400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандықтың бәрі жақсы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша педагогтарына қажет деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Т үркістан облысы. Ордабасы ауданы. Қарақұм елді мекені. «Ақкөгершін» бөбекжай балабақшасы МКҚК-ны . Ажибаева Нурбала Батырхановна. Балабақша әдіскері.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Қатынас . Таным Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту . Драма Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы . Мақсаты: Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру. Сюжетті-рөлді ойындарды пайдалану арқылы әр мамандықтың қыр – сырын ашу. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Көрнекілігі: Слайд, құм сағат, кюизенердің түрлі түсті есептеу таяқшалары, мамандардың қажетті құрал жабдықтары мен мамандар киімдері, үлестірмелі дидактикалық материалдар. Әдіс – тәсілі: Слайд көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, педагогтың жетекшілігімен жүргізілген ойын, құрылымдалған ойын, ыстық кеспе әдісі, бағдаршам әдісі. Барысы:

Ж ылулық шеңбері: « Тілек шары » деп аталады. ( Бір – біріне шарды ұсынып беру арқылы бір – біріне жақсы тілектерін айтады)

  • Әр күнің ашық болсын!

  • Саған денсаулық тілеймін!

  • Аспанымыз ашық болсын!

  • Ата- анамыз аман болсын!

  • Балабақшамыз көркейе берсін!

  • Деніміз сау болсын!

  • Балалар қараңдаршы сендердің қолдарыңдағы шарларын бір – бірлеріңе жақсы тілек айтқан сайын, үлкен тілек шарына айналды.

  • Мінекей өзгеге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң өзіңе қайтып оралады екен.

  • Балалар көңіл – күйлерің қалай, жақсы ма? ( Иә)

  • Ендеше балалар осы жақсы көңіл күймен оқу қызметімізді бастаймыз.

  • Бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбы « Мамандықтың бәрі жақсы» деп аталады. Осы мамандық иелері туралы танып білетін боламыз.

  • Балалар сендер балабақшаға күнде келгенде қандай мамандық иелерімен кездесесіңдер? ( Балабақша тәрбиешісі, тәрбиеші көмекшісі, балабақша бастығы, би үйретуші, саз жетекші ағай т.б.)

  • Сендердің ата – аналарың қандай мамандық иелері екенін білесіңдер ма? ( Әр баладан жеке сұрау, жауабын тыңдау)

Мамандықтың түрлері өте көп: Дәрігер, мұғалім , тәрбиеші, ұшқыш, құрлысшы, шаштараз, жүргізуші, аспаз , әнші, биші, журналист т.б көптеген мамандықтар бар. Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білу керек. Қалаған мамандықтың иесі болу үшін еңбексүйгіштік пен білімділік қажет, үлкен өнер мен зор шеберлікті қажет етеді.

Слайд көрсету, жұмбақ жасыру, әңгімелеу, балалардан сұрау түсінік беру.

Мектептің жүрегі , білімнің тірегі. ( Мұғалім- әріп үйретіп, білім нәрімен сусындататын абзал адам.)

Сауықтырар сырқатты , жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер- ақ қалатты абзал жан, адам баласының арашасы емдейді шипасын тигізеді.)

Тікті әсем киімді, дүкенге әкеп ілінді. ( Тігінші - өрнектетіп, сәндетіп, киім –кешектер тігеді.)

Зымыранды ерттеген, ай жұлдызды зерттеген. (Ғарышкер- аспан әлемін зерттеуші)

Өскен шашты жаратпайтын, қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз - бұл мамандық иесі адамдардың шашын қиып сәнін келтіреді.)

Дабылға тез жететін, жалынға сүнгіп кететін. (Өрт сөндіруші- төтенше жағдай болған кезде бірінші көмек келеді.)

Бал татыған мәзір, ол бар жерде әзір.(Аспазшы- дәмді тағам пісіретін маман иесі )

Жалтылдап қалағы, салатын кім қаланы? (Құрлысшы- зәулім ғимараттар, қабат - қабат үйлер салатын маман иесі.)

