзінің бойын
қорқыныштың баурап алуына жол бермейтін деген мағынада, ал қыздай икемді деген өз
ісіне байыппен қарайтын, өз ісіне сеніммен қарай білетін жандар, ал анадай мейірімді
деген науқастарға мейірімін төге білетін өзінің анасы өзіне қандай мейіріммен қараса, ол
да науқастарға сондай мейіріммен қарай білетін жандар деп ойлаймын. Егер осы аталған
қасиеттердің барлығы мамандық иесінің бойынан табыла білсе, ол үздік дəрігер атанар
еді.
Қазіргі кезде ауруларды емдейтін заманауи аппараттар шықты. Ғалымдар зерттеп, əлі
күнге дейін ол ауруды емдей алмаған адамдар өте көп. Мен сол ауруды өзімнің
еңбекқорлығыммен, ізденісіммен, өз күшіммен сол ауруды емдегім келеді. Халықты
мұндай азаптан құтқарғым келеді. Дəрігерлердің мойнына үлкен жүк артылады. Соған

қарамастан мен осы мамандықты ойланбастан таңдаймын. Мен өзімнің аңсаған
арманыма жетуге тырысамын жəне қалайда жетемін!...
Міне, мен болашақта осындай дəрігер мамандығының иесі боламын!....