400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандықтар әлемінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы «Әлеумет»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Қоршаған ортамен таныстыру»

Тақырыбы: Мамандықтар әлемінде


Мектеп/ МДҰ

«Берел орта мектебі» КММ


Күні:


Педагогтің аты-жөні:

Елеманова Г.С.

Сынып/топ: Мектепалды даярлық сыныбы


Қатысқандар саны: 8

Мақсаты:


Еңбектің маңызын және адам өміріндегі барлық мамандықтардың қажеттігін түсіндіру.

Күтілетін нәтиже


Барлық тәрбиеленушілер: Мамандық иелерінің еңбегі мен қызметтері туралы түсінеді.


Мамандықтардың адам өміріндегі қажеттігін түсінеді


Кейбір тәрбиеленушілер: Мамандықтардың қажеттігін, қарымқатынасын бағалау, құрметпен қарауды түсінеді.

Жоспарланған іс-әрекет

Тәрбиеленушілер: Адам өміріндегі барлық мамандықтардың түрлерін талқылап және дәлелдейді.

«Кім болам?» деген сұрақа жауап береді.

Көптілділік:

Дәрігер – врач – doctor;

аспаз – повар – cook,

сатушы – продавец – seller

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.

Аспаз, дәрігер, сатушы.

Пікір алмасу сұрақтары. Мамандықтардың айырмашылығы мен ұқсастықтары неде?

«Мамандық» сөзі нені білдіреді?

Басқа қандай сөзге ауыстыруға болады? Неге адамдар жұмыс істейді?

Ең маңыздысы қандай мамандық? Сенің ата-анаң қайда жұмыс істейді?

Өткен ҰОҚ-дан алған білімі

Барлық мамандықтардың қажеттігін түсіндіру


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстары

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0–2 мин


Шаттық шеңбері

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Қайырлы күн!

Қайырлы таң!

Күліп шықты күн бүгін

Музыкалық әуен.

Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин


Сұрақ-жауап әдісі арқылы ҰОҚ-ның тақырыбы анықталады.

– Біз бүгін мамандық иелері туралы әңгімелесеміз.

Мектепке келгенде сендерді ең бірінші кім қарсы алды? (Мұғалім).

Мұғалім туралы айтып беріңдерші.

Кез келген адам мұғалім немесе инженер бола ала ма?

– Жоқ.

Мұғалім болу үшін мұғалімнің оқуын, инженер болу үшін инженердің, аспаз болу үшін аспаздың оқуын оқу керек. – Мамандық алу үшін еңбектеніп оқу керек.

«Сөзді тап!» ойыны: педагог өлең оқиды. Бірақ бір сөзді тастап кетеді. Оны тәрбиеленушілер табады:

Гүл өсірсең терлеп

Мұның аты – ... . (Балалар хормен «еңбек» деп айтады).

Кесте тіксең зерлеп

Мұның аты – ...

Өзекті сұрақ: –

Көз алдыларыңа елестете аласыңдар ма: егер адамдар жұмысқа бармаса, онда не болады?

(Аспаз жұмысқа шықпаса, тамақ болмайды. Құрылысшы жұмысқа шықпаса, үй салынбай қалады. Мұғалім мектепке келмесе, ҰОҚ жүрмей қалады).








Педагогтің суреті.

ҰОҚ-ның ортасы III.Тақырып бойынша жұмыс

6–28 мин

Педагог тәрбиеленушілерге:

Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.

Дәрігер – емдейді;

мұғалім – білім береді, тәрбиелейді; техниканы программалаушы жұмысы компьютермен байланысты;

аспаз – ас пісіреді,

тәрбиеші – тәрбие береді т.б.

Сөздік жұмысын жүргізу

Көптілділік:

Дәрігер – врач – doctor;

аспаз – повар – cook,

сатушы – продавец – seller

Таспадан тыңдайды немесе педагог айтады, осыдан кейін балалар бірнеше рет жеке және хормен қайталайды.

«Мамандықтар әлемінде» тақырыбындағы балалар күндерінде болашақта өздерінің қандай маман иесі болғысы келетіні жөнінде әңгімелерін, ойларын ортаға салады.





Интерактивтік тақта, мамандықтар бейнеленген үлгі суреттер.



«Қай маман иесі екенін тап!» ойыны.

Ойын шарты: балалар карточканы алып, онда бейнеленген мамандық иелері туралы әңгімелеп береді.

Басқа да сұрақтар қоя отырып, мамандық иелері туралы ақпараттарды толықтыра отырып, кез келген мамандық иесіне құрметпен қарау керектегін түсіндіру. Балалар сурет бойынша болжап айтады.

Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Жұппен жұмыс. Мамандықтарды ата.

Қай мамандық маңызды? Қорытынды жаса.

2-тапсырма: Жұмбақтарды шеш.

Педагог тәрбиеленушілерге жұмбақ жасырады.

Жұмбақтардың шешуі: мұғалім, дәрігер, тігінші, шегарашы, ғарышкер, полиция.

3-тапсырма: Педагог Айсұлудан көмек сұрайды және суретте қандай мамандық иелері бейнеленгенін анықтап беруді сұрайды.

Әр мамандық иелерін жұмысына қажетті құралжабдықпен сызық арқылы қосу. Айсұлудан көмек сұрайды: «Кімге не керек?» Жұмыс істеу үшін кімге не керек?

Мұғалімге не керек? (Бор, кітап)

Сергіту сәті:

Саусағым, қайда болдың?

Балалармен не істедің? –

Бір баламен жүгірдім,

Бір баламен биледім,

Бір баламен қыдырдым,

Бір баламен ойнадым,

Бір баламен секірдім,

Достарымды жинаймын,

Ойынды бастаймын!

4-тапсырма: «Кім боламын?» ойыны «Кім боламын?» деген сұраққа жауап береді. (Тәрбиеленушілер болашақта кім болғысы келетіндерін айтады).

«Дәрігер», «Дүкен» ойындары.

Педагог тәрбиеленушілерді сюжетті-рөлге ойындарды өзара рөлдерге бөліп алып ойнатады.

Ойындар жинағы, карточкалар



Суреттер.


Әліппе-дәптер.





Әліппе-дәптер, жұмбақтар жинағы.
















Ойындар жинағы.


ҰОҚ қорытындысы. Рефлексиялық түзету.

28–30 мин


Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап қорыту.

Балалардан допты кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

• ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; • түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;

• бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере ала- мын – жасыл қарындашпен.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
533
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі