"Мамандықтың бәрі жақсы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мамандықтың бәрі жақсы"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 1 Shape1

Жамбыл облысы Тараз қаласы
№13 балабақша тәрбиешісі
Бердикулова Айнур Улыгбековна.



Білім беру саласы:
«Коммуникация», «Әлеумет», «Таным», «Денсаулық», «Шығармашылық».
Ұйымдастырылған оқу қызметі:
Сөйлеуді дамыту, Қоршаған ортамен танысу, Сурет.
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Мақсаты:
балаларға күнделікті кезігетін мамандық иелері туралы мағұлмат беру, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру. Жұмбақ шешу арқылы сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту. Үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдер: ТРИЗ, сұрақ- жауап, түсіндіру, жұмбақ жасыру, ойын.
Сөздік жұмыс: мамандық.
Билингвальды сыңары:
мамандық- профессия, аспаз- повар, шаштараз- парикмахер, мұғалім- учительница, тігінші- портниха, сырлаушы- маляр.
Заттық дамыту ортасы: слайд, маман иелерінің суреттері, қима суреттер, түрлі түсті бояулар, үлгі суреттер.
Мотивациялық-қозғаушылық:
Шаттық шеңбері
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Армысың Жер ана!
Армысың Күн ана!
Армысың достарым,
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Ұйымдастырушылық- ізденістік:
-Балалар, таңертең сендерді ата- аналарың сендерді қайда алып келеді? (Балабақшаға).
-Балабақшада сендерді кім қарсы алады? (Тәрбиеші)
-Ал, өздері қайда кетеді? (Өз жұмыстарына)
-Сендер өз ата- аналарыңның қайда жұмыс істейтінін білесіңдер ме?
-Сенің анаң қайдай жұмыс істейді?
-Ал, сенің әкең қандай жұмыс істейді? (Балалардың жауаптары тыңдалады).
-Ал, мен балабақшада тәрбиеші болып қызмет атқарамын.
-Балалар бұлардың бәрін бір сөзбен мамандықтар деп атаймыз.
Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Мамандықтың бәрі жақсы».

-Балалар сендер мамандық иелері туралы білесіңдер ме?
Слайдттан мамандық иелерінің суреттері шығады.
Балалар мамандық иелерін атайды және қандай қызмет атқаратынын айтады.
Билингвальды сыңары: мамандық- профессия, аспаз- повар, шаштараз- парикмахер, мұғалім- учительница, тігінші- портниха, сырлаушы- маляр.

-Олай болса, мен сендерді «Кім зейінді?» ойынына шақырамын.
Шарты: әр маманның өзіне қажетті құралдарын тауып қояды.
Рисунок 3
Жұмбақ.
Қалпағына қарасаң,
Дәрігер емес бірақ ол.
Ас мәзірін қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол. (Аспазшы)
Рисунок 2
Музыка әуенімен аспазшы кіреді.
-Сәлеметсіңдер ме балалар.
-Балалар бұл кісі біздің балабақшада қандай қызмет атқарады? (Аспазшы)
-Дұрыс айтасыңдар балалар, сендер күніне балабақшада неше мезгіл тамақ ішесіңдер? (Төрт мезгіл таңғы ас, түскі ас, бесін ас, кешкі ас)
-Жарайсыңдар балалар, сендер дұрыс тамақтанып, тазалық сақтап жүрсеңдер сендердің денсаулықтарың мықты болады, ауырмайсыңдар.
-Балалар біз дәрумендерді қайдан аламыз? (Жемістерден, көкөністерден)
Ойын: «Сорпа және шырын»
Шарты: жемістер мен көкөністерді ажырату.
-Олай болса маған жемістер мен көкөністеді ажыратып беріңдерші.
Жарайсыңдар балалар, менің енді балалар түскі ас әзірлейтін уақытым болды. Түскі аста кездескенше балалар!
Аспазшы шығып кетеді.
Есік соғылып дене шынықтыру пәнінің жетекшісі кіреді.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар.
-Балалар бұл кісі біздің балабақшада қандай қызмет атқарады? (Дене шынықтыру оқу қызметінен беретін мұғалім)
-Балалар, үнемі денемізді шынықтырып, жаттықтырып, сергітіп жүрсек, біздің деніміз сау болып өсеміз. Қанекей бәріміз орындарымыздан тұрып, денемізді сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Шынығамыз жастай біз,
Жаттығуды бастаймыз.
Бір, екі, үш, бір, екі, үш,
Бойымызға жинап күш.
Шынығамыз жастай біз,
Жаттығуды бастаймыз.
Шаршасаңдар балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерің шынықсын,
Саналарың тынықсын.
Дене шынықтыру жетекшісі қоштасып шығып кетеді.
Ойын: «Дұрыс па, бұрыс па?»
Шарты: дұрыс болса, қол шапалақтайды, бұрыс болса аяқтарын топылдатады.
-Қойшы балаларды оқытып жүр? (Аяқтарын топылдатады)
-Жүргізуші машина жүргізеді? (Қолдарын шапалақтайды)
-Аспазшы үй салып жүр? (Аяқтарын топылдатады)
-Дәрігер адамдарды емдейді? (Қолдарын шапалақтайды)
-Жазушы хат, газеттер тасып жүр? (Аяқтарын топылдатады)
-Дәрігер етік тігіп отыр? (Аяқтарын топылдатады)
-Мұғалім балаларды емдеп жүр? (Аяқтарын топылдатады)
-Ұшқыш әдемі киім тігеді? (Аяқтарын топылдатады)
-Өрт сөндіруші өртті сөндіреді? (Қолдарын шапалақтайды)
-Әнші сахнада ән айтып тұр? (Қолдарын шапалақтайды)
Слайдтан сырлаушының суреті шығады.
-Балалар тақтадан қанадай маман иесін көріп тұрмыз? (Сырлаушы)
-Сырлаушы қандай қызмет атқарады? (Үйді, бөлме ішін сырлайды).
-Олай болса біз де екі топқа бөлініп бір топ үйдің есігін, бір топ үйдің шатырын бояумен бояайық. (Балалар екі топқа бөлініп, бір топ үйдің шатырын бояайды, бір топ үйдің есігін бояайды. Пішіндерді атап, түстерін ажыратады).
Рисунок 6 Рисунок 5
Балалардан пішіндер және олардың түстері туралы сұрап өтемін.
Рефлексиялық-түзетушілік:
-Балалар, біз бүгін оқу қызметімізде кімдер туралы әңгімеледік? (Мамандық иелері туралы)
- Қандай мамандық иелері бар екен? (Өздері білетін маман иесін атайды)
-Балалар жақсы маман болу үшін не істеу керек екен? (Жақсы оқу керек, еңбек ету керек).
-Олай болса еңбек туралы кім мақал- мәтел айтып береді?
Али: «Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей»
Азиза: «Еңбек түбі береке»
Аруна: «Еңбектен қашсаң,
Дөңбекке жолығасың»
Амалия: «Еңбек адамның екінші анасы»
-Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Мен сендерді көңілді смайликтермен марапаттаймын.


Күтілетін нәтиже:
Біледі:
мамандық түрлерін біледі, құралдарын атайды;
Меңгереді: үлкендердің еңбектерін бағалауды, оларға құрметпен қарауды; Жасай алады: түстерді дұрыс таңдап, ұқыпты бояайды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.05.2018
530
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі