«Рухани жаңғыру» Болашаққа
бағдар:
«Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің
кілті»
Мәңгі лаулап жану үшін
ғаламда
Үлкен арман керек екен
адамға
Мақсаты:
білімділік
–оқушылардың білім шыңына
талпынуда бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу
керектігі жайлы ойларын білу, ой
бөлісу;
Дамытушылық
–жеке басының сапалық
қасиеттерін арттырып, кәсіптік бағдар бере отырып, өзін өзі тану
аумағын кеңейту,
Тәрбиелік
–оқушыларды терең білім алу
жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа
тәрбиелеу
Сәлеметсіздер ме құрметті
ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 9-10-11 сынып оқушылармымен
«Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің
кілті» атты кездесу кешіне қош
келіпсіздер!
Бәріміз де алдымен - Мамандық
дегеніміз не? Деген сұрақ көп ойландырады. «Мамандық» сөзіне
анықтама беріп кететін болсақ. Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі
болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті
талап ететін еңбек қызметінің маңызды
бөлігі.
Біреулер үшін – ол ойға алған
арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер
үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір
бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау- тағдырыңды
таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен
бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл өте жауапкершілікті және
маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз
бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі
менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек.
Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне,
бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының
сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген
бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын,
қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім
және құрылысшы тағы басқа мамандықтарды атап өтуге болады. Ал,
өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс,
коммуникация, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек
сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Мынау көп салалы
өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең
бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Өз ісіне
сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.Жақында ғана
мен сіздерден сауалнама алған болатынмын мамандық жайлы соның
қорытындысы бойынша жалпы -53 оқушы қатысты олардың ішінен
Дәрігерлер -14, мұғалім -9, дизайнер- 8, актер -1, өрт сөндіруші –
1, есепші – 1, әнші -1, футболшы – 2, әскери – 2, халықаралық
қатынастар – 1, менеджер – 2, кадастр -1, құрлысшы – 4, кондитер
-1.
-
«Біз таңдаған мамандықтар»
деп аламыз
Қарап отсан осы 53 оқушының
әрқайсысы әртүрлі маман иесі болатынын көрініп тұр. Олай болса көп
таңдаған мамандықтар бойынша топқа бөлгім келіп отыр,Бізде көп
таңдаған мамандықтар қатарына дәрігер, мұғалім және дизайнерлер
екен. 4-5 оқушыдан шықса.
мына суреттерге қарап осы отырған 3 сынып
оқушылары арасынан 5 оқушыдан шығап таңдаған мамандықтарыңнын
қатарына келіп тұра қалыңдар, таңдап болсаңыздар кешімізді әрі
қарай жалғастырайық. (Ұстаз, дәрігер, дизайн т.б) сендерді осы топ
бойынша атаймыз.
Видеороликке кезек
береміз
2. «Білеміз
бе?»
Мына мамандықтардың қайсысынан хабарымыз
бар
І топқа Қазіргі уақытта
жойылып кеткен мамандықтар
ІІ топқа ХХ ғасырда пайда
болған мамандықтар
ІІІ топқа Соңғы 10 жылдықта
пайда болған мамандықтарды
Білетін, естіген, көрген
мамандықтарымызды теріп жазамыз және
дәлелдейміз
3.«Миға шабуыл» - ой
қозғау
Оқушылар алдарыңызда тұрған заттарды
пайдаланып ортада тұрған конструкторлармен бір мүсін құрастырып
шығуларыныз керек. Құрастырып болғасын өмірде сендер өз
қалауларыңызбен таңдамаған мамандықты өз өмірлеріңізде қандай
қиындық тудыратынын көріп отырсыздар және де 12 мүшелерін сау
денсаулықтарын мықты шақта өмірден өз қалауларынмен мамандық
таңдаған жөн. Қазіргі таңда қаншама мүгедек жан бар оларға
қарағанда сенде Аллаға шүкір денсаулық бар, олардың өздері қаншама
мүгедек жан болсада еш мойымай қаншама маман иесі шығып
жатыр.
4.«Жағдаяттықсұрақтар».
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа
ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық
саған ұнамады. сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың
ба?
3. — Өзіңіз үшін қандай
қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма? Болса не істер
едіңіз?
Психолог
тренинг
5. «Ең жақсы мамандық»
ойыны.Әрбір командадағылар
қатысушыларға мынадай сұрақ береді, Қатысушыларға келесі мамандық
мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көпмамандық
Ең жасыл мамандық
Ең тәтті мамандық
Ең жауапты мамандық
Ең салмақты
мамандық
Ең қарым-қатынасы күшті
мамандық
6. Рефлексия. «Тілек ағашы
»
Бүгінгі кешіміздің түйіні
ретінде, рефлексия жасап, алдарыңыздағы стикерлермен бүгінгі кештен
алған әсерлеріңізді, тілектеріңізді жазып, «тілек ағашына »
ілеміз.
Бүгінгі кештен алған
әсерлерің.Болашақтағы жоспарларың. Алға қойған мақсаттарың, бір-
бірлеріңе тілектерің.
Мұғалімнің қорытынды
сөзі: Құрметті ұстаздар,
оқушылар және қатысушылар баршаңызға рахмет, сендердің айтқан ой
пікірлеріңе қарай, бүгінгі кешіміз өте маңызды болды деп
есептеймін.
«Жарқын болашақтың кепілі-
жаныңа жақын кәсіп таңдау» демектей, қазіргі қарқынды дамып келе
жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының,
пайдасына қарай өзін өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге
қабілетті тұлға болуды талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден
бастап,өз- өздеріңді, бір- бірлеріңді танып, өз қабілеттерің мен
икемділіктеріңді дамытыңдар.
Соған сәйкес болашақ
мамандықтарыңды таңдаңдар.
Абыройлы, ақ ниет — адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне
кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер білім алуға
барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі — болашақ
маман иелері болуларыңызға шын жүректен
тілектеспін.
№ 3 Аршалы орта
мектебі
Ұйымдастырған:
Әлеуметтік педагог: Жангабулова
Г.С.
Психолог :Ахметов
Б.Е