400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандықтар әлемінде

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Астана қаласы №63 «Әсем-Ай» балабақшасы «Алпамыс», «Ақбұлақ» шағын орталығы «Бәйтерек» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Арзыкулова Роза Ширенбаевна


Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:

«Мамандықтар әлемінде»

Мақсаты:

Білімділік: Еңбектің маңызын және адам өміріндегі барлық мамандықтардың қажеттігін түсіндіру.

Дамытушылық: балалардың еңбекке сүйіспеншілігін арттыру.

Тәрбиелік: еңбектің жемісін бағалауды, барлық мамандық иелеріне құрметпен қарауды тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: мамандықтар жайлы суреттер, үйдің суреті, слаид, .

Сәлеметсіздер ме балалар, көңіл-күйлерің қалай?

Шаттық шеңбері

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн бүғін

Қайырлы күн!

Қайырлы таң!

Күліп шықты күн бүгін.

Балалар бүгін біз мамандық иелері туралы әңгімелесеміз.

-Топқа келгенде сендерді кім қарсы алады?(Тәрбиеші)

-Олай болса, тәрбиеші жайлы не білесіңдер, айтып беріңдерші

Балалардың жауаптары тыңдалады.

-Кез келген адам тәрбиеші, мұғалім немесе адвокат, есепші бола ала ма?

-Дұрыс, бола алмайды. Ол үшін мұғалімнің оқуын, адвокат болу үшін адвокаттың, аспаз болу үшін аспаздың оқуын оқу керек. Мамандық алу үшін еңбектеніп оқу керек.

Ал енді балалар бір қызық ойын ойнайық. Мен сендерге өлең оқимын, бір сөзді тастап кетемін, ал сендер сол сөзді табуларың керек.

Дидактикалық ойын: «Сөзді тап»

Гүл өсірсең терлеп

Мұның аты-........

Балалар сөзді табады, және хормен еңбек деп айтады.

Керемет, балалар айтыңдаршы егер адамдар жұмысқа бармаса, онда не болады?

Аспаз жұмысқа шықпаса ....... болмайды

Мұғалім жұмысқа шықпаса ..... болмайды

Құрылысшы жұмысқа шықпаса .....

Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.

Дәрігер – емдейді

Мұғалім –білім береді, тәрбиелейді

Аспаз – ас пісіреді

Тәрбиеші – тәрбие береді

Сатушы – зат сатады

Сөздік жұмысын жүргізу

Көптілділік:

Дәрігер-врач-doctor

Аспаз – повар-cook

Cатушы – продавец-seller

Балалар таспадан тыңдайды, бірнеше балаға жеке сосын хормен қайталайды.

Дидактикалық ойын: «Кім болғым келеді»

Балаларға смайлик таратылады. Олар тақтадағы мамандық иелері суреттеріне өз смаилигін жапсырады. Не үшін сол мамандықты таңдағандарын айтып түсіндіруі керек.

Сергіту сәті

Саусағым, қайда болдың?

Балалармен не істедің?

Бір баламен жүгірдім,

Бір баламен биледім,

Бір баламен қыдырдым,

Бір баламен ойнадым,

Бір баламен секірдім,

Достарымды жинаймын,

Ойынды мен бастаймын!

Балалар музыка әуенімен қимылды қозғалыстар жасайды.

Балалардың назарын тақтадағы суретке аударамын. Балалар қараңдаршы

Суретте мамандық иелері бейнеленген. Олар жұмысына керекті құрал-жабдықтарды табуларың және оны сол мамандық иесіне қосуларың керек. Балалар тез ақ құрал-жабдықтарды мамандық иелеріне қосып шығады

Балаларға жұмбақ жасырамын.

Күміс қанат сұңқары

Көкке еркін сүңгиді

Бұлттан да тым әрі,

Кеткен жанды кім дейді? (Ұшқыш)

Өрнектеп, сәндеп

Тігістерін бүгетін

Солпысын жөндеп

Кім көйлек тігеді? (Тігінші)

Қалпағы ақ қарасаң

Дәрігер емес, бірақ ол

Дәм мәзірін қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол.(Аспаз)

Ала таяқ ұстаған

Жол тәртібін нұсқаған

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы күшті адам (Полиция қызметкері)

«Дүкен ойыны»

Балаларға сюжетті ойынның мәнін түсіндіру. Балаларға ақша таратылады. Олар дүкеннен қалаған заттарын сатып алады.

Рефлексия

-Балалар біз бүгін не жайында әңгімелестік?

-Сендерге қайсы мамандық ұнады?

-Олай болса мына альпинистер бейнеленген карточкаларды алып, бүгінгі оқу қызметі ұнаса жоғары қарай, ұнамаса төмен қарай жапсырып қойыңдар.(биік таудың суреті)




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
620
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі