400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мамандықтар әлемі »

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды мамандықтар түрлерімен таныстыра отырып, әр мамандықтың иесінің пайдасы мен қызметі туралы түсініктерін қалыптастыру. Балалардың зейінін, ақыл-ойын, логикалық ойлау қабілетін ,өзін-өзі бағалай білу қабілетін дамыту. Бір-біріне достық қарым-қатынасқа қол үшін беруге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мамандықтар әлемі »

Мақсаты: Балаларды мамандықтар түрлерімен таныстыра отырып, әр мамандықтың иесінің пайдасы мен қызметі туралы түсініктерін қалыптастыру. Балалардың зейінін, ақыл-ойын, логикалық ойлау қабілетін ,өзін-өзі бағалай білу қабілетін дамыту. Бір-біріне достық қарым-қатынасқа қол үшін беруге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, тапсырмалар ,ғажайып сәт,ойын.

Керекті құралдар: Желкенді қайық , слайд суреттері,интерактивті тақта,үлестірмелі тапсырмалар.

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты,

Жарқырамыз қаламыз,

Жарқырасын бақшамыз,

Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң апайлар!

Тәрбиеші:

-Құрлысшы үй салады. Тігінші киім тігеді.Бірақ тігіншінің тігетін баспанасы болмаса ,ол не істер еді?

Ал, құрлысшының жұмыс жасайтын киімдерін тігінші тікпесе не істер еді?

-Балалар қалай ойлайсыңдар, егерде барлығы жұмыс жасамаса не болар еді?

Балалар:

-Біз үйсіз қалар едік, тігінші киім тікпесе, киімсіз қалар едік,аспазшы тамақ пісірмесе, аш қалар едік.т.б.

Тәрбиеші:

-Дұрыс айтасыңдар балалар,онда біз өмір сүре алмас едік.

-Біз қәзір мамандар еліне саяхатқа атанайық. Біздің саяхаттайтын жолымыз жақын емес,қандай көлік түрлерімен аттансақ болады.

Балалар:

-Машинамен, автобуспен, поезд, ұшақ,кемемен.

Тәрбиеші:

-Саяхатқа аттанбас бұрын ойлау қабілетімізді кішкене жаттықтырып алайық.

1.Тәп-тәтті тамағы ,астардың маманы?(аспазшы)

2.Кірпіштен үлкен үй салады,ол адам кім болады?(құрылысшы)

3.Қай жерің аурып тұр,ыстығыңды өлшейін?(дәрігер)

4.Балмұздақ сатамын,кім алады?(сатушы)

Тәрбиеші:

Олай болса балалар біз саяхатқа кемемен аттанайық.Саяхатқа шықпас бұрын тілімізді жаттықтырып алайық. Тілімізге жаттығу жасайық.Біздің кемемізді жүргізетін жел керек.

(Балалар жел болып кемені үрлейді)

- Енді кемеміз дайын болды,біз кімсіз аттана алмаймыз?

Балалар:

-Кеме жүргізушісіз.

1.Бала:

-Мен кеме жүргізуші боламын .(Дүрбімен қарап )Бірінші оңға қараймыз,сосын солға қараймыз.(Балалар көңілді ән айтады)

Ән:«Біз көңілді баламыз»

Тәрбиеші:

-Балалар қараңдаршы, біреу суға батып бара жатқан сияқты.Бұл аю ғой.(дүрбімен қарап)

Өзінің желкенді қайығы да сынып қалған.Оның жағдайы нашар ,бізге кім көмекке келер екен.

Балалар:

Тыңдаушысы мойнында,

Өлшеуіші қолында,

Аққалатты дәрігер,

Әр қашанда орнында.

Маңдайымызды ұстайды,

Жүрегімізді тыңдайды,

Аузымызға қасық сап,

А -деп айт деп ымдайды.

-Бір,екі,үш,төрт (қолымен аяғына жаттығу жасайды)

Слайд аурухана.

Тәрбиеші:

-Балалар біз мына ғимаратқа келіп қалыппыз.Бұл жерде кімдер жұмыс жасайды екен? (Дәрігер)

Дәрігер:

-Салематсыздар ма,мен дәрігермін!

-Мен сендермен ойын ойнаймын.

Ойын:«Кім қайда болды және не ұмытты ?»Шарты:балалар екі топқа бөлініп, сұрақтарға жауап береді.

Слайд ағаш үй.

Тәрбиеші:

-Балалар қараңдаршы, біз тағы бір үйге келіп жеттік.Бұл кім екен?

Балалар:

-Құрлысшылар.

Ұста:

-Сәлематсыздар ма,мен ұстамын! Мен сендерге желкенді қайықты жөндеуге көмектесемін. Балалар алдарыңдағы қағаздарды , балмұздақ таяқшаларын алып желіммен желкенді қайық жасауға кірісіңдер. (Балалар жасап болған жұмыстарын кеменің қасына әкеліп қояды)

Тәрбиеші:

-Қараңдаршы балалар ,біз тағы бір жаққа жүзіп келіп қалыппыз.Бұл жерде кімдер жұмыс жасайды екен?

Слайд наубайхана.

Аспазшы:

-Сәлематсыздар ма,мен аспазшымын!Балалар шеңбер жасап серігіп алайық.

Бейне таспадан сергіту жаттығуын орындайды.

Тәрбиеші:

-Қараңдаршы бұл жерде кімдер жұмыс жасайды екен?(Слайд тігін шеберханасы)

Тігінші:

-Салематсыздар ма балалар,мен тігінші боламын!Мен сендерге тігіншінің тігісін көрсетемін.Алдарыңдағы үлестірмелі қағаздарыңыз бен фломастеріңізді алып жұмысты бастайық.(Слайдтағы тігістерді яғни тапсырмаларды балалар орындайды)

Тәрбиеші:

-Балалар енді орындарымыздан тұрып ,кемемізге отырайық,балабақшамызға оралайық.

Ән:« Біз көңілді баламыз»

Тәрбиеші:

-Балалар, бүгінгі саяхатымыз сендерге ұнады ма?

Балалар:

-Ұнады.

Тәрбиеші:

-Ендеше үлестірмелі қағаздарымызды алдарыңа алып, мына суреттегі мамандарға қажетті заттарын шеңбермен қоршап сызыңдар.(Балалар тапсырманы орындайды)

Тәрбиеші:

-Балалар ,біз бүгін қандай мамандықтар еліне саяхатқа шықтық?

Балалардың жауаптары.

Тәрбиеші:

-Бізге аспазшы мынадай тәттілер пісіріп берді.Келіп алыңдар.Сау болыңдар!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі