400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандықтар әлемі. Тәрбие сағат.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы






Іс шараның тақырыптары:

«Мамандықтар әлемі»

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Исабай Гүлзира

Күні:


Сынып:

9 «Ғ »

Сабақтың мақсаттары:

Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру


Құндылық:

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік.

Түрлі мамандықтар мен олардың қызмет ерекшеліктерінзерттеуге қызығушылық таныту.

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Психологиялық ахуал туғызу Жұмбақ шешу Ұрсаң қатты зырлайды, Жерге қарғып тұрмайды. Абайлаңдар, балалар, Жолда ойнауға болмайды. Шешуі: доп «Допты қағып ал» әдісі бойынша допты лақтыра отырып, сұрақтарға жауап алу, назарларын сабаққа аудару, қызығушылықтарын туғызу.

Жұмбақты шешеді Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беріп, диалогқа қатысады. Сыныпта жағымды ахуал қалыптасады.

ҚБ Мадақтау, қолдау

доп




















Сабақтың ортасы

20 минут

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе.

Көптеген жоғары сынып оқушылары өздерінің іскерліктері мен қабілеттерін дұрыс тани алмай, мамандық таңдауда көптеген кедергілерге ұшырайды.

9 - 11 класс оқушыларының алдында тұрған басты мәселе - болашақ мамандығын таңдау. Ал мамандықты дұрыс таңдау - ол өмір жолының сәттілігінің негізі.

Тренинг

Әр оқушы орнынан тұрып өз тілектерін айтады, яғни осы оқушылардың айтылған жақсы тілектері сыныбымызға, сыныбымызға қатысып отырған адамдарға жақсы көңілмен таралады деп білеміз.

Мамандықты таңдау туралы не білеміз?

Мамандық таңдау дегеніміз не? Осы сұраққа жауап беру үшін біз бүгінгі пікір алмасу сабағымызды ұйымдастырып отырмыз.

Сабағымыз 7 кезеңнен тұрады,
1. «Менен сұрақ, сенен жауап».
2. «Мамандық әлемі».
3. «Ең жақсы» ойыны.
4. «Қазіргі заманның әрі тапшы, әрі табысты мамандары»

1. «Менен сұрақ, сенен жауап».

Әңгімелесу

1. Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадыңыздар ма?
2. Сен ол мамандық туралы не білесің?
3. Мамандық таңдамауыңның себебі неде?
4. Сенің мамандық таңдауына кім әсер етті?
5. Қай жақта оқығанды ұнатасың?
6. Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласын ба?
7. Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?



Оқушылардың жауаптары тыңдалып, қысқа талдау жасалады.



Балалар, қазіргі кезде мектеп бітіруші түлектердің ең жиі таңдайтын мамандықтары мынандай екен:
• заңгер
• аспазшы
• аудармашы
• мұғалім
• менеджер
• ветеринар
• программист
• инженер
• банк қызметкері
• дизайнер
• экономист
• дәрігер
• психолог
• тәрбиеші
• бизнесмен
• құрылысшы



Статистикаға сүйенсек, Қазақстанның ЖОО бірінші студенттерінің

28% өз таңдауларына көңілдері толмай, сол мамандықты таңдағанына өкінген екен. Сұрастыра келе, мамандықты таңдауда олардың:
1. 30% - ата - анасының, мұғалімдердің кеңесіне сүйенген екен;
2. 44% - үйеріне жақын аймақты таңдаған екен;
3. 12% - қазіргі таңда «модно» деген мамандықтары таңдаған;
4. 14% - мамандығын ең соңғы сәтте таңдағандары белгілі болыпты.


- Сондықтан да, құрметті оқушылар дәл қазір дұрыс таңдау жасау мәселесіне көңіл бөлейік. Мұқият тыңдап, сұрақтарың болса, түртіп отырыңдар. Сабақ соңында туындаған сұрақтарды талқылайтын боламыз.



2. «Мамандық әлемі».

Статистикалық зерттеулер бойынша, әлемде 40 мыңға жуық мамандық бар көрінеді.

Мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:
1. «Адам - Табиғат» аймағы
2. «Адам - Техника» аймағы
3. «Адам - Адам» аймағы
4. «Адам - Белгілер жүйесі» аймағы
5. «Адам - Көркемдік бейне» аймағы


Осы мамандықтар әлемінде дұрыс таңдау жасай алуы үшін балаларды «Мамандық таңдау формуласымен» таныстырады.
Талдау, қорытындылау:

«Қалаймын», «Қолымнан келеді» және «Қажет» - осы үшеуін бір - бірімен үйлестіре алсаң, сенің кәсіби таңдауың өте сәтті болмақ.
Сенің міндетің – келесі талаптарды орындайтын мамандықты таңдау:
• Сен үшін мамандығың қызықты және тартымды болуы қажет;
• Сенің қабілеттеріңе сәйкес келуі қажет;
• Еңбек нарығында сұранысқа ие болуы қажет.

3. «Ең жақсы ойыны».


Ең ақшасы көп ...................(банк қызметкері, экономист).
Ең жасыл ............................(эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші).
Ең тәтті ...............................(аспаз, кондитер).
Ең күлкілі ...........................(клоун, карикатурашы).
Ең жауапты ........................(сот, бухгалтер).
Ең салмақты .......................(мұғалім, заңгер).
Ең қарым-қатынасы күшті ...............(биснесмен).

Ең қиын мамандықтар …....... ( өрт сөндірушілер, ұшқыштар, теле- және радиожүргізушілер, мұғалімдер, медицина және әлеуметтік қызмет саласының мамандары, шахтерлар, жедел жәрдем қызметінің диспетчерлері, мереке ұйымдастырушылар мен әуе диспетчерлері)

Ең қажет етілетін мамандар (инженерлер, IT саласының мамандары, нанотехнология саласының мамандары, маркетологтар, қызмет көрсету бойынша мамандар, логистер, экологтар, дәрігерлер, химиктер)

Ең қызықты мамандар …... ( гольф алаңыда доптарды жинап, ойынға қайта қосушы, жиһаз сынаушы шебер, пингвин бұрушы мамандығы, ми алушы, қолтық иіскеуші)



4. «Қазіргі заманның табысты мамандары».


Жүргізуші: Біз оқушылар еліміздің Тәуелсіздігінің тұғыры мықты болу ушін өз үлестерімізді қосуымыз қажет мектепті жақсы аяқтап қазіргі заманға лайықты мамандық иесі болуымыз қажет.


Аниматор – суретке жан бітіруші. Мультипликатор – мультфильмдерге арналған суреттер салушы. 3D-аниматор – үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер. Мұндай мамандар мультфильмдерді және арнайы эффектілер мен телевидениеге арналған заставкаларды жасайды. Қазіргі таңда кинолар мен мультфильмдер, телеарналар осынысымен өтімді болып отыр.


Витражист – көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.



Декоратор – түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірімдеріне арнайы сурет, графика. Сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру құрылғыларын орнатушылар. Бүгінде біздің театрларымыздың сахналары әлі ескі үлгімен жасалған. Ал шетелдік тетрлардың барлығы заманға сай көркемделуі арнайы мамандардың араласуымен жүзеге асады.




Интерьер дизайнері – үйіміздегі немесе кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар. Бұл да қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.


Грим жасаушы суретші. Бұл мамандықтың құрамына төрт мамандық сыйып кетеді, яғни шығармашылық бірлестік деп атауға болады. Бұл бірлікке қоюшы-суретші кіреді. Суретші кейіпкерге тән бет-бейнені жасап, режисермен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Мұғалімнің қойған сұрақтарына да жауап іздейді. Оқушылар өз ойларын айтып ортада талқылайды. Келешекте қандай маман болғысы келетінін айтады.


ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету. Смайликтер тарату

Презентация, нақыл сөздер.

«Жест» әдісі арқылы кері байланыс алу. Рефлексия: «БББ» әдісі Қорытындылау
















Өзара келіскен жест бойынша кері байланыс береді. Кестені толтырады














ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету. Смайликтер тарату

Стикерлер, қаламдар







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
332
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі