Материалдар / «Мамандықтар әлемі»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Мамандықтар әлемі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: «Мамандықтар әлемі» 5-сынып.Қазақ тілі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2021
427
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Майкөл орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Мұқашев Қ.С.

Сабақтың тақырыбы: «Мамандықтар әлемі» 5-сынып.Қазақ тілі.

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру,ойлау қабілеттерін шыңдау.
Тәрбиелік: алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу.

Көрнекі құралдар:интерактивтік тақта, «Мамандықтар»презентациясы,тірек-сызбалар,сөзжұмбақ «Мамандық»,таблица-сызбалар,тірек сөздер.

Сабақтың барысы

1.Сабақтың тақырыбын,мақсатын таныстыру: -Бүгін сабақта мамандық туралы алған білімімізді әрі қарай тереңдете түсеміз,әр түрлі шығармашылық тапсырмалар орындаймыз. Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Біз олардың қаншасы туралы білеміз?

2.Сурет бойынша мамандықтың аттарын айтып шығу: Шопан, экономист, малшы, инженер, ғалым, дәрігер, мұғалім, менеджер, заңгер. Жазушы, әнші, суретші, тілші, агроном, мал дәрігері, құрылысшы, тракторшы, геолог, биші, ұшқыш, сағат шебері, балықшы, сатушы, сауыншы, бағбан, мүсінші, сәулетші, аспаз, балташы, мақташы , шаштараз, зергер, жорналшы, аудармашы, сырнайшы, әртіс, режиссер.

3.Оқушыларға пайдалы мәлімет:
Мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:

адам – адам, адам – белгі жүйесі, адам – табиғат, адам – техника, адам – көркем образ.

Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипатамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу.

Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой-өрісі өте кең болу керек.

Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді.

Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын мамандықтар жатады.

Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актер

4. Мамандықтарды типке бөлу:Сендерге берілген мамандық атауларын түрлеріне қарай бөліп жазып шығыңдар: мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкир, бухгалтер, ғалым, ЭЕМ операторы, зертхана мен ғылыми орталық қызметкері, мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторисшы, эколог, ұшқыш, матрос, электромонтер, слесарь, архитектор, дизайнер, суретші, әнші,актер.

адам – адам


адам – белгі жүйесі

адам – табиғат

адам – техника

адам – көркем образ.










5.Ең,нағыз мамандық түрлерін атау:

«Ең, нағыз..» деп аталатын ойын ойнап көрейік. Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылатын болады, ал сендер берілген мінездемеге барынша сәйкес келеді деген мамандықтарды атауыңыз керек.
- Ең жасыл мамандық---(
эколог,бағбан,орманшы)
- Ең тәтті мамандық---(кондитер, кәмпит сатушы,аспаз)
- Нағыз ақшалы мамандық ---(банк
қызметкері,экономист)
- Нағыз бала мамандығы--- (тәрбиеші, мұғалім,бала дәрігері)
- Ең күлкілі мамандық--- (клоун, пародист.) -Ең шашты мамандық---(шаштараз)
- Нағыз адамдармен көп араласатын мамандық ---(журналист, экскурсовод, тренер, мұғалім) - Нағыз жауапты мамандық (сапер, хирург, тыңшы, милиционер,заңгер, сот,психолог)

6. «Бұл қандай мамандық?»мамандық түрін ыммен,қимылмен көрсету,қай мамандық екенін табу.

Екі топқа қағазға жазылған мамандық атауы беріледі,әр топ осы мамандықты ыммен,қимылмен көрсетуі керек: І топ-хирург,астролог,суретші. ІІ топ –шаштараз,тіс дәрігері,тігінші.

7.Қандай мамандыққа керекті құралдар екенін ажырату:құрал-жабдықтардың суреттерін көрсету арқылы мамандық түрін анықтау.

8.Кім қайда оқиды?:Сөздерді сәйкестендіру

Мамандық

Оқу орны атауы

Дәрігер

Медициналық институт

Мұғалім

Педагогикалық институт

Есепші

Сауда институты

Әртіс

Өнер институты

Кенші

Индустриалдық институт



9.Диалог: «Кім не істейді?»І топ пен ІІ топ арасында сұрақ-жауап,өзара сөйлесу:

Кім балаларды оқытады? Жүргізуші не істейді? Кім тамақ пісіреді? Наубайшы не істейді? Кім үй салады? Шаштараз не істейді? Кім азық-түлік сатады? Әнші не істейді? Кім балық аулайды? Биші не істейді?

10.Аудирование: қазақша мәтінді тыңдату,түсінгенін орысша айтқызу: Дәрігер адамды емдейді.Аспаз тамақ дайындайды.Кондитер торт жасайды.Суретші сурет салады. Сатушы зат сатады.Ғарышкер ғарышқа ұшады.Сәулетші жоба жасайды.Биші би билейді. Футболшы доп ойнайды.Механик машина жөндейді. Ұшқыш ұшақпен ұшады.Даяшы тағам тасиды.Құрылысшы үй салады.Бояушы бояйды.Бастық жұмысты басқарады.Хатшы бастықтың көмекшісі.Менеджер-офис қызметкері.Есепші ақша есептейді.Режиссер кино түсіреді.Сақалшы сақал қырады.Барменші барда жұмыс істейді.Археолог қазба жұмысын жүргізеді.Тілші сұхбат алады.

11.Сөздерге жұрнақты дұрыс жалғау:-шы,-ші

-шы

-ші

Жұмыс

Ән

Құрылыс

Сурет

Сату

Етік

Трактор

Жүргізу

Сауын

Би



12.Бір сөзден сөйлемдер құрау: І топ:Тігінші

ІІ топ:Аспаз

13.Сөйлемнің «Дұрыс,не бұрыс» екенін табу: І «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.
Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді.
Қойшы балаларды оқытып жүр.-
Жүргізуші машина жүргізеді +
Аспазшы үй салып жүр. -
Дәрігер адамдарды емдейді. +
Жазушы хат, газеттер тасып жүр. -
Дәрігер етік тігіп отыр. -
Мұғалім балаларды емдеп жүр.-
Ұшқыш әдемі киім тігеді. -
Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.+
Суретші сахнада ән айтып тұр.-

14.Сөзжұмбақ шешу:


м

ұ

ғ

а

л

і

м



а

с

п

а

з





о

р

м

а

н

ш

ы





ш

а

ш

т

а

р

а

з



н

а

у

б

а

й

ш

ы


д

ә

р

і

г

е

р


қ

ұ

р

ы

л

ы

с

ш

ы




ұ

ш

қ

ы

ш








15.Монолог: «Менің ата-анамның мамандықтары»

16.Шағын шығарма жазу: «Кім болғым келеді?»

17. «Нағыз маман» иелері туралы презентация

18.Қорытынды.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!