|
Ақкемер ЖББОМ |
|
Мамандықтар әлемінде |
|
Ашық іс-шара |
|
Өткізген: Танашева Г.У. Сыныбы 11
2024-2025 оқу жылы |
«Мамандықтар әлемінде» атты ашық іс-шара
Іс-шараның мақсаты:
Оқушылардың командалық қарым-қатынас және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушыларға өздеріне сәйкес мамандықты таңдауға көмек көрсету;
Қатысушыларға мамандық таңдау барысында маңызды факторларды түсіндіріп, кәсіби бағыт-бағдар беру.
Іс-шара барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе сөз, сарапшылар мен қатысушыларды таныстыру.
Іс-шараның мақсатын түсіндіру.
Қатысушыларды мамандықтар әлеміне шақыру.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Ойын-баттл: "Әріпті мамандық"
Шарты: Әр оқушы өзінің атының бас әріпінен басталатын мамандық атауын айтады. Ойын барысында мамандықтарды ойлап тауып, шығармашылық қабілеттерін дамиды. Айтылған мамандық бойынша 4 топқа бөлінеді.
1-топ «Әлеуметтік сала мамандықтары»
2 - топ «Мәдени сала мамандықтары»
3 – топ «Экономикалық сала мамандықтары»
4 – топ «Басқару сала мамандықтары»
Мамандықтар туралы ақпарат
-
Мамандықтар әлемінің кең ауқымы туралы презентация.
-
Әр түрлі мамандықтар: шығармашылық, инженерлік, медициналық, қаржылық, ақпараттық технологиялар және тағы басқа.
-
Қазіргі зама\на сай мамандықтар мен болашақтағы тенденциялар.
Профориентациялық жаттығу «Ұйқыдағы қала»
Жаттығу барысында оқушылар өздерін оқуды аяқтаған жас маман ретінде елестетеді. Үлкен қалаға жолдамамен келіп бір жерде тоғысады. Алайда, қаладағы барлық тұрғындар ұйқыға кетіп, қалада ешкім жұмыс істемей қалады. Қатысушыларға тұрғындарды оятып, қаланы дамыту.
«Ұйқыдағы қала» жаттығуының идеясы — қаланың «ұйықтап» қалуы, ал қатысушылардың сол тұрғындарды, қаланы «ояту» үшін креативті шешімдер ойлап табуы қажет. Олар қаланы «ояту» үшін не істеу керек екенін ойлап табуы керек. Оларға қандай дағдылар мен құрал-жабдықтар қажет екенін түсіндіріп, қаладағы жағдайды өзгерту жолдарын іздеуі қажет.
Әр топ өз тапсырмасын орындап, қаладағы «ұйқыдағы» тұрғындарды ояту үшін қандай әрекеттер жасалатыны туралы өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар қандай мамандықтар маңызды екенін, әр мамандықтың қандай рөлі бар екенін және қандай дағдылар мен қасиеттердің қажет екенін талқылайды.
Топтардың презентациясы
-
Әр топ өз жұмысының нәтижесін басқа қатысушыларға таныстырады.
-
Сонымен қатар, олар қаладағы әр мамандықтың маңыздылығын түсіндіреді.
-
Жаттығудың соңында, барлық топтардан «ұйқыдағы қала» туралы алған әсерлері және әр мамандықтың қоғамда алатын орны туралы пікірлерін талдайды.
-
Бұл жаттығу қатысушыларға әртүрлі мамандықтардың маңыздылығын түсінуге және өздерінің қызығушылықтары мен дағдыларына сәйкес келетін мамандықты таңдауға көмек көрсетеді.
Кері байланыс «Ашық микрофон»
Сарапшылар мен кәсіби кеңесшілердің жауаптары.
Мамандықты таңдау бойынша кеңес беру сессиясы
Оқушыларға алдын-ала алынған тұлғалық тест нәтижесі бойынша олар қандай тұлғалық типке жататыны, қасиеттері туралы айтылып сәйкес келетін мамандық туралы кеңес берілді. Мамандық таңдау бойынша ұсыныстар.
Іс-шараның қорытындысы
-
Қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары.
-
Іс-шараның нәтижелерін қорытындылау.
Іс-шараның жабылуы және қатысушыларды алдағы уақытта мамандықтарын таңдау жолында сәттілік тілеу.
«Мамандықтар әлемінде» атты іс-шараға анықтама.
28.11 күні «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында 11сынып оқушылары арасында «Мамандықтар әлемінде» атты ашық іс-шара өткізілді. Шара оқушыларға мамандық таңдау процесіне бағыт-бағдар беріп, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналды. Іс-шараның негізгі мақсаты — қатысушыларға түрлі мамандықтар туралы ақпарат беру, өздеріне лайық мамандықты таңдауға көмектесу және мамандықтар әлемін кеңінен таныстыру. Сонымен қатар, іс-шара барысында қатысушыларға командалық жұмыс және ынтымақтастық дағдыларын дамытуға мүмкіндік берілді.
Іс-шараның құрылымы бойынша қатысушылар әр түрлі мамандықтар туралы ақпарат алып, түрлі ойындар мен жаттығулар арқылы мамандықтарды тереңірек түсініп, өз мүмкіндіктері мен қызығушылықтарына сәйкес мамандық таңдау туралы ой қозғады. Іс-шарада «Әріпті мамандық» ойыны, «Ұйқыдағы қала» жаттығуы және кәсіби кеңес беру сессиялары ұйымдастырылды.
Бұл іс-шара оқушылардың мамандық таңдау барысындағы сенімділігін арттыру, олардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыттау және жаңа, қызықты әрі өзекті мамандықтармен таныстыру мақсатында өткізілді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Мамандықтар әлемі"

шағым қалдыра аласыз