Материалдар / "Мамандықтар әлемі" тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мамандықтар әлемі" тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы,Арқат ауыл С. Бекбосынов атындағы орта мектебінің Педагог-психологы Қабдиқызы Айман Тақырыбы: «Мамандықтар әлемі» Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру қолынан келетін істі ары қарай дамтытуға бағыт –бағдар беру.мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына көмектесу. Міндеттері : - Өзін –өзі тәрбиелеуге жол ашу; -Мамандық әлемінен ақпарат беру, -Ой –өрісін кеңейту. ХІХ ғасырдың ұлы ағартушысы Абай Құнанбаев «Сен де бір дүниеге кетігін тап та бар қалан» дегендей, адамның өмірдегі өз орнын табуында мамандық таңдау – маңызды шешім. Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі.Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдындағы мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.Жас жеткіншектер мамандық таңдаудан қателеспеуі керек.Мамандықты дұрыс таңдай білген адам :
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2021
1909
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы,Арқат ауыл

С. Бекбосынов атындағы орта мектебінің

Педагог-психологы
Қабдиқызы Айман

Тақырыбы: «Мамандықтар әлемі»

Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру қолынан келетін істі ары қарай дамтытуға бағыт –бағдар беру.мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына көмектесу.

Міндеттері :

- Өзін –өзі тәрбиелеуге жол ашу;

-Мамандық әлемінен ақпарат беру,

-Ой –өрісін кеңейту.

ХІХ ғасырдың ұлы ағартушысы Абай Құнанбаев «Сен де бір дүниеге кетігін тап та бар қалан» дегендей, адамның өмірдегі өз орнын табуында мамандық таңдау – маңызды шешім.

Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі.Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдындағы мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.Жас жеткіншектер мамандық таңдаудан қателеспеуі керек.Мамандықты дұрыс таңдай білген адам :

«Мамандығым мақтанышым»- дей отыра сол мамандықтың қыры мен сырын меңгеріп, шыңына жете білуі тиіс.Әр адам мамадығынан рухани күш алып еңбектің рахатын көреді.Адам атақ –абыройға кенеледі.Кез келген адамнан шеберлікті, қажымас қайратты, еңбектенуді керек етеді.Егеменді еліміздің ертеңі болашақ маман сендер

Әлемде 10 мыңнан аса мамандық бар. Ал оған арнаулы мамандықтар мен басқаша да қосымша маман түрлерін қосып санағанда 50 мыңнан асады. Ол үшін мамандық әлемін оқып – үйрену керек.

Құрметті оқушылар, бүгін сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеруге, шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңе құрметпен қарауға, белсенді болуға шақырамын.

Түрі: Тренинг- сабақ

Құрал –жабдықтар: Ватман қағазы, қайшы маркер, түрлі –түсті қағаз, желім, интерактивті тақта.Ағаш макеті,

Топтық қатысушылар ережесі:

Сөзді бөлмеу ережесі.

Тыңдап ал содан кейін айт.

Белсенді бол.

Жоспары:

1. Сәлемдесу.

2. «Кім көп мамандықты атайды?»

3.« Ойлануға арналған балықтар » жаттығуы

4.«Жемісті бақ » жаттығуы

5.“ Біз театрға барамыз” жаттығуы.

6. “Сіз кімді құтқар едіңіз?”

7. «Болашақтағы менің мамандығым» тапсырма

Сабақтың барысы:

1.Сәлемдесу

Мақсаты: Топта жағымды көңіл күй орнату.

Барлық қатысушылар дөңгеленіп отырады. Әр бір қатысушы бір-екі сөзбен өзін таныстырып, бүгінгі көңіл-күйімен бөліседі. Мысалы: «Менің атым Тоғжан. Мен – оқушымын. Бүгін көңіл-күйім өте тамаша!»


2. « Кім көп мамандықты атайды?»

Нұсқау: Барлық қатысушылар шеңбер құрып тұрады.Олар бір –біріне доп лақтыру арқылы мамандық түрлерін айтады. Кім мамандықтың түрлерін көп атаса сол жеңіске жетеді.

3. « Ойлануға арналған балықтар»

Нұсқау: Әрбіреуіңізге балық аулауды ұсынамын. Әр қатысушы аяқталмаған сөйлемі бар карточканы алып сөйлемді аяқтайды.

Мамандық бірақ рет, біржолата таңдалады деген......

Мамандық таңдау қалтаға.............

Жақсы білім алу.................

Мамандық таңдау күнкөріс қамы....................

Қартайғанда мамандық..................

Мамандық адам қабілетіне, бейімделуіне...................

4. «Жемісті бақ»

Ағаш, тоғайдың макеті тұр. Қатысушыларға алма таратылады жасыл алма- жағымды эмоциялар, қызыл алма –жағымсыз, оларға оқушылар болашақ мамандықтарын, өз тілектерін жазып ағаш тоғайға іледі.


5. « Сіз кімді құтқар едіңіз»

Нұсқау:Бір кішкене аралда кеме апатынан кейін қарт –оқымысты, бала –дәрігер, студент-археолог жиналып қалады.Осы жиналған топтан қайыққа екі-ақ адам сияды. Ойланбастан кімді құтқарар едіңіз?

Жауабы:

Қарт –оқымысты және бала – Әрбір жағдайда аяғыңыздан тұра аласыз. Жұмыста да, өз өміріңізде де шешім қабылдай аласыз. Салмақты адамсыз.

Бала және дәрігер- Егер сіз аралда қарт оқымысты мен студентті тастап кетсеңіз ,сіздің мінезіңіз қиын. Жалпы қарағанда, сіз батыл адамсыз, өміріңізде көп жағдайлар болып тұрады. Шешім қабылдай алмаған соң, көңіл күйіңіз төмен жүреді.Сіз өзіңіхге және қоршаған ортаға қаталсыз.

Бала және студент.- сіздің мінезіңіз батыл.Басқаларға қиын жағдайда қол ұшын беруге дайынсыз. Сіз жаңа нәрселерді ұнатасыз.Көп достарыңыздың болғанын қалайсыз. Шыншыл емес адамдарға жаман көзқараспен қарайсыз.

Қарт оқымысты және дәрігер.- Сіз басқа адамдарға тәуеді адамсыз.Басқа адамдардың айтқанын көп тыңдайсыз. Мінезіңіз жасқаншақ, шыдамсызсыз.

Қарт оқымсыты және студент- Өмірде белсенді адамсыз. Басқарғанды жақсы көресіз.Адамдарға көмектесе аласыз. Сізбен қарым –қатынасқа түсу өте жеңіл.

Студент және дәрігер – Ақылды, дарынды тұлғасыз. Бірақ өз дегеніңізге жету үшін еркіңіз жетпейді. Шыдамсызсыз. Бірақ жақсылыққа және қиялға көп сенесіз.


6. «Болашақтағы менің мамандығым » тақырбында арттерапиялық жұмыс .

Мақсаты: оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ой, қиялына ерік беру.

Қажетті құралдар: түрлі түсті қағаздар маркерлер желім, қайшы.

Қорытынды: Мамандықтың жаманы жоқ. Әрбір адам өзін өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай маманыққа машықтану керек.Кімде- кім өзінің ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе, өз басына да тәуелсіз еліміздің гүлденуіне де үлкен пайда келтірмек.Өз мақсатымызға жету үшін қабілетімізге қарай мамандықты таңдай білейік.
























Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы

Арқат ауыл С. Бекбосынов атындағы орта мектебінің

Педагог-психологы
Қабдиқызы Айман

Тақырыбы: « Жанұя бақыты»

Мақсаты: Баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс –тәсілдерін жетілдіре отырып психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершіліктік сезімін қалыптастыру.

Міндетті: ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау, ата-анамен мектеппен тығыз байланысын арттыру.

Қажетті құралдар: Түрлі –түсті қағаздар, қалам,

Әдістері: Психололгиялық жаттығулар, сұрақ жауап.

Тренинг барысы:

  1. « Танысу»

  2. « Топқа бөлу»

  3. «Біз қандай ата анамамыз?» тест

  4. « Мадақтау мен жазалау»

  5. « Жанұя ағашы»

  6. « Сөйлемді аяқта» әдістемесі

  7. « Өміріңіз қызыққа толы ма?» тест


Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр.Тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар –ожданы мол, мәдениетті,парасатты, еңбекқор, іскер бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу деп көрсетілген.

Отбасы тәрбиесіің негізі мәні отбасында өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады.

Отбасының басты қазығы алтын тіреуі діңгегі – бала, ал баланы тәрбиелеу отбасынан басталалды.Ендеше егеменді ел болып, еліміздің көсегесін көгертетін болашағымыз бала.

Бала әлемі туралы және өзі жайында ақпараттарды ата-анасынан алады.Баланың басты ұстазы ата-анасы. Бала ата- анасынан, ата-ана баласын танымайынша іс алға баспайды.Баланың бойындағы табиғи қасиеттер адамгершілік құндылықтары әуелі отбасында беріледі, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді толысып әрленеді.

Түрі: Тренинг- сабақ

Құрал –жабдықтар: түрлі –түсті қағаз алма, желім, интерактивті тақта. Карточкалар,Ағаш макеті, жұмсақ ойыншық күн.

Топтық қатысушылар ережесі:

1.Сөзді бөлмеу

2.Бір-біріне кедергі жасамау

3.Бірігіп жұмыс жасау

4.Намысқа тимей өзгенің пікірін сыйлау

5.Күлімсіреу

6.Ұялы телефонды сөндіру

7.Бөлмеден шығып кетпеу.

Тренингтің кезеңдері.

  1. Психологиялық дайындық.

  • « Танысу» жаттығуы

Ата –аналар екі-екіден бөлініп, бір –бірімен интервью алып танысады. Ортаға шығып, бірін –бірі таныстырады.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық туғызды

«Топқа бөлу»

Біз қандай ата-анамыз?


1.Балалар тәрбиесі туралы газет-журнал беттерінде жарияланған мақалаларды немесе радио, теледидар хабарларын жүйелі оқып, тыңдап отырасыз ба? Осы тақырыптардағы кітаптарды оқисыз ба?

2.Балаңыз бір оғаш нәрсе істеп қойды делік. Сіз мұндай жағдайдың өз тәрбиеңіздің нәтижесі екендігі жөнінде ойланып көрдіңіз бе?

3.Балалар тәрбиесінде қасыңыздағы қосағыңыздың пікірімен үнемі санасып отырасыз ба?

4.Егер балаңыз сізге жәрдем берсе, осы кезде оның өз жұмысы бұдан кедергіге ұшырап немесе мүлдем тоқтап қалуы мүмкін екендігіне қарамастан қабылдар ма едіңіз?

5.Бұйыру немесе тиым салу сияқты шараларды сіз қажет кезінде ғана қолданасыз ба?

6.Жүйелілік, реттілік-педагогикалық маңызды принциптердің бірі деп санайсыз ба?

7.Балаға оның айналасындағылардың үлкен әсер ететіндігін сезінесіз бе?

8.Спорт пен физкультураның баланың жан-жақты, үйлесімді дамуында маңызы зор екендігін ескеріп отырасыз ба?

9. Сіз балаңыздан бір нәрсені орындау жөнінде талап тұрғысынан емес, өтініп сұрап көрдіңіз бе?

10. «Менің уақытым жоқ», немесе «Тоқтай тұр, әуелі жұмысымды бітіріп алайын»-деген тәрізді сылтаулармен балаңыздан «құтылуға» тырысу сізге ыңғайсыздық туғызбай ма?


Әрбір мақұлдау жауаптарыңыз үшін-2 ұпай, ал кей кейде орындалатын болса-1, ал қарсы болсаңыз жауабыңызға -0 ұпайдан қойып отырыңыз.


6 ұпайдан төмен ұпай жинасаңыз, бала тәрбиесі туралы түсінігіңіз көмескі екендігін дәлелдейді. «Ештен кеш жақсы» деген ғой. Сіз бұл мақалаға көп иек арта бермей, жеткіншектер тәрбиесі төңірегінде өз біліміңізді жетілдіре түсуге асыққаныңыз жөн.

7-ден 14 тұпайға дейін жинасаңыз, сіз бала тәрбиесінде әрина үлкен қателік жасап жүрген жоқсыз, әйтсе де, өзіңіздің осы бағыттағы іс-әрекетіңіз жөнінде тереңірек ойланып көріңіз. Ал тіпті былай істеуге де болады: алдағы жексенбінің бірін балаңызбен көңілді демалуға арнаңыз. Әрине, бұл күні уақытты ұмыта тұруға тура келеді. Бұл күні демалыс үшін балаңыздың қатты қуанатынына күмән жоқ.

15 ұпайдан жоғары жинасаңыз сіз өзіңіздің ата-аналық міндетіңізді орынды атқарып келесіз. Соған қарамастан кейбір мәселелерді бұдан жақсарта түссеңіз құба-құп.

«Өміріңіз қызыққа толы ма?» тест суретті

Мадақтау мен жазалау”

Мақсаты: Ата –ананың балаға деген көңіл бөлуін байқау.

Барысы: Қағазды екі бөлікке бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданатын сөздер екінші жағына жазалауда қолданатын сөздерді жазыңыздар.Қай бөлікте сөздердің көп болғанығы жайында сарптама жасалып, ата –аналарға қорытынды жасау ұсынылады.

Отбасы ағашы ”

Сіздерге берілген алмаларға өз отбасыларыңызға жылы тілектеріңізді жазып ағашқа апарып іліңіздер

Оның есесіне мен...” жаттығуы.

Нұсқау: Ата-аналар аяқталмаған сөйлемдері бар балықтарды алып немесе слайдта жазылулы болады. Сөйлемдер негізінен отбасына байланысты болады.Әр қатысушы ата –аналар сөйлемдердің ішінен бір –біреуін таңдап алып, сөйлемді аяқтайды.

  • Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне..

  • Мен шаршадым, оның есіне...

  • Мен көп үндемейтін адаммын, оның есеіне...

  • Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне...

  • Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне...

  • Мен ұстамды емеспін, оның есеіне....

  • Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне...

«Сыйлық» жаттығуы.

Әр топ мүшелері тек қана қимыл мен ым арқылы қасындағы ата-анаға сыйлаған затты көрсету керек,ал көршісі заттың атын атап сыйлықты алғыс білдіре отырып қабылдайды

«Кездескенше»

Шарты: Ата -аналар барлығымыз шеңбер құрып тұрамыз.

- Менің қолымда кішкентай ғана сиқырлы күн таяқшасы тұр. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды.Сіздер оны бір –бірлеріңізге беріп, тренингтен алған

Әсерлеріңіз туралы пікір білдіріп ата –аналар бір –бірлеріңізге тілек айтыңыздар.

Қорытынды:Балаңыздың өміріне қызығушылық танытыңыз. Оның өміріне біте қайнасып, нені қызықтайтынын білу өте маңызды.

Балаңызды қаншалықты жақсы білсеңіз, туындаған қиындықтарды да соншалықты оңай шешуге болады. Бала өзін жалғыз сезінбеуі тиіс, ол сіздің ықыласыңызды, қамқорлығыңыз бен махаббатыңызды үнемі сезіну қажет. Барлық жағынан да жетілген ата-ана да, бала да болмайды, өз қателігіңізді мойындаудан тартынбаңыз және балаңызды жақсы көретініңізді жиі-жиі қайталаудан қорықпаңыз.Бала –әр отбасының бақаты.Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.
































Шығыс Қаза

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!