Материалдар / Мамандықтың бәрі жақсы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мамандықтың бәрі жақсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балаларға болашаұта қалай мамандықты тандауға болатынын ашық айту.Балалар өскенде кім болатынын айтып сол мамандық иесін рөлін ойнап беру керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2023
296
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
Айналамен таныстыру
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»


Мақсаты:
1. Білімділік: Балаларға күнделікті кезігетін мамандық иелері туралы мағлұмат беру, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру.
Сюжетті - рөлді ойындарды пайдалану арқылы әр мамандықтың қыр - сырын ашу.
«Мен өскенде кім боламын?» деген сұраққа жауап алу арқылы балалардың ой - қиялдарын дамыту.
2. Дамытушылық: Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешуге, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Балалардың қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, жұмбақ жасыру, сергіту сәті, дидактикалық ойын, ғажайып сәт, сиқырлы дорба, рөлдік ойын.
Үштілдік: Мамандық

Барысы:
 
І.Кіріспе.
Тәрбиеші Ұлжан.-Балалар, бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр, орнымыздан тұрып, амандасайық.
Сәлеметсіздер ме.

Балалар бүгінгі көңіл күйлерін қандай? Кәне бәріміз шеңберге жиналып тұрайық. Бір бірімізге күлімдеп жақсы көңіл күй сыйлайық.

Шаттық шеңбер:

Қол ұстасып кәне біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Кел тұрындар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір болу.

Қандай жақсы дос болу.

ІІ. Негізгі бөлім.

Тәрбиеші Айкүміс -Біздің бүгінгі өтетін оқу іс әрекетіміздің не екенін мен жұмбақтап айтқым кеп отыр мен қазір өлең жолдарын оқимын, ал сендер сол жолдарға қарап қандай сабақ екенін табасыңдар.
Аяқ киімді... жөндейді. (етікші)
Ұшақты... жүргізеді. (ұшқыш)
Өлеңді... жазады. (ақын)
Тамақты... дайындалады. (аспазшы)
Ауруды... емдейді.(Дәрігер)
Өртті... сөндіреді.( өрт сөндіргіш)
Балаларды... оқытады.( Мұғалім)


Рөлдік ойын: «Кім болам?»
Шарты: Балаларға болашақта қандай мамандық иелері болғысы келетіндігін және елге қандай пайда келтіретіндіктерін әңгімелету.

Тәрбиеші:-Балалар, саяхатқа бару үшін бізге не қажет? (көлік) Қандай көлікпен баруға болады? (автобус, пойыз, велосипед, ұшақ, қайық, кеме т.б)

Ал біз бүгін саяхатқа автобуспен барамыз, автобус жолдың арғы жағында тұр, оған жету үшін біз жолдан өтеміз. Жол ережесін білесіңдер ме? Жол ережесін сақтау және тәртіпті бұзбау. Қай мамандық осыны қадағалайды? Бізге көмекке полиция келеді.


Ерболұлы Нұрәли

Ел сенімін ақтайтын,

Тәртіп занды сақтайтын.

Полиция боламын,

Әділдікті қолдайтын.

Тәрбиеші Ұлжан -Балалар, полиция болу үшін қандай болу керек? Мықты, әділ, білімді т.б.

Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын.

Бұл қандай мамандық екен? (Шаштаразшы)
Біздің кішкентай шаштараздарымыз

Айдар Айнакөз

Сән үлгісін қиятын,

Шаштараз болам жолыңа.

Түрлі – түрлі шаш қиып,

Қызмет етем халқыма.

Мыңбай Ақкүміс

Қолымда қайшы тарағым

Мен шаштараз боламын


Тәрбиеші Ұлжан

Жақсы ары қарай кеттік.

Балалар, мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.

«Сиқырлы дорба» ойыны. Дорбаның ішінде әртүрлі құралдар жатыр, сендер сол құралдар қай мамандыққа қатысты екенін атап берулерін керек. (бір баладан шығып, дорбадан құрал алып атау керек қай мамандыққа қажет екенін). Тамаша барін тауып бердіңдер, недеген ақылдысыңдар.


Балалар, қандай керемет иіс тамақтың иісі, бұл не екен? (асхана). Мұнда қай мамандық жұмыс атқарады екен? (аспазшы) Аспазшы мамандығы жайлы не білеміз?

Біздің аспазшылар


Ерке

Дәмді тамақ пісіріп,

Өнерлі бала боламын.

Айша

Халқым сүйген ардақты,

Мен аспазшы боламын.


Алдымызда дүкен тұр, онда кім қызмет атқарады екен? (сатушы)

Біздің сатушы қыздар

Гүлсезім

Жақсы оқып сабақты,

Мақсатым бұл ұраным.

Үлкен болып өскенде,

Мен сатушы боламын.


Тәрбиеші Айкүміс

Сергіту сәтін жасайық.(видео)


Алдымызда аурухана тұр, онда кім істейді екен? (дәрігер)

Біздің дәрігер мен мейірбике

Шырын

Жақсы оқып сабақты,

Білім алып толамын.

Ауруларды емдейтін,

Мен дәрігер боламын.


Айша Қайырлы

Ақ халатты абзал жан,

Дәрігерге бәрі таң.

Мен де соған қызығам,

Болашақта армандаймын.


Тәрбиеші Айкүміс Кірпіштен сарай, үй салады,

Мұхаммед Бақыт

Қолда темір қалағым

Саздан сарай саламын

Баязид

Астанадан аумайтын

Әсем қала саламын



Дұрыс балалар бұл құрылыс, ал мында жұмыс атқарып жатқан адамдар құрылысшылар. Бұл мамандық туралы не білеміз?

Балалар қазір біз топқа бөлініп жұмыс жасаймыз. Сендердің алдарында үш түсті карточкалар жатыр, кімге қай түс ұнайды алады, одан кейін өз тобын тауып тұрады.

Тәрбиеші Ұлжан Балалар егер бір жерден өрт шықса біз кімді шақырамыз? (өрт сөндіруші)

Дұрыс өрт сөндірушіге телефон шоламыз 101 нөміріне.

Біздің өрт сөндіруші жігіттеріміз

Даниял

От жақпа күйерсің,

Өртеніп жүрерсін

Мейірбек

Сіріңкені ұстасан,

Бәлеге сен түсерсі.

Балалар, біз осы мамандық туралы, қауыпсіздік ережесі туралы не білеміз?

Ал , балалар, жақсы, білімді, ақылды, батыл, батыр болу үшін не істеу керек? Жақсы оқу керек, білімді болу керек. Ол білімді бізге кім береді? (мұғалім)

Дария

Жақсы оқып сабақты.

Білім алып толамын,

Бөбектерді оқытар,

Мен мұғалім боламын.



Ертай

Адамдарды күлдіртіп

Сайқымазақ мен болам

Еркеназ

Тәрбиеші апайым

Болдың бізге анамдай

Үлкен болып өскенде

Мен өзіңдей боламын

Муса.

Суретші болам өскенде

Саламын әдемі даланы

Мейірім

Тігемін әсем көйлекті

Өскенде боламын тігінші

Бұлбұл

Түрлі түрлі матадан

Көйлек тігіп аламын

Тігіс тіккен әжемдей

Мен тігінші боламын

Мансур

Бойға күшті жинаймыз

Біз спортшы боламыз

Бақжан

Денсаулықты сақтаймыз

Жаттығуды қолдаймыз



Қорытынды: Тәрбиеші Айкүміс

Жақсы осымен біздің мамандықтар әлеміне саяхатымыз аяқталды. Бәріміз шеңберге тұрайық

«Дұрыс және бұрыс» ойынын ойнамыз. Қате болса аяқты топылдатамыз, дұрыс болса алақан соғамыз.

Рефлексия: Тәрбиеші Ұлжан

Осымен біздің бүгінгі оқу іс әрекетіміз аяқталып қалды. Сендердің алдарында екі қыш құмыраның ішінде гүлдін сабағы тұр. Біреуіде көңілді смайлик күлімдеп тұр, ал екіншісі көңілсіз қабағын түйіп тұр. Енді қазір кімге бүгінгі оқу іс әрекет ұнады сол көңілді смайликке барып жапырақ жапсырады. Кімге ұнаған жоқ көңілсіз смайлікке жапсырады.

Бүгінгі оқу іс әрекет сендерге ұнады? Несімен ұнады? Ұнамаса, несімен ұнамады? Не білдіңдер?

Сендерге, балалар көп көп рахмет. Бүгін өте белсенді жақсы қатыстыңдар. Сиқырлы дорбамызда сендерге сыйлық бар.

Бізге келген қонақтарымыз бен апайдармен бізден көптеген ақпарад алды деп ойлаймыз. Келген қонақтарға да рахмет деп қоштасайық.

Сау болыңыздар.

Бекітемін

"Болашақ" бөбекжай-бақшасы меңгерушісі:

Каракенжина С.У

Тәрбиешілер:Қайыржанова Ұ.А

Халелова А.Ж



«Қарлығаш» тобы

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті

«Мамандықтың бәрі жақсы!»

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!