400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандықтар әлемі Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп бітіруші түлектерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Танбаева А.С

17/04/2018ж

Тақырыбы: Мамандықтар әлемі

Мақсаты: Мамандық түрлері, олардың атқаратын қызметі, қоғамға келтіретін пайдасы туралы білімдерін толықтыру, жетілдіру. Өз ата-анасының мамандығы туралы айта алу . Барлық мамандықтың қажет екендігін ұғындыру. мамандықтармен таныстыруды жалғастыру. Мамандық иелерінің қызметі туралы білімдерін дамыту. Мамандықтың бәрі жақсы деген түсініктерін кеңейту. Еңбексүйгіштікке баулу. Мамандық иелерінің жұмысын құрметтеуге тәрбиелеу.Мамандықтың адамгершілігі мен жауапкершілігіне назар аударту Дамытушылық: Кәсіби шығармашылық танымын кеңеиту,мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру және адам белгілі бір еңбек іс-әрекетіне неіп,бір ізге түсуіне көмек беру. 
Оқу процесінде алған білімдерін тереңірек жетілдіріп, жан – жақты дамыған, кешегіні білетін, бүгінгіні саралай алатын тұлға қалыптастыру. 


Көрнекіліктер: «Өмірде өз мақсатымызға жету үшін қабілетімізге қарай мамандықты таңдай білейік». Ж.Аймауытов

Мамандық иелері туралы суреттер, құралдар, шарлар, гүлдер

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Мамандық туралы айту,альбомдар қарау сұрақ-жауап,түсіндіру,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.



Тәрбиешінің қызметі

Оқушылар қызметі

Ынталандыру сезімін ояту




Бүгінгі оқу іс - әрекетінде «Мамандықтар әлемі?» Мамандық түрлерімен танысамыз.

Мамандықтарға дәрігер, мұғалім, шаштараз,аспазшы,тігінші,аниматор, витражист,декоратор,интерьер дизайнері, клипмейкер, грим жасаушы

жатады.

Ұйымдастырушылық,

ізденушілік

-Оқушылар, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді аяқ басқсн жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мен қазір сендерге жұм-

бақтар жасырамын. Сендер

жауабын тауып, барлық жауаптардың ортақ атауын табыңдар.

Жұмбақ шешу.

Ауырған адамның қасында

Емделудің жөнін айтар.

Жазылған адамдар расында

Риза болып, рақмет айтар.

Қолдағы жұмыс жарағы:

Қайшы мен тарағы.

Ертеден – ерте тұрады

Қолына рульді алады.

Олай – былай айналдырар,

Жолға қарап отырар.

1.Өзі жаңалық айтады,ән шырқайды, бірақ адамы көрінбейді.Ол не?

2.Төртбұрышты сандық,адамдар оның ішінде жүр.Ол не?

Демонстрациялық материалмен

жұмыс. «Менен сұрақ, сеннен жауап»

1.Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба

2.Сен ол мамандық туралы не білесің?

3.Мамандық таңдамауыңның себебі не?

4.Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті?

5. Қай жақта оқығанды ұнатасың?

6.Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына

төзе аласың ба?

7.Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?

Суретте сауыншы, суретші, дәрігер, мұғалім, жүргізуші, шаштараз, аспазшы бейнеленген.

-Қандай мамандық иелері бейнеленген?

-Қалай ойлайсыңдар, кім қайда

жұмыс істейді?

«Кімге не керек?» дидактикалық ойыны. Ойын шарты: Балалар 3 топқа бөлінеді: «Өрт сөндірушілер командысы», «Жедел жәрдем дәрігерлері», «Полиция қызметкерлері».

Бөлменің бір шетіне үстел үстіне аталған мамандық иелерінің ойыншық құралдары қойылады.

Әр топ мүшелері өздеріне керекті ойыншықтарды бөлменің екінші шетінде тұрған үстелге тасиды

Ал сендердің ата – аналарың қайда жұмыс істейді?

«Тізбекті түзе» ойыны

Оқушылардың бірі мамандықты айтады,келесі оқушы сол мамандық иесінің соңғы әріпін алып келесі мамандық иесін айтып жалғастыруы керек.

Мысалы: мұғалім – медбике.

Оқушылар тәрбиешініңің жасырған жұмбақтарының жауабын ойлана отырып табады.











-Дәрігер.





-Шаштараз.





Радио


Теледидар




Тәрбиешіні тыңдайды.

(Сауалнама жүргізу,талқылау)



Оқушылар мамандық иелерін атайды.

-Сауыншы фермада сиыр сауады.

-Суретші шеберханада сурет салады.

-Дәрігер ауруханада, адамдарды емдейді.

-Мұғалім мектепте, балаларға білім береді.


Әр командадан 3 баладан шығып, өз тобына керек заттарды жылдам жеткізуге тырысады

Оқушылар ата – аналарының қайда

жұмыс істейтінін, қандай мамандық иелері

екенін айтады.

Оқушылар жауаптардың ортақ атауы – мамандық

екенін табу керек.

Сұраққа жауап

Рефлексифті түзетушілік

«Жағдаяттық сұрақтар»

  1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?

  2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады.

Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?

«Қазіргі заманның табысты мамандары»

Аниматор –суретке жан бітіруші.

Витражист – көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар.

Декоратор- түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші.

Интерьер дизайнері – үйіміздегі немесе кеңседегі жихаздарды талғаммен орналастыра білетін маман.

Имприссарио немесе продюсер – түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушы.

Көркемдік әрлеуші – көшеде ілінген жарнамаларды,сауда орындарын, қоғамдық тамақтану залдарын әсемдеушілер.

Клипмейкер – бейне және дыбыс жазу маманы.

Колорист – түстерді ұтымды қолданудың маманаы.

Көркемдік суретші – басылымдарды көркемдік және және техникалық жағынан әрлеуші маман.

Грим жасаушы суретші- 4 мамандық иесі кіреді.( қоюшы- режиссер, оператор, қоюшы-суретші, сахналық киім таңдау мен грим жасау суретшісі.

Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқу

іс – әрекетінде алған білімдерін

пысықтайды.

Сұрақтарға жауап береді, бір – бірінің жауаптарын толықтырады.




Жоғарғы сынып оқушыларына арналған сауалнама

  1. Сіз өз мамандығыңызды таңдадыңыз ба?

Иә жоқ ойланып жүрмін

(егер таңдасаңыз, қандай-----------------------------------------------------)

  1. Өзіңізді қызықтыратын 10 мамандықты атаңыз, оларды тартымдылығына қарай төмендегі ретпен орналастырыңыз:

  1. ----------------------- 6. ---------------------------

  2. ----------------------- 7. ---------------------------

  3. ----------------------- 8. ---------------------------

  4. ----------------------- 9. ---------------------------

  5. ----------------------- 10. --------------------------



Күтілетін нәтиже:


Білу: Сурет бойынша мамандық түрлерін ажырату.

Үйрену: Барлық мамандықтың қажет екенін, олардың қызыметтерін ажыратады. Меңгеру: Үлкендер еңбегін бағалауды меңгереді. Тәрбиеші: Арыстанова Ж.








«Менен сұрақ, сеннен жауап»


1.Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба?


........................................................................................................................................................

2.Сен ол мамандық туралы не білесің?


........................................................................................................................................................

3.Мамандық таңдамауыңның себебі не?


........................................................................................................................................................

4.Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті?


........................................................................................................................................................

5. Қай жақта оқығанды ұнатасың?


.........................................................................................................................................................

6.Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласың ба?


.........................................................................................................................................................

7.Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?


..........................................................................................................................................................




































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
4121
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі