400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандықтар әлемінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобына қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰОҚ: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: Мамандықтар әлемінде

ҰОҚ-ның оқыту мақсаты

0.1.3.1. Еңбектің маңызын және адам

өміріндегі барлық мамандықтардың қажеттігін

түсіндіру.

Күтілетін нәтиже













Тілдік мақсат

Барлық тәрбиеленушілер:

Мамандық иелерінің еңбегі мен қызметтері туралы түсінеді.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

Мамандықтардың адам өміріндегі қажеттігін түсінеді.

Кейбір тәрбиеленушілер:

Мамандықтардың қажеттігін, қарым- қатынасын бағалау, құрметпен қарауды

түсінеді



Тәрбиеленушілер:

Адам өміріндегі барлық мамандықтардың түрлерін талқылап және дәлелдейді. «Кім болам?» деген сұрақа жауап береді.

Көптілділік:

Дәрігер – врач – doctor; аспаз – повар – cook, сатушы – продавец – seller

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.

Аспаз, дәрігер, сатушы.

Пікір алмасу сұрақтары.

Мамандықтардың айырмашылығы мен ұқсастықтары неде?

«Мамандық» сөзі нені білдіреді?

Сенің ата-анаң қайда жұмыс істейді?

Өткен ҰОҚ алған білім

Барлық мамандықтардың қажеттігін түсіндіру

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет Ресурстары

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату 0-1 минут







II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам 2-5 минут

(Ұ) Шаттық шеңбері

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Қайырлы күн!

Қайырлы таң!

Күліп шықты күн бүгін.

(Ұ) Сұрақ-жауап әдісі арқылы ҰОҚ-ның тақырыбы анықталады.

– Біз бүгін мамандық иелері туралы әңгімелесеміз.

Мектепке келгенде сендерді ең бірінші кім қарсы алды? (Мұғалім).

Мұғалім туралы айтып беріңдерші.

Кез келген адам мұғалім бола ала ма?

– Жоқ. Мұғалім болу үшін мұғалімнің оқуын,

аспаз болу үшін аспаздың оқуын оқу керек.

– Мамандық алу үшін еңбектеніп оқу керек.

Өзекті сұрақ:

– Көз алдыларыңа елестете аласыңдар ма: егер адамдар жұмысқа бармаса, онда не болады?

(Аспаз жұмысқа шықпаса, тамақ болмайды.

Құрылысшы жұмысқа шықпаса, үй салынбай қалады. Мұғалім мектепке келмесе, ҰОҚ жүрмей қалады).

Музыкалық әуен.

ҰОҚ ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

(ПТ ) Педагог тәрбиеленушілерге:

Мамандық дегеніміз – адамның еңбек

қызметінің түрі. Мамандық таңдау да мектеп

қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін

өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.

Дәрігер – емдейді;

мұғалім – білім береді, тәрбиелейді;

аспаз – ас пісіреді, тәрбиеші – тәрбие береді т.б.

(ПТ ) Сөздік жұмысын жүргізу

Көптілділік:

Дәрігер – врач – doctor; аспаз – повар – cook,

сатушы – продавец – seller

Таспадан тыңдайды немесе педагог айтады,

осыдан кейін балалар бірнеше рет жеке және

хормен қайталайды.

«Мамандықтар әлемінде» тақырыбындағы

балалар күндерінде болашақта өздерінің

қандай маман иесі болғысы келетіні жөнінде

әңгімелерін, ойларын ортаға салады.

(Ө, Т) Әліппе-дәптермен жұмыс.

(Ұ) Сергіту сәті:

– Саусағым, қайда болдың?

Балалармен не істедің?

– Бір баламен жүгірдім,

Бір баламен биледім,

Бір баламен қыдырдым,

Бір баламен ойнадым,

Бір баламен секірдім,

Достарымды жинаймын,

Ойынды бастаймын!

4-тапсырма: «Кім боламын?» ойыны

«Кім боламын?» деген сұраққа жауап береді.

(Тәрбиеленушілер болашақта кім болғысы

келетіндерін айтады).

мамандықтар бейнеленген

үлгі суреттер.























































Ойындар жинағы,

карточкалар.

Суреттер.

Әліппе-дәптер.

Әліппе-дәптер, жұмбақтар

жинағы.

Ойындар жинағы.


IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия

(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап

қорыту. Балалардан тақтаны кез келген түсті

қарындашпен бояуын сұраңыз:

• ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;

• түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;

• бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл

қарындашпен.

Әліппе-дәптер,

түрлі түсті қарындаштар



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
1128
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі