Мамандықтар әлемі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандықтар әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жасына дейінгі балалардың мамандықтармен танысып, сол бойынша шығармашылық жұмыстар жасауы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісу облысы

Қаратал ауданы

«Балбөбек» бөбекжай-балабақшасы



















« Мамандықтар әлемі»





Жақсыбекова А.Б



















2025 жыл

Тақырыбы: «Мамандықтар әлемі»

Мақсаты:

• Балаларды түрлі мамандықтармен таныстыру;

• Аспазшы, тігінші, құрылысшы, суретші мамандықтарының еңбегін құрметтеуге баулу;

• Тәжірибе арқылы ұжымдық еңбекке баулу.



Көрнекіліктер мен құралдар:

• 1-топ (Аспазшылар): дайын қамыр, қызанақ тұздығы, ірімшік, шұжық, көкөністер (бұрыш, қызанақ), қолғап, пышақ (тәрбиеші қолданады), пеш (немесе бала-бақшадағы электр пеш).

• 2-топ (Құрылысшылар): лего конструктор, каска, макет суреттері.

• 3-топ (Тігіншілер): картондағы сурет, пластмасса ине, түрлі түсті жіптер.

• 4-топ (Суретшілер): мольберт, картон, қылқалам, саусақ бояу, губка.

Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеші: Балалар бүгін қызықты ұйымдастырылған іс-әрекет өтуге келдік. Бізге көп қонақтар келіпті. Бәріміз келген қонақтарымызбен амандасып алайық!

-Сәлеметсіздерме!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, енді біз бүгін қызықты саяхатқа шығамыз, «Мамандықтар әлеміне» саяхат жасаймыз. Алдымен экранға назар аударайық.

Балалар біз бұл видео арқылы көптеген мамандықпен таныстық. Ендеше, саяхатымызды бастайық.

Топтық жұмыс



Негізгі бөлім



1-топ – «Аспазшылар» (пицца жасайды)

Мақсаты: тағам дайындау үдерісімен таныстыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Барысы:

1. Тәрбиеші қауіпсіздік ережесін түсіндіреді:

«Пышақты тек тәрбиеші қолданады»,

«Қолғап киеміз»,

«Тазалық сақтаймыз».

2. Балалар дайын қамырды жайып, үстіне тұздық жағады.

3. Ірімшік, көкөніс, шұжық салады.

4. Тәрбиеші пиццаны пешке салады.

5. Пісіп шыққан соң балалармен бірге дастарқан жасап, «аспазшы» ретінде пиццаны ұсынады.

6. Әр бала өз жұмысын мақтан тұтады:

«Біз пицца жасадық, дәмді әрі пайдалы!»

2-топ – «Құрылысшылар»

• Лего конструктордан үй, көпір немесе мұнара салады.

• Бірге ақылдасып жұмыс істейді.



«Біздің үй мықты, ішінде бәрі тұра алады!»

3-топ – «Тігіншілер»

• Балалар қағаздағы суретке пластмасса ине мен жіппен тігіс жүргізеді.

• Қауіпсіздік ережесін есте сақтайды: инені ауызға салуға болмайды.



«Біз көйлек тіктік, енді оны киюге болады!»



4-топ – «Суретшілер»

• Мольбертке қойылған картонға түрлі әдіспен сурет салады: саусақпен, қылқаламмен



«Біз мамандықтар әлемін бейнеледік!»

Сергіту сәті: «Қимылды қайтала»

Қорытынды бөлім



Барлық топ өз жұмыстары туралы өз ойларын айтады.

Тәрбиеші:

Әр мамандықтың еңбегі маңызды.

Бүгін сендер аспаз, құрылысшы, тігінші, суретші болып көрдіңдер. Жарайсыңдар, балалар!

Жалпы сұрақтар:

1. Бүгін қандай мамандықтармен таныстық?

2. Осы мамандардың еңбегі не үшін керек?

3. Барлық мамандықтар маңызды ма? Неге?



Аспазға қатысты:

1. Аспаз не істейді?

2. Аспазға қандай құралдар керек?

3. Тамақ пісіру үшін қандай қасиет қажет?

Тігіншіге қатысты:

1. Тігінші қандай киімдер тігеді?

2. Тігінші қандай құралдармен жұмыс істейді?

3. Тігінші болмаса бізге не жетіспес еді?

Құрылысшыға қатысты:

1. Құрылысшы не салады?

2. Құрылысшы қандай құралдарды пайдаланады?

3. Үй салу оңай ма? Неге?

Суретшіге қатысты:

1. Суретші не істейді?

2. Сурет салу үшін не қажет?

3. Суретші болсаң не салар едің?

Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Қай мамандық саған ұнады? Неліктен?

2. Өсіп үлкен болғанда кім болғың келеді?

3. Мамандықтар бір-біріне көмектесе ме?

4. Мамандық иелерінің еңбегін қалай құрметтейміз?

Болашақтан хат: Балалардың болашақ мамандықтары туралы видеоролик көрсетіледі

? Күтілетін нәтиже:

• Балалар мамандықтармен танысады;

• Шынайы тағам жасауды байқап көреді;

• Еңбек дағдылары қалыптасады;

• Өз еңбегіне қуанады.



https://www.instagram.com/reel/DRJr4h7jXQI/?igsh=cTluNmFldGJ6N2Zv



17.11.2025 ЖЫЛ

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі