Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандықтың бәрі жақсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандығым мақтанышым
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мамандықтың бәрі жақсы,


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру арқылы бұрын беймәлім мамандықтар жайлы жалпы ұғым қалыптастыру;

2. Дамытушылық: Балаларды әрқилы мамандықтарға сын тұрғысынан қарап, ойлау қабілетін, өрісін кеңейту;

3. Білімділік: Оқушыларға мамандықтардың пайдалы жақтарын айта отырып, олардың бәрі адам мүддесі, қоғам мен халыққа қызмет етуші екендігін түсіндіріп, жалпы мамандыққа және оны игеріп ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген маман адамдарға деген құрметтеу, ардақтау және мақтаныш ете білу сезіміне тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Түрлі маман иелері көрсетілген суреттер,



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу.

Жылулық шеңберін орындау:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басығой,

Ал қанекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге,

Сәлеметсіздер ме апайлар.



II. Психологиялық дайындық:

Тәуелсіз жаңа заманда,

Сұраныс көп маманға.

Нағыз маман пайдалы,

Мемлекет, қоғам, адамға.

Демекші бүгін сендермен мамандықтар жайлы сабақ өтеміз балалар.

Балалар сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер? Жұмбақ арқылы тексеріп көрсем.

Мен сендерге мамандық жайлы жұмбақтар жасырамын. Құлақ салып тыңдап отырамыз.

IV. Жұмбақтар:

1) Мектептің жүрегі,

Білімнің тірегі. (Мұғалім)


2) Сауықтырар сырқатты,

Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)


3) Тікті әсем киімді,

Дүкенге әкеп ілінді. (Тігінші)


4) Зымыранды ерттеген,

Ай – жұлдызды зерттеген. (Ғарышкер)


5) Тыныштығын Отанның,

Күзететін адам кім? (Шекарашы)


6) Тәртіп, заңды сақтайды,

Ел сенімін ақтайды. (Полиция)


7)Адамның жүзін,

Басы мен көзін.

Айнытпай келбетін,

Салатын кім суретін?

(Суретші)


8)Жасыл желек көгалда,

Бірде артқа,

Бірде алға,

Желаяқ көп бала,

Таласып жүр бір шарға.

(Футболшылар)


9)Жолының көп азабы,

Сондадағы тынбайды.

Жаңалықты жазады,

Көпшілікті тыңдайды.

(Журналист)



10)Күміс қанат, сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі,

Кеткен жанды кім дейді?

(Ұшқыш)


11)Өрнектеп, сәндеп,

Тігістерін бүгетін.

Солпысын жөндеп,

Кім көйлек тігетін?

(Тігінші)


12)Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрігер емес, бірақ ол.

Дәм мәзірін қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол.

(Аспаз)



13)Жалтылдап қалағы,

Салатын кім қаланы

(құрылысшы)


14)Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын.

(Шаштараз)


Өте жақсы. Енді сендер өскенде кім болғыларың келеді? Қандай мамандық иелері болғыларың келеді? Сол туралы айтып берсеңдер.

Тақпақтар:


Мұғалім (Адина):

Жаққан білім шырағын,

Мен боламын мұғалім.


Дәрігер (Дина):

Сыйлайтын саулық, амандық,

Дәрігер жақсы мамандық.


Шекарашы(Қайсар):

Тыныштық күзетіп тұратын,

Шекарашы болып шығамын.


Жүргізуші (Ерсайын):

Елге қызмет істеген,

Көлік айдап жүргізем.


Аспазшы (Асия):

Жасайтын түрлі тағамдар,

Аспазшы жақсы мамандық.


Ғарышкер:(Хан)

Тоқтар, Талғат – нағыз ер,

Солардай болам – ғарышкер.


Полиция:(Мансұр)

Тәртіп, заңды қолдайды,

Полиция елді қорғайды.


Құрылысшы:(Әбілқайыр)

Адамдарға үй салған,

Құрылысшы болам ұлғайсам.


Шахтёр : (Мустафа)

Ел байлығын көбейткен,

Шахтёр болам есейсем.


Тігінші:(Мариям)

Тігетін киім-кешекті,

Тігінші болам мен епті.


Электрик:(Нұрілек)

Жарық еткен түніңді,

Электрик болам білімді.


Өте жақсы балалар, ер жеткен соң ата – аналарың мақтан ететін, өзгелер құрметтейтін, сыйлайтын, ең бастысы еліміз мақтан тұтатын азамат, маман иесі болыңдар!

Балалар бүгін сендерді тағы бір мамандық иесімен таныстырғым келіп тұр.

Банк жайлы айтатын боламын. Банк дегенде нені түсінесіңдер? (Балалардың жауаптарын тыңдап , арықарай түсінтіру)

Банк - дегеніміз балалар, құнды қағаздар мен ақшамызды сақтайтын орын екен қарапайым тілде .

Банкте кімдер қызмет атқарады сол жайлы айтып берейін.

Банкті ашқан адамды «Банкир» деп атаймыз.

Қазақстанда Банкир ,Банк жұмысын жасау үшін осындай жұмысшыларды жұмысқа қабылдайды. Басқарманың төрағасы, оның орынбасарлары, бас бухгалтері, оның орынбасары, бөлімшелердің бірінші басшысы мен бас бухгалтері, менеджерлер, операторлар жұмыс жасайды.

(Суретпен көрсетіп , түсінтіріп өту)

Ал енді Банк бізге қандай қызметтер ұсына алады кішігірім көрініс ретінде көрсетіп өтейік , я балалар.

Көрініс: «Банк бөлімшесі»

Ата мен апа пенсиялары түсіп , карталарын алып пенсия алуға банкоматқа бара жатыр.

Ата : Әй кемпір пенсия да түсті жүр барып ақшамызды шешіп алайық.

Апа: Жарайды шал жүр банкаоматқа барайық, пенсиямызды шешіп базарға барып қайтайық я.

Ата : Кемпір осы пенсияны алып қалаға барып бір аралап келемізбане дейсің а, екеуміз Шымкентке барып жаңа фонтанды көріп қайтайық.

Апа: Жарайды жүр.

Банкоматқа келіп, картаарын салып ақша шешпекші болады.

Апа: Әй шал мына карта істемей тұрма ақша шықпай тұр қарашы.

Ата: Қой неге? Әкел мен көрейін. Кемпір менің де картам істемей тұрма қарашы ақша шықпай тұр .

Енді нестиміз?

Кемпір жүр Банкке барайық , сол жақтағы қыздарға көрсетейік, көмек берсін.

Банкке келеді: Менеджер қыз күтіп алады.

Менеджер Мәриям: Саламатсыздар ма, Ата- Апа сіздерге не көмек керек айтаберіңіздер.

Ата : Мына біздің картамыздан ақша шықпай тұр қарашы .

Мәриям: Ата мына карталарыңыздың мерзімі өтіп кеткен екен сіздерге жаңа карта ашып берейін , күте тұрыңыздар.

Апа : Жарайды.

Сол уақытта Банкке тағы екі клиент кіріп келеді.

Күзет Әбілқайыр : Сәлеметсіздере ме, не шаруамен келдіңіздер?

Айару: Бізге теңгені доллорға айналдыру керек.

Дина : Бізге каасаны көрсетіп жіберсеңіз.

Кассаға келеді.

Кассир Айым :Келіңіздер сіздерге қандай қызмет ұсына аламыз.

Дина : Біз шет елге демалуға бара жатыр едік , бізге тенгені доллорға ауыстыру қажет.

Айару : Курс қанша болып жатыр.

Айым:Курс Доллорың 520 Теңге болып тұр , ауыстырасыздар ма?

Дина : Ия ауыстырамыз (деп тенгелерін береді)

Айым: Тенгені алып , 500мың теңге 963 доллар болады мінекейіңіз санап алыңыз.

(деп ақшасын береді)

Қыздар ақшаны алып рахмет деп шығып кетеді.

Мәриям: Сіздердің карталарыңыз дайын болды. Апа сізге алтын карта беремін, бұл картамен төлем жасайтын болсаңыз бонус түсіп тұрады, ал ата Сізге жаңадан шыққан картаны беремін шет елге барып аударым жасайтын болсаңызда комиссия төлемейсіз.

Ата : ой жақсы болдығой, енді пенсиямызды шешіп алайық кеттік.

(Банкоматқа барып пенсияларын шешіп алады)

Банкке жаңадан бизнес ашамын деп жүрген жастар келеді.

София : Сәлеметізбе мен жеке кәсіпкермін. Жаңа бизнес ашуға кредит алсам деп келдім.

Қайсар: Бізге қанша мөлшерде кредит шығады көріп берсеңіз.

Мәриям: әрине көріп беремін , қазір ұсыныс жіберейін, міне сіздерге милион теңге кредит алуға болады екен.

Қайсар : Ооо жақсы болды , енді бизнесіміз өркендейтін болды.

София : Ия мына кредитті алып біраз шаруаны бітіріп алатын болдық , жақсы болды, оң шешім шыққаны.

Мәриям: кредитті картамен беремін, банкоматқа барып шешіп ала бересіздер ақшаны.

София: Жарайды рахмет көк-көп.

(Қайсар екеуі шығып кетеді)

Тәрбиеші.: Міне балалар банктің қызмет көрсетіуімен кішігірім танысып алдық. Кәне барлығымыз отырып сергітү жаттығуын орындап алайық.

Сергіту сәті: доп алып, алақанға салып әуен ырғағымен қимыл жасау.

Балалар қараңдаршы мына жерде умаждалған ақшалар тұр екен . Ақшаны үнемі тегіс жазық күйде ұстау керек , келіңдер осы ақшаларды ойын арқылы тегістеп жазып шығайық.

Ойын : «Достар қолы»

Төрт бала бірге шығып, екеуден құшақтасып тұрады. Әр бала тек бір қолын қимылдатып ақшаны жазып шығады . Екі бала бірге етене қимылдап көп ақша жазса , сол жұп жеңіске жетеді.

Тәрбиеші: Ой жарайсыңдар балалар. Балалар мына әмиянды көріп тұрсыңдар ма ? осы амияннан біреуден берейін сендер қанша ақша бар екенін санап беріңдер жарайма.

Балаларға әмиян беріп ақша санату.

Қорытынды : Балалардан Банк деген не екенін сұрап, өскеде қандай маман болатындарын сұрап шығу. Ал балалар қандай маман иесі болсаңдар да мамандықтарың өздеріңе қызмет жасасын, ал сендер елімізге қызмет жасайтын үлкен тұлға болып өсе беріңдер.





















Түркістан облысы . Сарыағаш қаласы.

ЖШС « Шұғыла- Дулат» б.балабақшасы


Меңгеруші: Үсіпбекова Б Қ












Тақырыбы:

Мамандықтың бәрі жақсы





«Байтерек» тобы

Тәрбиеші : Акилбекова Д











2025ж



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12