Сабақтың
тақырыбы:
Мамандықтар
Мақсаты:
Білімділік:
балалардың әртүрлі мамандықтар туралы
түсінігін қалыптастыру.
Баланың өзі ұнататын мамандығы жөнінде
түсінігін тереңдетіп, қызығушылығын
арттыру
Түзете
- дамытушылық: балалардың
қиялын
дамыта отырып тіл байлығын,сөздік қорын
молайту. Қолдың ұсақ моторикасын
дамыту.
Тәрбиелік:
әр маман иесінің еңбегін қадірлей білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
суреттер,
түрлі-түсті қамырлар, магнитті
құрастырғыштар, әр мамандық иесіне
сәйкес құралдар, сюжетті суреттер және
т.б
Ұйымдастыру
кезеңі.
Сәлемдесу
Жылулық
шеңбері
Табиғатым
тамаша,
Көз
тоймайды қараса
Сәлем
саған, Жер ана,
Сәлем
саған Нұрлы Күн.
Жаңа
сабақ
Мамандықтардың
түрі көп. Әр мамандықтың өз ерекшелігі
бар.
Суретпен
жұмыс
Аспазшы.
Аспазшы түрлі көкөніс, жеміс, ұн
өнімдерінен дәмді астар, тәтті тоқаштар,
бәліштер пісіреді. Олардың жасаған
тағамдары өте дәмді болады. Олар
тамақтардың көптеген түрін жасай
біледі.
Құрылысшы.
Құрылысшылар кірпіштен үлкен, көп
қабатты зәулім үйлер, ғимараттар соғады.
Олар үйлерді түрліше әсемдей біледі.Олардың
құрылыс жасағанда қолданатын өз
құрал-саймандары болады. Мысалы: шеге,
балға, ара, бұранда.
Дәрігер.
Дәрігер үлкендердің, балалардың
денсаулығын тексеріп, ауырғандарды
қадағалап, дәрі беріп, ине салып емдейді.
Дәрігердің көмегімен көп ауырған
адамдар жазылады.
Көлік
жүргізуші автобус, машина т.б көліктерді
жүргізетін адам. Олар адамдарды баратын
жерлеріне жеткізеді, мысалы: жұмысқа,
мектепке , балабақшаға.
Ойын
шарты:
берілген сурет ішінен әрбір мамандық
иесіне сәйкес келетін құралдарды табу.
Ойын
мақсаты:
балалардың ойлау қабілетін дамыту.
«Сен
өскенде кім болғың келеді?» ойыны
Ойын
шарты:
балалар бір-біріне доп лақтыру арқылы,
әр бала өскенде кім болғысы келетіні
жайында өз ойын айту.
Ойын
мақсаты:
балалардың ойлауын , байланыстырып
сөйлеуін, сөздік қорын дамыту.
Сергіту
сәті
Мен
көлікті жүргіземін вум-вум
Машинада
айдаймын бип-бип
Автобуста
айдаймын бип-бип
Мен
жүргізуші боламын бип-бип
Үздік
аспаз боламын,
Тағамдарды
аламын
Дәмді
асты пісіремін ням-ням
Кірпіштерді
аламын, зәулім үйлер соғамын,
Құрал
–сайман бәрінде, шегені де қағамын
Көп
күшпенен мен ертең, үлкен жігіт боламын
Көресіңдер
достарым, мен құрылысшы боламын
Мен
дәрігер болғанда,
Денсаулықты
тексерем,
Ауырғанды
емдеймін,
Дәрумендер
беремін
«Кім жылдам» ойыны
Ойын
шарты:
берілген суреттерге қараймыз, қай сурет
қай мамандыққа тән екенін жылдам атаймыз
.
Ойын
мақсаты:
балаларды шапшаңдыққа үйрету.
Тіл
ұстарту жаттығулары
Шы-шы-шы
үйді соқты құрылысшы
Гер-гер-гер
ақ халатты дәрігер
Ші-ші-ші
тасымалдайтын жүргізуші
Ойын
шарты:
магнитті құрастырғыштармен үй жасау
Ойын
мақсаты:
балалардың ойлау қабілетін , ұсақ қол
моторикасын дамыту.
«Тәтті
тоқаш» ойыны
Ойын
шарты: түрлі-түсті
қамырдан тоқаш жасау.
Ойын
мақсаты:
балалардың ұсақ моторикасын, сенсорлық
танымын дамыту.
Ойын
шарты:
педагог балалардан әр мамандықтың іс
қимылын әңгімелеп сұрайды. Мысалы: кім
аспазшы болғысы келеді?
Кім
дәрігер болғысы келеді?
Олай
болса кім құрылысшы болғысы келеді?
Ойын
мақсаты: балалардың
ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін,
сөздік қорын дамыту.
Қорытынды:
балаларды
мақтап, мадақтау.