Материалдар / Мамандықтың бәрі жақсы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мамандықтың бәрі жақсы

Материал туралы қысқаша түсінік
мақсаты: Сөйлеу барысында мамандықтар атауын білдіретін сөздерді қолдана алады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тобы/сыныбы: МАД

Жетекшісі:

ҰОҚ: қоршаған орта

Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы

Оқу мақсаты: Мамандықтар атауын білдіретін сөздерді меңгерту.

ҰОҚ мақсаты: Сөйлеу барысында мамандықтар атауын білдіретін сөздерді қолдана алады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ойын әдісі, сөйлесу (әңгімелеу, әңгімелету) әдісі, сұрақ-жауап, көрнекілік әдістері.

Ресурстар. «Мамандықтар түрлері» суреттер жинағы, интербелсенді тақта, жүрекше стикерлар, аспаз, тігінші, дәрігер киімдері. «Мамандықтар» құрастырма суреттері.

Жоспарлау

ҰОҚ кезеңдері Педагогтің әрекеті Баланың әрекеті

Сабақтың

басталуы

Ұйымдастыру

кезеңі

2 мин

Өмірлік

тәжірибені

маңыздандыру.

4 мин Шаттық шеңбері Таңертең ерте тұрамын, Терезені ашамын. «Сәлем» - деймін Күнге мен, Шаттық әнге басамын. - Жарайсыңдар, балалар! Енді орындарыңа жайғаса қойыңдар. Сюрприздік кезең Осы сәтте есікті тоқылдатып топқа дәрігер, тігінші, дүкенші, аспаз болып киінген балалар кіреді. - Балалар, қараңдаршы бізге қонаққа кімдер келді? - Бүгін біз сендермен мамандықтар туралы сөйлесетін боламыз. Сендер мамандықтардың қазақша аталуымен танысып, оларды күнделікті өмірде қолдануды үйренетін боласыңдар. Осы сәтте бір бала ауырған болып, ортаға шығады. - Ішім-ай, ішім, ішім ауырып барады! Дәрігер дереу баланы емдеуге кіріседі, дәрі берген сынай тантады. Бала рахметін айтып орнына жайғасады. Осы кезде дәрігер бала: - Іш ауырса, тіс ауырса, Балаға дәрі бермін. Барлық ана, барлық бала, Мені жақсы көреді. - Балалар, бала емделу үшін кімге барды? - Дәрігер не істейді екен? Осы кезде аспазшы қазандағы сорпаны сапырып тұрған Шаттық шеңберіне тұрады. Өлең жолдарын мәнерлеп айта отырып, соған сай қимылдар жасайды. Жауап береді. Дәрігерге. Адамдарды емдейді, дәрі береді, т.б.

сыңай танытады. - Балалар, мына кісі не істеп тұр? - Сонда бұл кім екен? - Жарайсыңдар, балалар! Тігін тігіп отырған тігіншіге балалардың назарын аудару. - Мына кісі не істеп отыр? - Тігінші мамандығы несімен маңызды? Тамақ пісіріп жатыр, сорпа сапырып тұр. Аспаз. Тігін тігіп отыр. Бұл – тігінші.

Сабақтың негізгі

бөлігі

Тақырып

бойынша

жұмыс

20 мин - Балалар, бізге келген қонақтарымыздан басқа тағы қандай мамандық түрлерін білесіңдер? 1-тапсырма. - Балалар,алдарыңда мамандық иелері мен оларға тиесілі заттар бейнеленген суреттер жатыр. Сендер осы мамандық иелеріне өздеріне тиесілі затты тауып беріп, жанына топтастыруларың керек. - Сонымен, жүргізушіге көлік жүргізу үшін не керек екен? (Көлік рөлі) - Суретшіге ше?(Қылқалам, бояу) - Тігіншіге не керек?(Ине, жіп, қайшы) Сергіту сәті. - Балалар, сендер шаршаған боларсыңдар. Орнымыздан тұрып, бой сергітіп алайық. «Көңілді күн» https://yandex.kz/video/preview/?text=көңілді%20күн%20сергіту%20сәті&path=wizard&parent-reqid=1618779661504126-176290300733535302200109-production-app-host-vla-web-yp-154&wiz_type=vital&filmId=10757838716657698652 - Жарайсыңдар, балалар. Ал сендер осы мамандықтарға байланысты жұмбақтар білесіңдер ме? Өрнектеп, сәндеп, Тігістерін бүгетін. Солпысын жөндеп, Кім көйлек тігетін? Тігінші Қалпағы ақ қарасаң, Дәрігер емес, бірақ ол. Дәм мәзірін қаласаң, Алға ұсынып тұрады ол. Аспаз Алатаяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырығы күшті адам. Суретші – сурет салады. Жүргізуші – көлік жүргізеді. Өрт сөндіруші – өрт сөндіреді. Т.б. Бейнеленген заттарды тиісті мамандық иесімен сызық арқылы байланыстырып шығады. «Көңілді күн» әні. Бейне роликтегі қимылдарды қайталап, бой сергітеді. Бір-біріне жұмбақ жасырады.

Полиция Өскен шашты жаратпайтын, Қайшысы бар жалақтайтын. Шаштараз Сауықтырар сырқатты, Жылы үнмен үн қатты Дәрігер (Жұмбақтар https://www.zharar.com/kz/zhumbak/32082-mamandyq.html сайтынан алынды) Ойын. «Шашылған бөліктер» Шарты: Ортада үлкен үстелде белгілі бір суреттердің бөліктері араласып жатыр. Әр бөліктің артқы жағында сандар жазылған. Сол сандар бойынша балалар өзара топтасып, белгілі бір мамандық иесінің бейнесін құрастырулары керек. Топтар құрастыруды аяқтаған соң, қол шапалақтау арқылы болғандықтарын білдіреді. Барлық топ құрастыруды аяқтаған соң бір топ өз суретінде кім бейнеленгендігін, ол немен айналысатындығын әңгімелеп берулері тиіс. – Ал сендердің ата-аналарың қайда жұмыс істейді? – Олар онда немен айналысады? – Ата-аналарыңның мамандығының маңызы неде деп ойлайсыңдар? Барлық мамандықтардың маңызды екенін түсіндіру. Дәрігер адамдарды емдейді, мұғалім балаларды оқытады, жүргізуші көлік жүргізеді, өрт сөндіруші өрт сөндіреді. Міне, балалар, әрбір мамандық қажет екен. «Дұрыс, бұрыс» ойыны · Дәрігер балаларды оқытады. · Сатушы киім тігеді. · Азпазшы үй салады. · Жүргізуші машина жүргізеді. · Өртсөндіруші өрт сөндіреді. · Етікші азық-түлік сатады. – Балалар, сендер болашақта қандай мамандық иесі боласыңдар? – Оның елге қандай пайдасы бар? – Сендер таңдаған мамандықтардың бір-бірімен байланысы қандай? Балалардан сұрақ қоя отырып жауап алынады. Қиналған балаларға: - Адам өмірде не үшін еңбек етеді? - Адам еңбектенбесе тағамды, киімді қайдан алады? - Сені анаң дәрігерге апарып па еді? Не үшін апарды? -Егер жолда жол сақшылары болмаса не болуы мүмкін? - сынды қосымша қолдау сұрақтарын қоямын. Жауап береді. Ойын ойнайды. - Балалар сол мамандық туралы білетіндерін айтады. - Аспаз дәмді ас пісірумен айналысады. - Құрылысшы зәулім үйлер салады. Шаштараз – түрлі шаш сәндейтін адам. Берілген мәліметті тыңдайды. Дұрыс,бұрыстығын анықтайды. Сұрақтарға сұрақ-жауап әдісі арқылы жауап береді. Болашақта қандай мамандық иесі болатындықтарын, бұл мамандықты таңдай отырып елге қандай пайда келтіретіндіктері

жөнінде әңгімелеу әдісі арқылы әңгімелеп береді.

Сабақтың

қорытынды бөлімі

рефлексиялық

түзету.

4 мин Рефлексиялық бағалау Тақтада ілулі тұрған жасыл күліп тұрған смайл, сары сәл ғана жымиып тұрған смайл, қызыл ашуланып тұрған смайлдарға алдарындағы жүрекшелерді жапсырулары керек екендігін түсіндіру. Түсіндіру: Жасыл смайл – ҰОҚ барысында айтылған мәліметтерді түсіндім. Белсенділік таныттым. Қызыл смайл - тапсырмаларды орындау барысында қиындықтар болды. Белсенділік таныта алмады. Түсінген жоқпын. Мамандықтар туралы әңгімелеп бере алмаймын. Сары смайл –тақырыпты меңгердім. Дегенмен, өзім тақырып аясында әңгімелеп беруде қиналамын. Жасыл смайлға көп стикер жиналған жағдайда балаларды жалпы мақтап, мадақтау. Алған беттерінен қайтпау керек екендігіне баса назар аудару. - Жарайсыңдар, балалар.Сендерге болашақта жақсы оқып,білімді маман иесі болуларыңа тілектеспін. Стикерларды қыстыру арқылы өз білімдерін б



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!