жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Мамандықтың бәрі жақсы"
Тәрбиелік шара
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Жүру барысы:
Ұйымдастыру
Балалардың көпшілікпен амандасуы
Тақырып бойынша балаларға түсініктеме
Тақырып бойынша балалармен жұмыс
Топтарға тапсырма беру
Дидактикалық ойындар
Қорытынды
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Тақырыбы:
Мамандықтың бәрі жақсы
Мақсаты:
әр түрлі мамандық түрлері туралы түсінік
беру.
Түзете-дамытушылық
мақсаты: 1.Танымдық процестерінің
деңгейін және баланың мотивациялық
мүмкіндіктерін көтеру. 2.Сөйлем
құрастыруға, сұрақтарға толық жауап
беруге дағдыландыру. 3.Зейінін, ойлау
қабілетін дамыту ,толық түрде қабылдау.
Тәрбиелік
мақсаты: әр түрлі мамандық түрлеріне
қызығушылығын тудыру және
еңбек
адамдарына құрмет сезіммен қарауға
тәрбиелеу.
Қолданылатын
көрнекіліктер: интерактивті тақта,
мамандық иелерінің суреттері, лента,
Шөжелерім әні, қағаздан қиылған
жемістер.
Әдіс-тәсілдері:
әңгімелесу, сұрақ-жауап,
ойын, көрсету.
Мотивациялық-ынталандырушы кезең
1. Амандасу
Құтты қонақ келіпті Төрімізге еніпті Амандасу үлкенге Тәрбиенің ізеті Ал, қанеки бәріміз Сәлем дейік үлкенге Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Шаттық
шеңбері
-Балалар, біз сендерді көргенімізге өте қуаныштымыз. Сендерді шың көңілмен шаттық шеңберіне шақырамыз. Енді біз бір-бірімізбен амандасайық:
Жарқырып күнде ашылды
Айналаға гүл шашалды
Қайырлы күн! Қайырлы күн!
Біз нәзік қыздармыз!
Қайырлы күн! Қайырлы күн!
Біз әдемі қыздармыз!
«Сиқырлы жіп» ойыны
Ойын шарты:
Тәрбиеші:
Балалардың бірін бастаушы етіп, оған
жіпті ұсыну.Жанындағы балаға сиқырлы
сөз (сен әдемісің, сенің көйлегің әдемі,
т.б.) айтып, жіптің ұшын келесі балаға
беру керектігін түсіндіру.Ойын осылай
жалғасады.
Ұйымдастырушылық-
ізденушілік кезең
а)
Жаңа тақырып туралы түсінік
-Балалар, бүгінгі сабағымыз күнделікті сабағымыздан ерекше. Себебі біздерге қонаққа апайлар келіп отыр. Сендердің не үйреніп, не білгендеріңді көріп, тамашалауға келіп отыр.Біз өзіміздің не үйреніп білгенімізді апайлардың алдына көрсетейік.
Осы аптада қандай тақырып өттік: -Балалар: Мамандық.
Мамандық суреттерін көрсетіп, әңгімелейді
-Бұл адамдардың бәрін мамандар дейміз.Өйткені олар өз істерін жақсы біледі, білу үшін оқып үйренеді. Ол мамандардың өз құралдары болады.
Сұрақ жауап:
-Балалар, мына тақтадағы суреттерге назар аударыңдаршы. «Мен көрсетем, сендер жауап бересіңдер?»
Мына суретте қандай мамандық иесі бейнеленген?(тәрбиешілер, мұғалім). Дұрыс, Ол не істеп жатыр? (Балаларға сабақ үйретіп жатыр). Мұғалім балаларды оқуға, жазуға,ойнауға үйретеді.
Ал, мына суретімізде қандай маман иесі көрсетілген? (құрылысшы). Құрылысшы не істейді?( көп қабатты үйлер салады).
Келесі көрсетілген суретімізде қандай маман жұмыс жасап жатыр?(Дәрігер). Дәрігер не істейді? (емдейді, дәрі береді).
Мына суретте қандай маман иесі көрсетілген? (шаштараз). Дұрыс айтасындар, бұл суретте шаштараз не істеп жатыр? (қыздың шашын қиып жатыр). Біздің интернатта шаштараз бар ма?(Бар).Сендерге келіп не істейді?(шашымызды қияды).
Мына суреттегі қандай маман?(тігінші). Тігінші не істеп жатыр?( киім тігіп жатыр).
Бізге күнделікті тәтті тағамдарды пісіріп жүрген кім? (аспазшы). Дұрыс айтасындар, бұл аспазшы.Аспазшы не істейді?(Ол түрлі дәмді тамақтарды, тәтті тоқаштарды пісіреді).
Балалар мынау кім? (сатушы).Біз базарға, дүкенге барғанда заттарды кімнен аламыз?
Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда мамандық иелері дейміз. Мамандық иесі болып шығу үшін арнайы оқу орындарында оқытылады.
Дидактикалық ойын «Кімнің құралы»
Ойын шарты: Берілген карточкада мамандыққа сәйкес құралдарын табуы тиіс.
Ойын барысы: Сіздердің алдарыңызда суреттер тұр. Алдымен мамандық иесін тауып атау керексіздер. Содан соң оларға қажетті құралын табу керексіздер. Дұрыс жауап берген балаға жеміс беріледі.
Құралдар: аптечка; аспаздың құралы; қайшы, тарақ; Әдістемелік құрал, кітап, дәптер; ине, жіп.
Сергіту
сәті
-Балалар
отыра бермей бойымызды сергітіп
алайық;
Осы
балалар биді билейтін адамдарды кім
дейді?
-Дұрыс
,биші дейді.Ендеше барлығымыз биші болып
көрсек қайтеді. («Шөжелерім» әнін қосып,
балаларды билету)
-
Рахмет,балалар,біз өзімізді бір сәтке
биші болып сезініп көрдік!
Біз ойнаймыз, ойнаймыз Кім болуды қалаймыз? Балалардан қандай мамандық иелері болғысы келетінің сұрау.
Көрініс «Біз кішкентай мамандармыз»
Шаштараз (Асылжан, Болсын)
Асылжан сен бүгін шаштаразсың. Мына құралдардың арасынан шаштараздың құралын тауып ал.
Бүгін Болсын қонаққа барады екен. Асылжан, Болсынның шашын әдемі қылып өріп берші, қонақтыққа әдемі болып барсын. Жарайды ма? Ал енді Асылжан бізге тақпақ дайындапты.
Өскенбаева Асылжан:
Шаш үлгісін қиятын
Шаштараз болам жолыңа
Түрлі түрлі шаш қиып
Қызмет етем халқыма.
Дәрігер (Валя, Айымгүл апай).
Валя, сен бүгін дәрігерсің. Осы құралдардың ішінен дәрігердің құралын тауып алшы.
Сәлеметсің бе, Валя. Менің басым ауырып тұр. Мені қарап, емдеші.
Валя бізге тақпақ дайындапсың ғой, айтасың ба?
Пирофимова Валя
Жақсы оқып сабақты
Білім алып толамын
Ауруларды емдейтін
Мен дәрігер боламын
Дүкенші (Алия, Тілекші).
Сәлем Алия, маған дәптер керек. Дәптер қанша тұрады?
5 теңге
Міне, 5 теңге. Рахмет, сау бол!
Ал енді Алия бізге тақпақ дайындапты.
Мардашева Алия:
Жақсы оқып сабақты
Мақсатым бұл ұраным
Үлкен болып өскенде
Мен сатушы боламын.
Жұмбақ шешу
Жұмбақтың
шешімін тапқан балаға жеміс беріледі.
-Балалар
мен сендерге жүмбақ жасырғым келіп
тұр,тыңдаймыз ба?
1)Тәп-тәтті
тамағы,астардың маманы?
(Аспазшы)
2)Кірпіштен
сарай,үй салады,ол адам кім болады?
(Құрылысшы)
3)
Өскен шашты жаратпайтын, қайшысы бар
жалаңдайтын (Шаштараз).
-
Рахмет балалар сендерге!
-
Ал балалар кім қанша жеміс жинады
екен,санап көрейік.Көп жеміс жиған бала
бүгін белсенді, жақсы баға алатын
балалар!
Қорытынды
Осымен бүгінгі сабағымызды шаттық шеңберімен аяқтайық.
Гүл боламын
Шаршағанда ырғалып
Гүлге ұқсап демалап
Қанатымды бір қағып
Гүлдей болып жайқалады
Мадақтау:
Бүгінгі сабаққа балалар өте жақсы
қатыстыңдар.
Күтілетін
нәтиже: мамандардың қызмет ерекшеліктерін
білу. Мамандардың атауын, олардың құралын
тану.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген