400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

“Мамандықтар”

Материал туралы қысқаша түсінік
Метепалды топ балаларына арналған кіріктірілген ашық әрекет. Бес дағды,бес бөлім қамтылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған әрекетінің жоспар-конспектісі

Мектепалды тобы


Ұйымдастырылған әрекет

Қазақ тілі

Тақырыбы:

«Мамандықтар әлемі»»

Дағдылар

Оқыту міндеттері

Күтілетін нәтиже

Физикалық қасиеттерді дамыту

Балаларды белгіленген бағытты көздей білуге,ептілікке,шапшаңдыққа және қатарға тұруға үйрету.

Балаларды белгіленген бағытты көздей біледі,ептілікке,шапшаңдыққа және қатарға тұруға үйренеді.

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

Ауызекі сөйлеуді қарым- қатынас құралы ретінде дамыту. Қазақ тіліне тән қ, ү, ұ ,і, ә дыбыстарынан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Сөздік қорларын мамандық атауымен,тікұшақ,ұшақ, ұшқы,әуежай сөзімен толықтыру.Сурет бойынша қысқа әңгіме құрауға дағдыландыру.

Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта алады. . Сөздік қорлары мамандық атауымен,тікұшақ,ұшақ, ұшқыш,әуежай сөзімен толықты. Сурет бойынша қысқа әңгіме құрай алады.

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

Геометриялық фигуралар: дөңгелек, сопақша, ұшбұрыш, шаршы, дұрыс атап, оларды ажырата білуге жаттықтыру.

Геометриялық фигуралар: дөңгелек, сопақша, ұшбұрыш, шаршы, дұрыс атайды, біледі.

Шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

Балалардың өнер шығармаларын эмоционалды қабылдау қабілеттерін қалыптастыру. Ақ қағаздан ұшақ жасауға үйрету.

Балалар өнер шығармаларын эмоционалды қабылдайды, Ақ қағаздан ұшақ жасай алды.

Әлеуметтік- эмоционалды дағдыларды дамыту.

Мамандық әлеміне танымдық қызығушылығын арттыру,оларға құрметпен қарауға.әлеуметтік-эмоционалды ортада бір-бірімен сыйластықта әрекет етуге тәрбиелеу.

Мамандық әлеміне танымдық қызығушылығы артты,оларға құрметпен қарауға.әлеуметтік-эмоционалды ортада бір-бірімен сыйластықта әрекет ете алады.

Ресурстар:

Геометриялық пішіндер, фонарик, ЖИ , дөңгелек,таяқша, аудио жазба,мнемокесте, тікұшақ.

Жүру барысы:

Амандасу

1. Ұйымдастыру кезеңі: Балалар отырған жерге тікұшақты ұшырып алып келу.(Балаларды эмоциясы,сұрақ-жауап,тік ұшақ пен ұшақтың дыбысын тыңдату.)

Балалардан не екенін сұрау.Тікұшақ пен ұшақты кім жүргізетінін сұрау арқылы тақырыпқа түсу.

ПВХ-дан пішіндердің қасына алып келіп,әр пішіндегі жасырылған тапсырмаларды кезекпен орындау керектігін педагог түсіндіреді.

2.«Фонарик» ойыны Педагог балаларға ойынды ұсынып,шартын түсіндіреді.

Шарты:Алдарына қойылған ақ қағаздың ортасына жасырылған мамандық иесін және тікұшақ,ұшақтың,әуежай атауын тауып,оларды сипаттайды.Және балалардан тікұшақ пен ұшақтың қай түрі жылдам ұшатынан да сұрап,сыни ойлауға мүмкіндік береді,олардыңды пікірін тыңдайды.

ЖИ арқылы ұшқыш мамандығын көрсету арқылы балалардың жауабын пысықтау.

Тіл ұстарту жаттығуы:

Ұш-ұш-ұш- ұшқыш ұшты

Әу-әу-әу-әуелі әуежай

Тік-тік-тік- тікұшақ

3. Ойын «Мен ұшқыш боламын?» педагог сурет бойынша мамандыққа байланысты сөйлем құрап,әңгіме айтуын өтінеді.



4. «Додекаэдр» ойыны.

Шарты: Балалар додекаэдрді лақыртыру арқылы бетіне түскен мамандыққа сөйлем құрайды.Мыс: Мен дәрігер боламын.Ұшқыш ұшақпен ұшады.

5. «Мнемокесте» ойыны

Шарты: мнемокесте арқылы өлең жаттау.

Мен ұшақпын, ұшамын

Ақ бұлттарды құшамын

Асқар таудан асып

Бәрінен де озамын..

Көкке ұшамын - 
Ұшқыш болар баламын.
Соңына ерем
Ер ғарышкер ағаның

Рефлексия

«Ұшақ жасаймыз» ойыны

Шарты: Педагог балаларға қағаздан ұшақ жасауды өтінеді,бірге жасайды. Және де белгіленге бағытқа армандарын айта отырып ұшырады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
14
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі