400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандықтың бәрі жақсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Джаналиева Лаура Аскаровна

Жамбыл облысы Тараз қаласы

№36 «Бүлдіршін» бөбекжай-бақшасының қазақ тілі мұғалімі

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Қазақ тілі

Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы

Мақсаты: Мамандықтар туралы түсінігін молайту. Дыбыстарды ажырата алу дағдыларын дамыту. Болашақ тұлға ретінде қалыптастыру.Сөздік қорын молайту.Өз еліне қызмет қылуға тәрбиелеу.

Полингвальды компонент: мамандықтар-профессии-proffesions,

дәрігер- врач-doctor, аспазшы-повар-cook,сатушы-продавец-seller,жүргізуші-водитель-driver

Заттық- дамытушы орта: Үлестірмелі материалдар, слайд,интерактивты тақта,машина,автобус макеті,касса және дүкен макеті, дәрігер және сатушы ойыншықтары,ноутбук,шырпы қораптары, желім

Әрекет кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Балалардың әрекеті




















Ұйымдастыру-

шылық-

ізденістік



Дамыта оқыту

технологиясы


(Ой- толғаныс

әдісі)































Дамыта оқыту

технологиясы


«Ассосация

әдісі»












































Дамыта оқыту

технологиясы


«Топтастыру

әдісі»

































Рефлекциялық-

коррекциялық

Педагог:-Кане балалар, бүгін бізге қонақтар кеп қалыпты.Бәріміз бірге қонақтарымызбен амандасып алайықшы!Ал енді өлең жолдарымызды айтайық!

Шаттық шеңбері

Армысың алтын күн!

Армысың Жер ана!

Армысың достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік.

дей отырып,көңілді жүрейік.Балалар бүгінгі көңіл күйіміз қандай?

-Жарайсыңдар, балалар!Орнымызға отырайық!

-Балалар, қәзір жылдың қай мезгілі?

-Дұрыс айтасыңдар!

-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Өте дұрыс.

-Қыс айларын атап айтайықшы?

-Жарайсыңдар!

-Балалар, мен оқу қызметінің тақырыбын ашу үшін,жұмбақ жасырудан бастайын.

Жұмбақ(аудиодан)

Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрiгер емес, бiрақ ол.

Дәм мәзiрiн қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол.  

Іш ауырса, тіс ауырса,
Маған дәрі береді.
Барлық ана, барлық бала,
Оны жақсы көреді.

Дүкенге сен келесің,
Ойыншық, тәтті аласың.
Ал, балақан кім айтады,
Осыны кімнен аласың?


Елге қызмет істеген,

Көлік айдап үйренген

Ол кім?




Жаңа тақырып

Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда «мамандық иелері» дейміз. Бұл мамандықты меңгеру үшін көп оқуды, көп ізденуді, қажымас қайратты, көп еңбекті талап етеді. Мамандық иесі болып шығу үшін арнайы оқу орындарында дайындалып оқытады. Сонда ғана өзің қалаған мамандық иесі болып шыға аласыңдар.



Тосын сәт(Топқа машинамен жүргізуші бала келеді)

-Саламатсыздар ма,балалар!

Жолда жүріп үнемі,

Жолаушылар тасимын.

Бағдаршамға кезігіп,

Сақтықты да ойлаған

Жүргізуші мен болам!

-Мен жүргізушімін.Мен сендерге тапсырмалар әкелдім.Егер де осы тапсырмаларды орындасаңдар,мен сияқты арнайы оқу орталығына барып куәлік алып жүргізуші боласыңдар!



«Көлік құрастыру» ойыны.

Мақсаты:Көлік құрастыру арқылы мамандық тақырыбын ашу.

Шарты: Екі- үш шырпының қорабынан жүк машинасын құрастыру.





«Мамандықтар» сюжетті- рөлді ойын.

Мақсаты:Ойын барысында рөлдерді ойнай білуге үйрету.

Шарты:Жүргізушінің кассадағы бақылаушымен сұхбаты Жолаушылардың бақылаушымен сұхбаты.

Дәрігердің жүргізушімен және сатып алушының дүкеншімен сұхбаты.






















Сергіту сәті(музыка әуенімен)

Алақанменен хоп хоп,

Аяқпенен топ топ.

Бір оңға,бір солға

Айналайық кел мұнда.



Қолымызды бір сілтеп,

Басымызды шайқайық.

Бір оңға, бір солға

Ойнайықшы кел мұнда.


Секіреміз жоғары,

Қиын емес секіру.

Бір оңға, бір солға

Секірейік кел мұнда.


«Кім болам?» ойыны.

Мақсаты:Балаларға өз ойларын айтқыза отырып,қиял ой- ұшқырын дамыту.

Шарты:Балалар фэтр матасына мамандықтарды жапсыра отырып, болашақта кім болатындарын айтып әңгімелейді.



«Кімге не керек?»ойыны.

Мақсаты:Балаларға мамандық туралы білімдерін бекіту.

Шарты:Балалар әр мамандық иесіне өзінің керек затын сызық арқылы қосады.(флипчарт арқылы)















-Балалар,бүгінгі оқу іс әрекетінде қандай тақырыпты өттік?

-Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

-Жарайсыңдар!Сендер қазақ тілінде білетіндеріңді дәлелдедіңдер!





Балалар шеңбер жасап тұрып,бір-бірінің қолынан ұстап,ертеңгілік жылы лебіздерін өлең жолдарын айту арқылы білдіреді.


-Тамаша.

-Қыс мезгілі.


-Қыста қар жауады.

-Күн суық болады.

-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Балалар жұмбақты интерактивті тақтадан тыңдап, жауабын айтады.

(Мамандық суреттері интерактивты тақтадан шығады)

-Аспазшы


-Дәрігер

-Сатушы

-Жүргізуші




Балалар мұғалім сөзін мұқият тыңдайды.Жаңа тақырыпты түсінуге тырысады.








-Саламатсыз ба!








Балалар шырпының қорабын желіммен желімдеу арқылы жүк машинасын құрастырады.





1.Жүргізуші:-Саламатсыз ба!

Менің автобусым қай бағытқа жүреді?

Бақылаушы:-Саламатсыз ба!Сіздің автобусыңыз Алматы бағытына қарай жүреді.Жолға жүруге дайынсыз ба?

Жүргізуші:-Иә, дайынмын.

Бақылаушы:-Ендеше, құжаттарыңызды көрсетіңіз!(жүргізуші құжаттарын көрсетеді)

Құжаттарыңыз түгел!Жолға дайынсыз!Дәрігерлік тексеруден өтіңіз!

Жүргізуші:-Рахмет!сау болыңыз!


2.Жүргізуші:-Мен тексерілуге келдім.

Дәрігер:- Сізде бәрі жақсы.Сіз жолға жүруге дайынсыз!


3.Бақылаушы:-Құрметті жолаушылар!(екі рет)Алматы бағытының автобусына билет алыңыздар!

Жолаушылар:-Саламатсыз ба!Маған билет беріңізші!

Бақылаушы: -Алыңыз!

Жолаушылар:-Рахмет!Сау болыңыз!

4.Сатып алушы:-Саламатсыз ба!

Сатушы:-Саламатсыз ба!Сізге не керек?

Сатып алушы:-Маған су керек!

Сатушы:-алыңыз!

Сатып алушы:-Рахмет!Сау болыңыз!





Балалар өлең жолдарын қайталай отырып,қимыл- қозғалыстар жасайды.














-Мен өскенде дәрігер боламын.Балаларды емдеймін.

-Мен өскенде полиция қызметкері боламын.Ұрыларды ұстап, адамдарға көмектесемін.

-Мен өскенде тәрбиеші боламын.Балаларды тәрбиелеймін.


Балалар көрнекіліктегі әр мамандық иесіне өз құралын сызық арқылы қосады.




-Мамандықтар


-Дәрігер,аспазшы,сатушы,

жүргізуші.









Күтілетін нәтиже


біледі: түрлі мамандық иелері;

түсінеді:жұмбақтар шешуді,сұрақтарға жауап беруді,әр мамандық иелеріне өз құралдарын табуды;

қолданады: берілген тапсырмаларды орындауды,сюжеттік рөлдік ойындарды рөлге бөлініп ойнауды;







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі