400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандықтар әлемінде

Материал туралы қысқаша түсінік
2024 2025 оқу жылында 7-8 сыныптарға өткізілген тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәжен мектеп-бөбекжай кешені» КММ














Мамандықтар әлемінде

Тренинг





Өткізген: педагог-психолог Аширбаева К

Өткізген күні: 17.01.2025 ж

Қатысушы: оқушылар

Сыныбы: 7-8


















2024-2025 оқу жылы



Психологиялық тренинг



Тақырыбы: «Мамандықтар әлемінде»

Өткізілген күні: 17.01.2025ж

Қатысты: 7-8 сынып оқушылары

Сабақтың түрі: Тренинг

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, постер әдісі

Сабақтың көрнекілігі: постер, маркер

Өткізген: педагог-психолог: Аширбаева К

Мақсаты: Жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, саналы кәсіби таңдау жасауға психологиялық дайындығын қалыптастыру,оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру

Сабақтың барысы:

-Мамандық дегеніміз не? «Мамандық» сөзіне анықтама беру. Профессия- латын сөзінен шыққан “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

    Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

      Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару  мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында  біздің өңірде, қазба-байлықтарын игеретін мамандық  иелері қажет.


Сәлемдесу Үлкен шеңбер жасап тұрып, қимылды қайталау

-Мен өзімді қандай болсам да жақсы көрем (қолды кең жаямыз)

-Кішкентай болғым келеді (отырады)

-Үлкен болғым келеді (жоғары созылу)

-Семіз болғым келеді (ауызды толтырып үрлеу)

-Арық болғым келеді (ішті, жақты ішке тарту)

-Көңілді болғым келеді (күлімдеу)

-Мен өзімді қандай болсам да жақсы көрем (қолды кең жаямыз)

Мұның бәрі керемет (шеңберден бір қадам алға жылжып, бас бармақты көрсету


«Әріпті мамандық» ойыны

Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді.Әр командадан бір оқушы шығады,үлестірмені алады. Тапсырманы орындауға 1 минут беріледі.



«Ең-ең... » ойыны

  • Ең жасыл- бақташы, гүл өсіруші

  • Ең тәтті- аспазшы,кондитер

  • Ең жауапты- сот, бухгалтер

  • Ең салмақты-мұғалім, заңгер

  • Ең қарым-қатынасы күшті-безнисмен


Сабақты бекіту

Бүгінгі сабақта белсенді болдыңыздар.

-Нені білдім?

-Нені білгім келеді?

Ж.Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажетбұл жай күнелту , тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді,зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген сөзімен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28.03.2025
169
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12