«Мамандықтың бәрі жақсы!»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мамандықтың бәрі жақсы!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы!» Тәрбиеші: Жансұлу Жасөмірқызы, Атырау қаласы, №24 «Бақытты балалық шақ» бөбекжай-бақшасы.  Бұл материал мектепке дейінгі ұйымның ересектер тобына арналған. Оқу қызметінің негізгі мақсаты — балаларды түрлі мамандық иелерімен таныстыру, олардың еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу және ересектердің жұмысын бақылау негізінде ойын әрекеттеріне ынталандыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау қалалық білім бөлімі

МКҚК №24 «Бақытты балалық шақ» бөбекжай бақшасы







«Балапан» тобы

Ұйымдастырылған іс әрекет

«Мамандықтың бәрі жақсы!»





Тәрбиеші: Жасөмірқызы Ж







Атырау - 2026 ж

Жасөмірқызы Жансұлу

Атырау қалалық білім бөлімі

КМҚК №24 «Бақытты балалық шақ»

Бөбекжай - бақшасының тәрбиешісі

Ересек «Балапан» тобы

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты:
Таныс мамандық иелеріне құрметпен қарау, олардың еңбек нәтижелеріне қамқорлық танытуды бекіту. Балаларды ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын әрекеттеріне ынталандыру. Өзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, көмек көрсету ниеттерін қолдау. Сюжеттік-ролдік ойындарда ролдерді сомдайды. Құрастырудан бұрын алған дағдылары бойынша топта өз бетінше құрастыру. Мамандықтарға қатысты әр түрлі сұрақтарға жауап береді, өз ойын айтады. «Дұрыс» және «дұрыс емес» әрекеттер туралы қарапайым түсініктерге ие. Мамандық иелері туралы түсінігі бар.

Тәрбиеші: – Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешеуін табу арқылы бүгін қандай ойын ойнайтынымызды табамыз.
Аяқкиімді кім жөндейді? (етікші)
Тамақты кім пісіреді? (аспазшы)
Науқасты кім емдейді? (дәрігер)
Өртті кім сөндіреді? (өртсөндіргіш)

Шашты кім қияды? (шаштараз)


Тәрбиеші: -Балалар сендер саяхатқа барғыларың келеді ме?

Балалар: -Иә!

Тәрбиеші: Біздер бүгін «Мамандықтар еліне» саяхатқа барамыз.

-Балалар, саяхатқа бару үшін бізге не қажет? (көлік) Қандай көлікпен баруға болады? (автобус, пойыз, велосипед, ұшақ, қайық, кеме т.б)

-Ал біз бүгін саяхатқа жаяу барамыз, олай болса біз жолдан өтеміз. Жол ережесін білесіңдер ме?

-Жол ережесін сақтау және тәртіпті бұзбау.

-Көшеде жол ережесін кім бақылайды?

-Полиция

-Ендеше бізге полиция келеді.

(Полиция қызметкері балаларды жолдан өткізуге көмектеседі)

Тәрбиеші: - Балалар, полиция болу үшін қандай болу керек?

Балалар: Мықты, әділ, білімді т.б.

Тәрбиеші: Міне балалар біздер «Мамандықтар еліне» келдік. Балалар қараңдаршы мына жерде дорба жатыр, ол жай дорба емес, сиқырлы дорба екен.

Қане мен дорбаны ашып көрейін (тәрбиеші дорбаны ашып қарайды).

Балалар ішінде әр түрлі мамандық иелеріне арналған заттар бар екен?

Осы сиқырлы дорбадағы заттармен мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

«Сиқырлы дорба» ойыны. Дорбаның ішінде әртүрлі құралдар жатыр, сендер сол құралдар қай мамандыққа қатысты екенін атап берулерің керек (балалар дорбадан мамандық иелеріне қатысты заттарды алып, қандай мамандық иесіне тиесті құрал екенін айтады).

Тәрбиеші: - Бұл қандай мамандық иесінің құралы?

Балалар: - Дәрігер құралы

Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар балалар

Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Тіс дәрігері»

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Ойынға жақсы қатыстыңдар. Осылай үнемі тістеріңді тазалап жүріңдер. Сонда сендердің ешбір тістерің ауырмайтын болады.

Келесі сиқырлы дорба да қандай мамандық иесі екенін анықтайық.

(Балалар дорбадан аспазшы мамандық иесін алады)

Қане балалар біздер аспазшыға көмектесіп ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Аспазшыға көмектесу»

Әуенмен көңілді сергіту

(балалар қимыл қозғалысымен жасау)

Тәрбиеші: -Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, қай мамандық иесі екенін табуларың қажет.

Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын.

Бұл қандай мамандық екен? (Шаштаразшы)
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар, қане бәріміз мына әдемі қыздардың шашын әсемдеп берейік.

Ойын: «Шашты әсемде»

Жақсы ары қарай кеттік.

Тәрбиеші: - Балалар, мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр.

(дорбадан өрт сөндірушінің құралын алады)

Балалар егер бір жерден өрт шықса біз кімді шақырамыз?

Балалар: - Өрт сөндіруші

Тәрбиеші: - Дұрыс өрт сөндірушіге телефон шоламыз 101 нөміріне.

Ойын: «Өрт сөндіруші»

Тәрбиеші : - Балалар сиқырлы дорбамызда тағы да мамандық иелеріне арналған құралдар бар екен. қане қандай мамандық иелері екен?

(балалар дорбадан полиция мамандығын алады)

Балалар осы полиция мамандығына байланысты ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Полиция маманы»

(полиция машинасын липучка арқылы құрастыру)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Енді сиқырлы дорбамызда тағы мамандық иесі қалып қойды (балалар етікші құралын алады).

Ойын: «Етіктің бауын байлаймыз»

Тәрбиеші: Жақсы осымен біздің мамандықтар әлеміне саяхатымыз аяқталды. Бәріміз полиция қызметкерімен бірге тобымызға жетіп алайық.(топқа келеді)

Тәрбиеші Осымен біздің бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекетіміз аяқталып қалды.

Бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекет сендерге ұнады ма? Несімен ұнады? Ұнамаса, несімен ұнамады? Не білдіңдер?

Сау болыңыздар.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі