400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мамандықтың бәрі жақсы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың сөйлеу қабілетін дамытады отырып, болашақ мамандықтардың байланысты ұғымын тереңдеп, қызығушылықтарын арттыру, үлкендерді еңбегін бағалауға тәрбиелеу, сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

-------------------

№8 «Балапан» бөбекжай

балабақшасы директоры

Тлешова К.К





Білім беру саласы: Комумуникация, Таным, Әлеумет, Шығармашылық.


Білім бөлімі: Көркем әдебиет, Драма, Қоршаған ортамен танысу, Сурет


Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»


Мақсаты: Балалардың сөйлеу қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу, сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешуге үйрету. Балаларға түрлі мамандық иелерінің еңбек іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын театр ойындарымен белсенді ойнауға қызығушылығын ояту. Мамандық иелеріне арнап тақпақ айтып, керекті құралдарын бір-бірінен ажыратып өз бетінше атауға баулу арқылы ой-өрісін кеңейту.


Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, көңілді ойындар, жұмбақтар, үн таспа.


Көрнекіліктері: Мамандық иелерінің суреттері, керекті құрал заттары, көгілдір экран, үн таспа, слайд, мамандық иелеріне арналған киім үлгілері.


Блингвальды компонент:


Қыс-зима- winter

Мұғалім – учитель - teacher

Дәрігер – врач - doctor

Аспазшы – повар - cook

Шаштараз – парихмакер –hairdresser

Құрылысшы – стройтель – builder

Суретші- художник- painter








Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Ой қозғаушы

Амандасу

Аспан ашық көгілдір,

Күн шуағын төгіп тұр.

Қол ұстасқан біздерді,

Терезеден көріп тұр.


Біз бақытты боламыз,

Дос құшағын кең ашқан.

Жарқын, жарқын үніміз,

Болашақтың күніміз!


Сәлеметсіз бе!

Здраствуйте!

Good morning!

Балалар шаттық шеңберін құрады

Ұйымдастырушы ізденуші

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс сөзін үш тілде атандаршы?

Қыс айларын атап беріңдерші?


Орыс тілінде ағылшын тілінде қалай аталады?


Дұрыс айтасыңдар балалар!


Қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?


Қардың түсі қандай болады?


Балалар, сендер балабақшаға келгенде кім күтіп алып, қабылдайды?


Біздің балабақшада көптеген мамандық иелері қызмет атқарады.

Сондықтан бүгінгі өтетін ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы «Мамандықтың бәрі жақсы»

Балалар енді көгілдір экранға назар аударыңдаршы.!

Мына суреттегі мұғалім мектепте балаларға білім береді, оқытады.

Мұғалім – учитель - teacher Келесі суретте Дәрігер

Дәрігер ауруханада қызмет атқарады. Ауырған адамдарды емдейді.

Дәрігер – врач – doctor

Келесі суретке қараңдаршы.

Бұл шаштараз,

Әсемдік салонда қызмет атқарады. Шаштарымызды қиып әсемдейді.

Шаштараз – парихмакер –hairdresser

Ал, мына суретте аспазшы.

Аспазшы асханада дәрумендерге бай түрлі көкөністен тұздықтар қосып, дәмді ас дайындайды.

Аспазшы – повар - cook

Келесі суреттегі құрылысшы.

Құрылыс аймағында қызмет атқарады. Зәулім үйлерді, мектептерді құрал – саймандармен салады.

Құрылысшы – стройтель – builder

Келесі суретке назар аударыңызшы.

Бұл суретші.

Суретші табиғатты, адамдарды түрлі бояумен салады, бейнелейді.

Суретші- художник- painter

Балалар мамандық иелерімен таныстыңдар.

Ал, енді сендермен бірге «Мен өскенде кім болам?» атты сюжеттік ойындар ойнайық. Ойынның шарты: Көгілдір экраннан көрген қалаған мамандықты таңдап, сол мамандық туралы әңгіме құрастырып, қимыл қозғалыспен іс-әрекетін еңбегін рольге еніп көрсету.


І-топ балалары

ІІ-топ балалары

ІІІ-топ балалары

ІV- топ балалары

V-топ балалары

VІ- топ балаларлы


Сергіту сәті:

Ұшқыш болып ұшайық,

Ұшып-ұшып қонайық.

Өрнектерді кестелеп,

Тігіншіге ұқсайық.

Дөңгеленіп бұралып,

Билеп-билеп алайық.

Бишілерге ұқсайық.

Қыштарды бір қалайық,

Зәулім сарай құрайық.

Құрылысшыға ұқсайық.


Балалар енді шығармашылық орталықта жұмыс жасаймыз. Қалаған шығармашылық орталығына отыруларыңа болады.


І-топ «Қыс көрінісі»

Құм терапиясы арқылы саусақтың ұшымен суретті бейнелеу.



ІІ-топ «Сиқырлы бояу»

Балауызбен сурет салдырып, қылқаламмен бояуды сүйкеп, сиқырлы бояуларды сомдау.


ІІІ-топ «Үй құрастыру»

Сурет бөліктерінен үйдің, ауланың көріністерін құрастыру.



Балалар шаттық шеңберде дем алайықшы.



Сергіту сәті:

О керемет, керемет,

Бейне аппақ көбелек.

Ақша қар жай көлбеңдеп,

Қонып жатыр жерге кеп.

Дейді қайтып ұшпаймыз,

Осы жерге қыстаймыз.



Балалар, сендермен бірге «Керек затты тап?»

Ойынның шарты:

Мамандық иесінің суретін ілемін, ал сендер оған керекті құрал-заттарын тапсырасындар.


Балалар,қане кім мамандық иелеріне арнап тақпақ айтып береді.

















Бүгін біз сендермен әр түрлі мамандық иелерінің еңбегімен танысып іс-әрекетін рольге бөленіп, керемет ойнадыңдар

Қандай мамандық иелерімен танысып білдіңдер?

Сендер өскенде қандай мамандықты таңдайсыңдар?



Дұрыс, балалар!

Осындай әртүрлі мамандыққа жету үшін ең алдымен біз әдепті, тәрбиелі болып өсуіміз керек.

Үлкен аға – апаларымыздың еңбегін құрметтеуіміз керек.

Бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметінде мамандық иелерінің еңбегін , іс-әрекетін театр ойынымен рөльге еніп, керемет сомдадыңдар.

Мамандық иелерінің керекті құрал заттарын атауымен ажыратып айттыңдар. Шығармашылық орталығында керемет жұмыс жасадыңдар.

Қыс мезгілі


Қыс-зима –winter

Желтоқсан-қаңтар-ақпан

Декабрь-январь-февраль

December-january-feburary



Қар жауады, күн суық болады, аяз, боран соғады.

Аппақ


Тәрбиеші
















Балалар мамандық иелерін 3 тілде атайды.




































Балалар ережеге сай орындайды







Мұғалім

Дәрігер

Аспазшы

Шаштараз

Құрылысшы

Суретші




Балалар тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыс арқылы жаттығу жасайды







Балалар орталыққа бөлінеді.






Саусақпен бейнеледі.






Бояуды ұқыпты сүйкеп жақты.




Балалар өз жұмыстарын қызығып орындады.










2-рет іс-әрекетпен қайталады










Балалар ойынға белсене қатысты





Жақсы оқып сабақты,

Білім алып толамын.

Бөбектерді оқытып,

Мен мұғалім боламын.


Қолда темір қалағым,

Саздан сарай саламын.

Астанадан аумайтын,

Әсем қала саламын.


Мен дәрігер боламын,

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
409
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі