400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандықтың бәрі жақсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айырықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру саласы:Коммуникация

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы ».

Мақсаты: Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айырықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.

Білімділік: Мамандық түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: Мамандықтар туралы балалардың білімдерін кеңейту арқылы балалардың сөздік қорын ,ой-өрісін, шығармашылық қиялын дамыту. Адам өміріндегі іс-әрекеттің маңызын көрсету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп ,қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелілік: Әр түрлі мамандық түрлеріне және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға қызығушылықтарын арттыру,үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: маман, тігінші, дәрігер, аспазшы,ұста, етікші,мұғалім, т.б.

Қолданылатын құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:слайд, мамандық иелерінің суреттері.


Мотивациялық-қозғаушы

Жылулық шеңбері. Қонақтармен амандасу.


Ұйымдастыру-іздестіру


Балаларға жұмбақ жасырылады.

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды

Қарға омбығып

Бет домбығып

Сырғанап жастар ойнайды

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?


Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінің айларын атаңдаршы?

Салайдпен жұмыс:

2.Қыс мезгіліне байланысты әңгіме құру.



1,2,3

топта іші тып – тыныш,

Жалқаулықты тастаймыз .

Сабақты біз бастаймыз, - деп бүгінгі оқу қызметімізді бастайық. Балалар бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болмақ. Біз саяхатшы Дарамен бірге саяхат сабағын өткіземіз. Жолымызда кездескен тапсырмаларды орындап, Дараға көмектесуге дайынсыңдар ма? Барлық кедергілерден өтсек Дараның сендерге дайындаған «тосын сыйы» бар.

Дараның 1 тапсырмасы: жұмбақтар шешу.


Мектептің жүрегі , білімнің тірегі. ( Мұғалім)

Сауықтырар сырқатты , жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)

Тікті әсем киімді, дүкенге әкеп ілінді. ( Тігінші)

Өскен шашты жаратпайтын, қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)

Дабылға тез жететін, жалынға сүнгіп кететін. (Өрт сөндіруші)

Бал татыған мәзір, ол бар жерде әзір.(Аспазшы)

Жалтылдап қалағы, салатын кім қаланы? (Құрлысшы)

Тұрады әркез сауда сатып, таразы, шотпен достасып.(Сатушы)

Ол көлікті тізгіндейді,жол жөнекей қасынан жолаушы бір үзілмейді. (Шофер)


-Иә, біз бүгін сендермен мамандықтар жайында әңгімелесеміз. Сендер «мамандық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Балалар сендер мына күнделікті келіп жүрген балабақшаларын , өздерің тұрып жатқан үйлерді салатын адамдарды, ауырып қалсақ емдейтін адамдар, киімдерімізді тігіп беретін адамдар , бізге білім беретін адамдар, шашымызды әдемілеп қиып беретін және тамақ пісіретін адамдар бар. Бұл адамдарды бір сөзбен айтқанда мамандық иелері дейміз.


Дараның 2 тапсырмасы: Мамандық туралы тақпақтар.

Отанның ұланын

Баулаған мұғалім

Өзіңсің ағытқан

Білімнің бұлағын.



Ақ халатты киемін

Аппақ болып жүремін

Аппақ болып жүргенді

Өзім жақсы көремін



Тіс ауырса іш ауырса

Анам дәрі береді

Барлық адам Барлық бала

Оны жақсы көреді.



Емесоның жәй ісі.

Қолда тарақ қайшысы

Апамның бес саусағы

Шашты қырқыптауысады.

Қолда темір қалағым

Саздан сарай саламын

Астанадан аумайтын

Әсем қала саламын

Дараның 3 тапсырмасы: ойын

-Балалар қазір біз сендермен «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз.

Ойынның шарты: Бөлменің ішінде хат жасырылған. Сол хатты тез, жылдам іздеп табамыз.Балалар хатта мамандық иесі жасырылған бөліктерге бөлінген екен кәне құрастырып көрейік.

-Балалар сендерде қандай мамандықтардың суреттері шықты ?

-Сендер сол мамандық туралы не білесіңдер?

Дәрігер сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.

Дыбыс дегеніміз не?

Дыбысты біз не істейміз?

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Әріпті біз не істейміз?


Дараның 4 тапсырмасы:дәптер бойынша жұмыс
Шарты : берілген заттар қай маман иесіне қажет 

Сергіту сәті 

Дараның 5 тапсырмасы: «Құрылысшы» ойыны.

Екі топқа әртүрлі тапсырма беріледі.

Топ әртүрлі фигуралардан үй құрастырады.


Осымен балалар бүгінгі сабағымыз соңына жетті . Біз сендермен «Мамандықтар» еліне келдік . Суретке қарасаңдар мамандықтың түрлері өте көп екен. -Ал бұл мамандықты меңгеру үшін көп оқуды, көп ізденуді ,қажымас қайратты, көп еңбекті талап етеді.Мамандық иесі болып шығу үшін арнайы оқу орындарында дайындап оқытады. Сонда ғана өздерің қалаған мамандық иесі болып шыға аласыңдар.


Балалар тыныш отырады.





Рефлексивті-түзетушілік

-Дарада тапсырмаларды дұрыс орындағандарына өте риза.Сендерге әкелген сыйлығы бар.

Дараның әкелген сыйлығы Сандық. –Сандықта не бар деп ойлайсыңдар?

-Ал , қолдарыңды жәшік ішіне салып көріңдер.

-Не бар?

-Алақай не бар!

Тәтті конфеттер бар екен.


Сабаққа кері байланыс:-Дараның тапсырмалары сендерге ұнады ма? -Әлде қиын, қызықсыз болды ма? -Не алдыңдар , не білдіңдер, не түйдіңдер өздеріне керекті?

Ұнаса Дараға біз де алғысымызды білдірейік.




Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек: Мамандық түрлерін білеуі, құралдарын атай білуі керек.

Нені игеру керек: Суретке қарап , әңгіме құрауды.

Нені біледі: Үлкендердің , мамандық иелерінің еңбегін бағалай біледі.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
395
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі