400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандықтар қалашығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Категоряға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған ашық оқу-қызметі
Күні: 14.01.2021.
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тәрбиеші: Алашбаева М.С.
Тақырыбы: Мамандықтар қалашығы.
Мақсаты:
1. Білімділік:
Мамандық түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Мамандық иелері және олардың құралдарымен таныстыру.
2. Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Сөздік қорларын молайту, тілдерін жаттықтыру.
3. Тәрбиелік: Өз ойларын толық жеткізе білуге, еңбекке құштарлықтарын оятып, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Аспазшы, дәрігер, құрылысшы, дүкенші, шаштараз, олардың құралдары, суреттер, аудио дыбыс.
Әдіс - тәсілдері: Көрсету, әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Сөздік жұмыс: Стетаскоп, дәке, дүкен, аурухана, шаштараз, аспазшы, құрылысшы.
Пәнаралық байланыс: Әлеумет, таным, шығармашылық.

Шаттық шеңбері:

Тәуелсіз мына заманда,
Сұраныс көп маманға.
Нағыз маман пайдалы,
Мемлекет, қоғам, адамға.

Тәрбиеші: -
Балалар қазір Жылдың қай мезгілі?
Балалар: - Қыс мезгілі.
Тәрбиеші: -Қыс мезгілінде неше ай бар?
Балалар: - Үш ай бар. Желтоқсан, қаңтар, қараша.
Балалар, бүгінгі ашық оқу іс – қызметіміздің тақырыбы «Мамандықтар қалашығы» деп аталады.
Біз бүгін мамандық иелері туралы өтеміз.
Барлық мамандар өмірде өте қажет екен.
Балалар сендер балабақшада күнде қандай мамандық иелерімен кездесесіңдер?
Балалар: - Меңгеруші, тәрбиеші, т.көмекшісі, медбике, аспазшы.
Тәрбиеші: - Балалар олай болса жұмбақ шешіп көрейік.
Жұмбақтар:
1) Мектептің жүрегі , білімнің тірегі. ( Мұғалім)
2) Сауықтырар сырқатты , жылы үнмен тіл қатты. (
Дәрігер)
3) Тікті әсем киімді, Дүкенге әкеп ілінді.(
Тігінші)
4) Тәртіп заңды сақтайды, ел сенімін ақтайды (
Полиция)
5)Тәп тәтті тамағы, тамақтың маманы(
Аспазшы)

Тәрбиеші:
-Балалар сендер мына күнделікті келіп жүрген балабақшамыз, өздерін тұрып жатқан үйлерді салатын адамдар бар,ауырып қалсақ емдейтін адамдар бар, киімдерімізді тігіп беретін адамдар бар,бізге білім беретін адамдар бар, шашымызды әдемілеп қиып беретін және дәмдеп тамақ пісіретін адамдар бар. Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда  мамандық иелері дейміз.
Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.
Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
-Мына суреттерге қарайықшы не көріп тұрмыз?
-Үй салатын адамды-
құрылысшы дейді екен , балалар.
-Ал мына суретте тамақ пісіріп жатқан адамды-
аспаз.
-Білім беретін адамды-мұғалім деп атайды.
-Киім тігетін адамды-
тігінші.
-Ғарышқа ұшатын адамды-
ғарышкер.
-Көлік жүргізетін адамды-жүргізуші.
-Емдейтін адамды-
дәрігер деп мамандықтың түрлеріне қарай атаймыз.
-Ал бұл мамандықты меңгеру үшін көп оқуды, көп ізденуді, қажымас қайратты, көп еңбекті талап етеді. Мамандық иесі болып шығу үшін, арнайы оқу орындарында дайындап оқытады. Сонда ғана өзің қалаған мамандық иесі болып шыға аласындар.

Слайд: Мамандықтар.
Тәрбиеші: - Балалар бізге қонақтар келіпті. Кәне танысайық.
Ортаға шаштараз, дүкенші, тігінші, дәрігер, мұғалім,
полиция, аспаз, құрылысшы киімінде балалар кіріп келеді.
-Қош келдіңіздер!

Құрылысшы:
Абдырахим
Қолда темір қалағым.
Саздан сарай саламын
Астанадан аумайтын
Әсем қала саламын.

Дәрігер: Аяулым
Кішкене әлі баламын,
Таудай болар талабым.
Ақ халатты абзал жан,
Мен дәрігер боламын.

Мұғалім: Қазына
Жақсы оқып сабақты
Білім алып толамын
Бөбектерді оқытар
Мен мұғалім боламын!

Полиция: Әлібек
Алатаяқ ұстаған,
Жол тәртiбiн нұсқаған.
Өмiрiңдi күзеткен,
Ысқырығы күштi адам.
Мен полиция боламын

Аспаз: Мейіржан
Дәмді тамақ пісіріп
Өнерлі бала боламын
Халқым сүйген ардақты
Мен аспазшы боламын.

Шаштараз: Қарақат
Сән үлгісін қиятын
Шаштараз болам жолына
Түрлі – түсті шаш қиып
Қызмет етем халқыма.

Тігінші: Айша
Өрнектетіп, сәндетіп
Тігістерін бүгетін
Тігінші болам мен ертең.
Киім – кешек тігетін!

Тәрбиеші:
- Төрлетіңіздер!
Топтық жұмыс:
1топ:
Құрылысшылар.
2топ: Слесарьлар.
3топ: Тігіншілер.
4топ:
Мамандық иелерінің құралдарын табу.
Сергіту сәті:

Қорытынды:
Дидактикалық ойын:
«Сөйлеп тұрған кім?»
Балалар біз қазір мына сөздерді естіп қандай мамандық иесі сөйлеп тұрғанын анықтайықшы:
1) Балмұздақ сатамын! Балмұздақ!
2) Жүріңіз қай жаққа апарып тастайын?
3) Қай жеріңіз ауырып тұр? Қазір ыстығыңызды өлшейін.
4) Шашыңызды қандай үлгіде қиып берейін?
5) Бүгінгі сабақта біз балалар күзгі табиғат туралы әңгімелесеміз.
6) Мен манты жасап жатырмын, қазір дайын болып қалады.


Тәрбиеші: - Мынау не балалар?
Балалар: - Ине
Тәрбиеші: - - Иә бұл ине, ал мынау стетаскоп бұл құралмен біздің кеудемізді тыңдап, қай жеріміз ауырып тұрғанын анықтайды. Ал мынау дәке, мақта.
- Мынау не балалар?
Балалар: -Электр пеші
Тәрбиеші: - Асханада қандай құралдар бар?
Балалар: - Қасық, пияла, тәрелке, қазан кастрөл.
Тәрбиеші: - Мынау менің қолымдағы не?
Балалар: - Тарақ, айна, қайшы.
Тәрбиеші: - Ал мынау шаш кептіргіш, бұл құрал шашты кептіруге арналған, электрмен істейді.
- Ал мынау қандай құрал?
Балалар: - Қалақ.
Тәрбиеші: - Міне мына кісі құрылысшы. Құрылысшы не салады?
Балалар: - Үй салады.

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар! Балалар сендер бүгін сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер және тақпақтарды жақсы айттыңдар.



Біледі: Мамандық түрлерін білеуі, құралдарын атай білуі керек.
Игереді : Суретке қарап, әңгіме құрауды.
Меңгереді: Үлкендердің мамандық иелерінің еңбегін бағалай біледі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
503
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі