400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мамандықтың бәрі жақсы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы мамандық туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы : «Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты:

-                     Жалпы мамандық туралы түсінік беру.

-                     Мамандық түрлерін ажырата білуге үйрету;

-                     Еңбек етуге деген қызығушылықтарын арттыру;

-                     Үлкендерді сыйлауға, еңбекпен жасалған нәрсені бағалай

білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: алма ағашы, алмалар, гүлдер,  үнтаспа, суреттер.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, ойын ойнау, сұрақ-жауап, жұмбақ шешу

Шаттық шеңбері

Жаттап, ертек, мол аңыз,

Өсіп, өніп толамыз,

Алатаудай айбынды

Ел қорғаны боламыз.

 Балалардан жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін сұрау

 

Әкем менің дәрігер,

Шешем менің аспазшы.

Ағам менің етікші,

Жеңгем менің суретші.

Атам менің ол ұста,

Бәрі, бәрі жұмыста.

Әңгімелесу

Әңгімелесу бөлімінде кәсіби бағдар беру педагогы балалармен бірігіп мамандық туралы өлеңді талдайды. Тақырыпты түсіндіреді.

 Дидактикалық ойын «Алма теру»

Шарты: балалар алмаларды теріп,  артқы бетіндегі суретке қарап, қандай маман иесі екенін және оның немен айналысатынын атап айтулары керек.

Мақсаты: мамандық түрлерімен таныстырып, олардың еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Балалардың сөздік қорын дамыту.

 Әңгімелеу

Кәсіби білім беру педагогы балаларға   Ж.Жұмаханованың «Кім боласың?» атты әңгімесін айтып береді.

Әңгіменің мағынасын балаларға түсіндіріп, талдау.

 Дидактикалық ойын «Ғажайып гүлдер»

Шарты: құмырадағы гүлді алып, ішіндегі жасырылған жұмбақты шешу.

Мақсаты: ойын арқылы, жұмбақ шешу арқылы балалардың оқу қызметіне деген қызығушылығын арттыру.

 Сергіту сәті

Үнтаспадан А.Қалаубаеваның «Спорт, спорт» әнін қосып, балаларды билете отырып сергітіп алу.

 Дәйексөз

Кәсіби білім беру педагогы балаларға  А.Құнанбаевтың  «Сен де бір кірпіш, дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан»  деген нақыл сөзін, бүгінгі оқу қызметінің дәйексөзі ретінде түсіндіреді

 Сахналау

Балалар дүкенші мен дәрігердің рөлін сомдап ойнайды

 Тыныштық сәті

Баяу музыка ырғағында балалар болашақта кім болғылары келетінін көз алдарына елестетіп қиялына ерік береді.

 Дидактикалық ойын «Иесін тап»

Шарты: тақтада әртүрлі мамандық иесінің суреті бар қалташалар ілініп тұрады. Сол маман иелеріне сәйкес әр маманның құралдарын өз қалташаларына жинау керек. Тәрбиеші алдын ала қағаздан қиылған құралдар береді.

Мақсаты: балаларды  мамандықтар мен  әр маманның құралдарын ажыратып білуге   үйрету. Ойлау қабілетін арттыру.

 Қорытынды

Бүгінгі оқу қызметінде біз әртүрлі мамандықтармен таныстық, олардың жұмысы мен құралдарымен таныстық. Өскенде сендер де сол мамандықтардың бірін немесе бірнешеуін серік етесіңдер. Ол үшін казірден бастап  оқу қызметіне жақсы қатысып, тәртіпті болуларың керек. Үнемі жақсы ойлар ойлап, жақсы сөйлей білуіміз керек. Болашақ өмірімізден тек жақсылықтар куте білуіміз керек. Еріншектікке жол бермей, еңбек етуден жалықпау керек. Сонда ғана біздердің армандарымыз орындалады.

Сұрақ – жауап

Кәсіби білім беру педагогы балалардан өскенде кім болғылары келетінін сурап алып, қағазға жазып береді. «Арман, тілектерімізді қағазға түсіріп, сақтап қойсақ, ол орындалады» деген сөзді алға тарта отырып, тәрбиеші армандарың орындалсын деп тілек білдіреді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13.12.2023
341
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12