Тұрады әркез сауда сатып, таразы, шотпен достасып (Сатушы- дүкенге барған кезде бізге қажетті заттарымызды тауып , есептеп беретін маман иесі)

Ол көлікті тізгіндейді,жол жөнекей қасынан жолаушы бір үзілмейді. (Жүргізуші - баратын жеріңе тез жеткізіп салатын, адамға қамқор болатын жан. ) - Міне мамандық иесінің өзіндік ерекшелігі, әр маманның өзіне тиесілі жұмыстары мен шеберліктерімен ерекшеленеді. Сендер осы мамандық иелері туралы тақпақтар білесіңдер ма ? Кім айтады маған ?


Мамандық иелеріне арналған балалар тақпақтары .


А яулым: Біз – мұғалім , ұстазбыз ,

Игі істерге құштармыз.

Білім беріп шәкіртке,

Шақырамыз тәртіпке.


Азамат : Біздер – малшы, егінші,

Шаруақор баламыз.

Ертең қолдар ел іші,

Нағыз фермер боламыз.


Толқынай : Біз – дәрігер, дәрігер.

Ауруды емдеп жазамыз.

Науқас келсе, әбігер,

Боламыз да қаламыз.


Елнұр: Біз – мұнайшы маманбыз,

Байлығына ел алаңбыз.

Жерге бұрғы саламыз,

Мұнай көзін табамыз.


Анель: Біз – әншіміз, бишіміз.

Бала емеспіз жалыққан,

Біз – талапты күйшіміз

Өнерпазбыз халықтан.


- Балалар сендер мына күнделікті келіп жүрген балабақшаларың, өздерің тұрып жатқан үйлерді салатын адамдарды , ауырып қалсақ емдейтін адамдар, киімдерімізді тігіп беретін адамдар, бізге білім беретін адамдар, шашымызды әдемілеп қиып беретін және тамақ пісіретін адамдар бар . Бұл адамдарды бір сөзбен айтқанда мамандық иелері дейміз.

- Балалар бағанадан бері сендер көптеген мамандық иелерінің еңбегімен таныстыңдар. Енді өздерің өскенде кім болғыларың келетінін айтатын кез келді. Сендердің кім болғыларың келетіндігін сендер мына суреттер арқылы таңдап, « Арман гүліне » іліп қойыңдар.

Осы таңдаған мамандықтарың бойынша дамытушы орталықтарға барып , сюжетті рольді ойындар ойнаймыз. Ойын кезінде қатты шуламаймыз, бір – бірімізге кедергі жасамаймыз. ( Ойынның мақсатын түсіндіру)

Балалар өздері таңдаған мамандықтар бойынша педагогтың жетекшілігімен жүргізілетін және құрылымдалған ойындарды ойнайды.

« Емхана» ойыны. Мақсаты: Ақ халатты абзал жандардың игілікті еңбегіне деген балалардың сүйіспеншіліктерін арттыру.

Шарты: Балаларды рөлдерге бөлу. Ойын барысында емханада шуылдауға болмайды, шу дәрігерге де, ауру адамға да бөгет екенін түсіну .

Ойын барысында балалар бір – бірімен қарым – қатынасты нығайту барысында сыпайылықты, инабаттылықты, адамгершілік сезімдері оянады .

«Құрылысшы» ойыны. Мақсаты: Қаншама үйлер, мектеп, балабақшаны құрылысшылар салатынын түсіндіру. Ойын арқылы үйлерді қалай салатынын көрсету. Құрылысшы маманының еңбегі зор екенін саналарына сіңіру. Еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.

Шарты: екі топқа әр түрлі тапсырма беріледі.

  1. топ әр түрлі фигуралардан үйлер мен зәулім сарайлар құрастырады.

  2. топ кюизенердің түрлі түсті есептеу таяқшалары арқылы үйлер мен өздерінің ұнаған ғимараттарын салады.

«Шаштараз» ойыны: Мақсаты: Балаларды шаштараз ойынымен таныстыра отырып, шаштарын үнемі тарап әдемілеп жүруге үйрету. Шаштың әр түрлі үлгісін көрсету. Әсемдікке, әдемілікке баулу. Балалардың достық қарым-қатынастарын, ұжымдық сезімдерін дамыту. Еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттыру. «Шаштаразға» кіріп, шаштарын алғызып, рахметін айтып ризашылық сезімдерін білдіреді. 

«Дүкенші» ойыны. Мақсаты: Балаларды еңбекке, еңбекті құрметтей білуге, сыпайыгершілікке, ізгілікке, адалдыққа баулу. Шарты: Балаларды рөлдерге бөлу: Тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді. Ереже бойынша сатушылар да, тұтынушылар да бір-бірімен сыпайы сөйлеседі. Бір затты сатып алған соң, рахмет айтуды ұмытпауы керек. Сатушыда өз кезегінде «Тағы да келіп тұрыңыз», - деп ілтипат білдіреді.

«Аспазшы» ойыны. Мақсаты: Балаларды тағамның түрлерімен таныстыру. Оларға жасаудың қарапайым жолдарын түсіндіру. Асты қадірлеуге үйрету.

Шарты: ермек саздан түрлі тәтті күлшелер жасайды.

екі топқа бөлініп жұмыс жасайды.

Балалардың жасаған жұмыстарын бағалау.


( Топтарға бөлініп ойнау сәтінен )

Сергіту сәтін ұйымдастыру ( Би қимылмен )

Балалардың ойлау қабілетін дамытуға байланысты суреттер беріп «Сәйкестендіру әдісі» бойынша « Кімге не керек?» тапсырмасын орындау. Шарты: суреттегі бірінші бағанда тұрған мамандық иелерінің суреттерін , екінші бағанадағы суреттердың тиістісіне жіппен қосып сәйкестендіру.

« Ыстық кеспе» әдісі. Балаларды екі топқа бөліп, дамытушы ортада жасаған жұмыстары туралы сұрақтар қою арқылы, оқу қызметін қорытындылау.


Қорытынды: Балалар бүгін біз не туралы өттік? ( Мамандық туралы)

Қандай мамандық иелерімен таныстық ? ( құрылысшы , дәрігер, сатушы , аспазшы, т.б. )

-Иә дұрыс айтасыңдар, мамандықтар туралы толық мағлұмат алдық, оның еңбек екендігін білдік. Рольдерге бөлініп жақсы маман екендіктеріңді ойын арқылы көрсете отырып, сендер өздерің еңбек жасадыңдар, мінекей қандай еңбек болсын , бәрінің өз м амандығы болады.

Мадақтау.

Жұлдызшалар беру.

Балаларға үш түрлі түсті смайликтер тарқатып беру арқылы оқу қызметін қорытындылап бағалау. Балалар сендер бүгінгі оқу « Бағдаршам» әдісі арқылы , өз – өздеріңе топтық бағалау жұмысын жасайсыңдар. ( Қызыл түс – Түсініксіз нашар орындаған, Сары түс – толық емес , жартылай орындалған. Жасыл түс – бәрі т амаша, өте жақсы)

Кері байланыс.«Бағдаршам» әдісі арқылы.



Менің бүгінгі ұйымдастырған оқу қызметім жаңартылған білім беру мазмұны бойынша «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында ұйымдастырдым. Мұндағы мақсатым: Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру. Сюжетті-рөлді ойындарды пайдалану арқылы әр мамандықтың қыр – сырын ашу.Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, педагогтың жетекшілігімен жүргізілетін ойын, құрылымдалған ойын жүргіздім.Балалар өзін – өзі бағалау әдісі бойынша Бағдаршам әдісін , Ыстық кеспе әдісін ,Сәйкестендіру әдісін жүргіздім.

Ашық сұрақтар қою арқылы балалардың мамандық иелері жайлы сұрап білдім,саралау стратегиясының ресурс арқылы саралау әдісін қолдану арқылы қарқыны жоғары балаларға қосымша ресурс бердім.

4 к моделі бойынша балаларды орталықтарға бөлдім,саралау стратегиясының рольдерге топтарға бөлу әдісі бойынша, сюжетті рольдерге бөлініп, ойынды ойнап шықты. Балаларға өзара пікір таластыруға , өзінің пікірін дәлелді құруға дағдыланды. Топ ішінде белсенді тілдік қатынас орнады. Тапсырмада берілген сұрақтарға жауап іздеп, өзіндік пікір айтуға дағдыланды.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25 қыркүйек
1113
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі