400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мамандықтар әлемінде" Қоршаған ортамен танысу ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныбына арналған Қоршаған ортамен танысу ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған қызметінің конспектісі


Білім беру саласы: Әлеумет

Пән: Қоршаған ортамен танысу

Өтпелі тақырып: Дені саудың жаны сау

Тақырыбы: Мамандықтар әлемінде

Мақсаты: Еңбектің маңызын және адам өміріндегі барлық мамандықтардың қажеттігін түсіндіру.

Педагогикалық әдс-тәсіл: әңгімелесу, сұрақ-жауап,ойындар

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, әліппе-дәптер, ойынға қатысты заттар

Билингвальдық компонент: дәрігер – врач ,аспаз – повар , сатушы – продавец

I. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шеңбер: Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Қайырлы күн!

Қайырлы таң!

Күліп шықты күн бүгін.

II Негізгі бөлім

Сұрақ-жауап:

Біз бүгін мамандық иелері туралы әңгімелесеміз.

Мектепке келгенде сендерді ең бірінші кім қарсы алды? (Мұғалім).

Мұғалім туралы айтып беріңдерші.

Кез келген адам мұғалім немесе инженер бола ала ма?

Жоқ. Мұғалім болу үшін мұғалімнің оқуын, инженер болу үшін инженердің, аспаз болу үшін аспаздың оқуын оқу керек.

Мамандық алу үшін еңбектеніп оқу керек.

Өзекті сұрақ:

Көз алдыларыңа елестете аласыңдар ма: егер адамдар жұмысқа бармаса, онда не болады? (Аспаз жұмысқа шықпаса, тамақ болмайды. Құрылысшы жұмысқа шықпаса, үй салынбай қалады. Мұғалім мектепке келмесе, сабақ жүрмей қалады).

Әңгімелесу: Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.

Дәрігер – емдейді; мұғалім – білім береді, тәрбиелейді; техниканы программалаушы жұмысы компьютермен байланысты; аспаз – ас пісіреді, тәрбиеші – тәрбие береді

Билингвальдық компонент: Дәрігер – врач ,аспаз – повар , сатушы – продавец

«Мамандықтар әлемінде» тақырыбындағы балалар күндерінде болашақта өздерінің қандай маман иесі болғысы келетіні жөнінде әңгімелейді.

«Қай маман иесі екенін тап!» ойыны(карточкамен жұмыс)

Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. - Мамандықтарды ата

2-тапсырма: Жұмбақтарды шеш.

3-тапсырма: Айсұлудың тапсырмасын орындайды.

Сергіту сәті:

Саусағым, қайда болдың? Балалармен не істедің?

Бір баламен жүгірдім, Бір баламен биледім, Бір баламен қыдырдым, Бір баламен ойнадым, Бір баламен секірдім, Достарымды жинаймын, Ойынды бастаймын!

4-тапсырма: «Кім боламын?» ойыны

«Дәрігер», «Дүкен»-сюжеттік ойындар

III Қортынды бөлім:

Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап қорыту.

Балалардан допты кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;

түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;

бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере ала-мын – жасыл қарындашпен.

Балаларды мақтау.

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
1385
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі