«Мамандықпен
мақтанамын!»
(эссе)
Көк
жүзіне алаулы,
Міндет
емес ай болу.
Ең
бастысы –қалаулы,
Кәсібіңе
сай болу !
Жүсіпбек
Аймауытов
Мамандықпен
мақтанамын...иә, мен сүйген, мен таңдаған
мамандығым туралы өз ойыммен, жүрек
түкпіріндегі асыл ізгі ой-арманыммен
бөліскім келеді. Әр адам өз болашағын
көз алдына елестеткен кезде болашақ
мамандығымен байланыстырады. Ол заңды-ақ!
Мамандық ол адамның сүйікті ісі, оның
болашағы. Адам мамандық таңдаған кезде
ешқашан қателеспеуі керек. Өзінің сана
сезімімен ойланып, дұрыс шешім қабылдаған
жөн. Себебі, оның мамандығы оның
болашағымен ұштасары сөзсіз. Әр адамның
өмірінде, болашағында белгілі бір
мақсаттары, алға қойған биік шыңдары
болады. Ол шыңдарды бағындыру оңайлықпен
келмесі анық. Ұлы Абай атамыздың «Сен
де бір кірпіш дүниеде, тетігін тап та
бар қалан» деген қанатты сөзі біздің
мақсатқа деген жауапкершілігімізді
арттырады. Болашақта «Қандай мамандық
иесі боламын?!» деген сұрақ әр адамның
басынан өткені сөзсіз. Болашақта өзімнің
«Қандай мамандықта жұмыс істеймін,
қандай сүйікті іспен айналысамын?!»,-
деген ой менде де болған болатын. Өмір
несібесінде адамның мамандығы басты
рөл ойнайды.
Мен,
жоғары инженерлік-технологиялық
колледжінің 2- курс студентімін. Бұл
колледжге келуіме сүйікті мамандығым
себепші болды. Қазіргі таңда «Есептеу
техникасы және бағдарламалық қамтамасыз
ету, бағдарламашы» мамандығы бойынша
білім алып жүрмін. Бұл менің жаныма
жақын, жүрек қалауының ырығы, арманымның
асқары, биік белестердің шыңы іспеттес!
Мен өз мамандығымды ерекше құрметтеймін.
Себебі қазіргі заман яғни XXI ғасырдың
қым-қуат, адамы мен дәуірі өзгерген
кезеңде мен заманауи, үлкен сұранысқа
ие мамандықтардың бірін таңдауымның
да өз себебі бар. Қазір техниканың
шарықтап дамыған заманы. Сол кезеңнің
жаңа мүмкіндіктер мен жаңа бағыттарға
толы мамандыққа менің бала кезімнен
икемім, өз қызығушылықтарым болғаны
себеп болса керек. Мектеп қабырғасында
жүргенде де мұғалімдердің өтініштерін
орындаймын деп жүріп осы салаға қалай
икемделіп, бейімделгенімді де аңғармай
қалыппын. Мені қызылды-жасылды, экранның
әр жағындағы «өмір» өзіне жіпсіз
тартатын. Осы саланың қажеттілігі міне
елдегі ахуал, төтенше жағдайға тап
келген кезеңде аса байқалды, қашықтықтан
оқытылудың басты шешімі болып, қаншама
кезіккен қиындықтардан алып шыққаны
дәлел бола алады. Мұғалім
мен оқушы арасында қандай да қашықтықта
интернет ресурстарының сүйемелдеуімен
өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет
желілерінің көмегімен оқытыла бастады.
Ұстазым бізбен ғана емес, ата-аналарымызбен
ZOOM платформасы арқылы байланысқа шығып,
ортақ мәмілелер жүргізді. Колледж
қабырғасында мұғалімдердің тарапынан
жүргізілген интернет желілер, әр түрлі
платформалардағы сабақтар біздерге
өте үлкен көмек көрсетіп жатыр. Өте
қарапайым, қолжетімді және ақпаратталған.
Кері байланыс алу және беру оңай.
Қаншама
республикалық, облыстық, қала көлеміндегі
байқаулардан қашықтық негізде қатысып,
жүлделі орындарға ие болдық. Бұл саланың
қажетті мамандық екендігінің тағы бір
айғағы. Менің де таңдаған салам, өзім
сүйіп оқып жатырған мамандығым осымен
ерекшеленеді. Ақпараттандырылған
ғасырда озық технологияны сәтті пайдалану
– мамандықтың биік шыңы болмақ.
Ақын
Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай, «Өзіңді
өзің танысың-істің басы»деген екен.
Мен өзімді танып, алға қойған мақсат-тілектің
арқасында кім болатынымды, қандай іспен
шұғылданып, келешектегі игі істердің
орындаларына күмәнім жоқ, өз мамандығымның
хас шебері болу үшін бар күшімді,
білімімді арнайтын боламын. Мамандық
таңдаудағы менің сәтті қалауым болашақ
табыстарға қол жеткізер еңбекпен
шұғылдану, еліме пайда әкелер мықты
саланың білгір маманы атану, жемісті
еңбек ету. Менің мәртебем- менің
мамандығым. Менің мамандығым- менің
болашағым! Өз
мамандығым өмірімнің бір кірпіші,
болашағыма айқара жол ашар өмір кілті.
Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің сөзімен
айтсам: «Отанының болашағы, мемлекеттің
келешегі жастардың қолында, олардың
өрісті ойы, өркендісі, табанды тіршілігі
тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында
биік белестерге жетеді»,- дегендей, мен
өзімнің таңдаған мамандығымның арқасында
елімнің білгір маманы, еліме пайдалы
іс атқарамын деп қана емес, адам ретінде
де бақытқа кенелемін деген сенімді
тұжырымымды жүрегіме түйгенмін. Сүйікті
мамандыққа қол жеткізгенің үлкен бақытқа
кенелгенің. Армандау керек, армандар
орындалады...
Қадырғалиев
Асылан Қадырғалиұлы,
Жоғары
инженерлік-технологиялық
колледжінің
2 курс студенті
БҚО,
Орал қаласы