400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандықтар әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандықтар әлемі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түлкібас ауданы Б.Садықов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылы 7-қазанында кәсіптік бағдар беруші педагогы Молдақұл Ұлжалғастың ұйымдастыруымен «Еңбегі адал - жас өрен» жобасы аясында «Еңбек түбі береке» тақырыбында 1 – сынып оқушыларымен әңгіме сұхбат жүргізілді

Іс – шараның мақсаты: Балалардың мамандық туралы түсініктерін дамыту, кеңейту. Мамандық ерекшеліктері мен пайдасын ажырата білуін үйрету. Балалардың сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуін жетілдіру. Тілін дамытып, әр бала өз ойын еркін айта білуге дағдыландыру. Әр мамандық түріне керек құралдарын білуге үйрету. 


Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, педагогикалық баға беру, мақтап-мадақтау. 
Пайдаланған көрнекі құрал: мамандық туралы суреттер, кітапшалар, диск, теледидар, ойынға керекті көрнекіліктер, мамандыққа байланысты қуыршақтар
Сабақ барысы
Мұғалім: - Есік қағып тұрғандай, балалар, бұл кім екен, көріп келейін (көңілсіз болып Дымбілмес келеді). 
- Сәлеметсің бе, сен кімсің? 
- Мен Дымбілмеспін. 
- Сен неге көңілсіз болып тұрсың, төрлет. 
- Мен түк те білмеймін, мен үлкейгенде кім болатынымды білмеймін, ешқандай мамандықты білмеймін. 
- Ренжіме, біздің балалар саған көмектесіп көрсін. Жүр, мына жерге отыр. Балалар саған тақпақ айтып берсін, сен не туралы екенін айтып көр. 
- Жарайды. 
1-бала: Қарап тұрсаң не керек, 
Елдің бәрі жұмыста. 
Гүл сорады көбелек, 
Дән тасиды құмырсқа. 

2-бала: Біз ұшқыш та, ғарышкер, 
Батыл жандар намыскер, 
Көк күмбезін құшамыз, 
Ғарышқа да ұшамыз. 

3-бала: Біз дәрігер, дәрігер, 
Ауруды емдеп жазамыз. 
Науқас келсе, әбігер, 
Боламыз да қаламыз. 

4-бала: Біз мұғалім, ұстазбыз, 
Игі істерге құштармыз. 
Білім беріп шәкіртке, 
Шақырамыз тәртіпке. 

- Дымбілмес, тақпақ не туралы? 
- Білмеймін. 
- Ата-анаң қайда жұмыс істейді? 
- Ендеше біздің балалар өз ата-аналары туралы айтып берсін.


- Менің анам – дәрігер, мұғалім, тәрбиеші т.б. 
- Дәрігер не істейді? Мұғалім деген кім? т.б. (кітаптар бойынша айтып беру) 
- Дәрігер, мұғалім қандай болу керек? 
- Мейірімді, ұқыпты, әдепті. 
- Сен өзіңе мамандық таңдадың ба? 
- Білмеймін. 
- Ендеше теледидарға назар аудар. Иә, қандай мамандықтар бар екен? 
- Біз бойымызды жазып сергіп алайық. 
Сергіту сәті: Анам менің сауыншы, 
Апам менің сауыншы, 
Әкем менің қауыншы, 
Атам болса ол ұста, 
Бәрі-бәрі жұмыста, 
Отырмаймын мен текке, 
Кеттім мен де мектепке. 
- Ал, Дымбілмес, біздің балалармен бірге «Мамандықтың бәрі жақсы» ойынын ойнап көр. 
- Жарайды. 
- Балалар, біз Дымбілместі жаңылтпаштар арқылы жаңылдырып көрейікші. 
5-бала: Орманбай – аңшы. 
Марқабай – малшы. 
Тұра қап алшы, 
Құрығыңды суға малшы. 

6-бала: Ғарышкер ұшты ғарышқа, 
Ғарышқа ұшты ғарышкер, 
Айтшы, ғарыш алыс па? 

7-бала: Наубайшы Науан нан пісірген, 
Нан пісірген наубайшы Науан, 
Нанға нәр берген. 

8-бала: Ас аспай, 
Бас аспазшы, 
Ас асты, 
Жас аспазшы. 
Дымбілмес шатасты. 
- Балалар, біздің мектеп жанынан қуыршақтар өтіп бара жатып біздің топқа келіпті. Сендермен «Тығылмаш» ойынын ойнағысы келіп тұр. 
Ойын «Тығылмаш» 
Ойын барысы: қуыршақтар кезекпен тығылып қалады. Балалар көздерін ашып, қай мамандықтағы қуыршақ жоқ екенін табу керек, ойынды 2-3 рет ойнату. 
Рефлексия. 
Тігінші қыстық киім тігіпті, түймесін тағуды ұмытып кетіпті. Егер сендерге сабақ ұнаса, қызыл түсті түйме тағыңдар, ұнамаса көк түсті түйме тағыңдар. 
Дымбілмес: - Міне, мен көп білім алдым. Өскенде кім болатынымды білдім. Сендерге рахмет, мына сыйлық сендерге, мына дәрігер саған, мына мұғалім саған. 
- Сау болыңдар! (Дымбілмес кетеді) 
Шеңберге тұрып: Мамандықтың жақсы бәрі, 
Армандай біл таңда да, 
Бір мамандық ап шығады, 
Күні ертең бар бала. 

! . «Бұл кім» кәсіби бағдар ойыны.
Қазір мен сендерге әртүрлі мамандықтар айтамын, ал сендер секунд ішінде жолдастарыңызға қарап аталған мамандық көбірек кімге үйлесетінін іштей анықтайсыңдар. Сосын не себепті сол адамға таңдағандарыңды және не себепті сол мамандыққа сәйкес келетіндігі туралы өз ойларыңды жеткізесіңдер.
Мұғалім, жүргізуші, дәрігер, тігінші, әнші, журналист, спортшы, програмист, эколог, заңгер.

Қорытынды: Әбунасыр әл Фараби «... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді... жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген

Мұғалім: Қол ұстасып тұрайық, 
Шеңберді біз құрайық. 
Көріскенше күн жақсы, 
Сау-саламат болайық































































Shape1 Shape2 Shape3 Shape4 Shape5



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.11.2025
48
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі