"Мамандықтар әлемінде" іс-шарасы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мамандықтар әлемінде" іс-шарасы

Материал туралы қысқаша түсінік
9-11 сынып оқушылары аралығында кәсіби бағдар беруші педагогтің өткізген "Мамандықтар әлемінде" іс-шарасының жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Мектеп директоры:

________ Ш.Шәдіқожа



Мамандықтар әлемінде


Мақсаты: Мұғалімдер мен оқушылар арасында тығыз байланыс орнату арқылы кәсіби бағдар беру. Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өз - өзін тану аймағын кеңейту, кез - келген кедергіден шыға білуге баулу.


Іс- шараның түрі:  пән бірлестіктері мен 9-11 сынып оқушылары арасында жүргізілетін сайыс


Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және қонақтар!

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз, -деп Әл-Фараби айтқандай бүгінгі бірлестік жетекшілері мен оқушылар арасында өткізілетін «Мамандық әлемінде» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Ендеше, қатысатын топтармен таныс болыңыздар!

  1. «Түрік рухы» тобы - қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бірлестіктері және оқушылар ТУРИЗМ саласын таныстырады.

  2. «МИФ» тобы – информатика, математика, физика бірлестіктері және оқушылар ІТ мамандығын таныстырады.

  3. «ЭкоБолашақ» тобы – химия, биология, география бірлестіктері және оқушылар ЭКОЛОГИЯ саласын таныстырады.

  4. «Уақыт керуені» тобы – тарих, музыка, технология, дене шынықтыру бірлестіктері және оқушылар кәсіптік сала жағынан ЭТНО МӘДЕНИ брендтерді таныстырады.


Жүргізуші:

Бүгінгі сайысымыздың төрешілерімен таныс болыңыздар! Ауылымыздың көркеюіне, кәсіпкерлікті өркендетуге үлес қосып жүрген кәсіп иелері.


1.____________________________________________________________


2.____________________________________________________________


3.____________________________________________________________


4.____________________________________________________________

Жүргізуші:

Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Жүсіпбек Аймауытовтың айтуынша «Мамандықтың бәрі жақсы, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен, өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері пайда болып, алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Өз ісіне сенімді, мамандықты дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегіне қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі».

Ендеше ортаға сайысымызды ашып беру үшін мектебіміздің директоры Шәдіқожа Шолпан Рысбайқызы мен директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Оразалиева Ултуар Абылаевнаны шақырамыз!


Жүргізуші:

Шарттары:

  1. Таныстыру (эмлема, ұран, форма) (15 минуттан аспау керек)

  2. «Мамандықтар атласы» атты тақырыпта үй тапсырмасын қорғау (15 минуттан аспау керек)

  3. Өнерлінің өрісі кең (еркін түрде) (5 минуттан аспау керек)


Тапсырмалардың арасында «күміс көмей, жез таңдай» әншілерімізбен «мың бұралған» бишілеріміздің өнерін тамашалаймыз.



Қорытындылау. Марапаттау рәсімі.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.11.2025
25
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі