400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мамандықтың бәрі жақсы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы» Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінң түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңда білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз. Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Сыныбы: 1 «А»

Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінң түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.

Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңда білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

         Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, слайд

         Жоспары:

1.     Кіріспе. Сұрақ – жауап.

2.     Оқушылардың әдеби монтажы.

3.     «Менің ата-анамның мамандығы» (оқушылар шығармашылығы)

4.     Ойын:  «Кім жылдам?»

5.     Ойын: «Қай мамандық иесі?»

Барысы. «Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергенің» қонақтармен амандасу.

Мұғалім: Балалар, бүгін біз мамандық туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?

Мұғалім:- Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық.

1 – оқушы: Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.

Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.

Әсмепаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан,

деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.

Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

 Мұғалім: Ал, балалар, кім мамандық пен еңбек туралы мақал – мәтелдер біледі?

Еңбек түбі - береке.

Еңбек түбі - зейнет.

Ерінбей еңбек етсең – ерінің асқа тиеді, Ерініп ілбіп кетсең – иегің тасқа тиеді.

Біліп істеген мақсатына тез жетеді.

Сайф Сарайи

  Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

2 – оқушы: Еңбек – адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.

3 – оқушы: Ал мамандық – еңбек қызметнң түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділкті талап етеді.

4 – оқушы: Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрестілген іс. Мамандық иесі олу үшін әдейі оқу керек.

Мұғалім: Сонымен балалар, белгілі бір мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керек екен.

-         Балалар, енді тақтаға назар аударамыз!

 Мамандық

Еңбек қызметі

 

Ой еңбегі                                               Дене еңбегі

 

- Ақын     ұстаз    дәрігер          құрылысшы   шахтер    ұста

-         Балалар, сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер?

-         Машина, ұшақ, кеме, мотоцикл, велосипед, т.б.

-         Ал қандай сусын түрлерін білесіңдер?

-         Шай, какао, сүт, айран, қымыз, кофе, шырын, т.б.

-         Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

    -    Мұғалім, кітапхнашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, загер, тігінші, т.б.

-         Балалар, сендер қандай мамандықтықтарды көбірек естисіңдер?

-         Мұғалім, кітапхнашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, загер, тігінші, т.б.

Ал енді, балалар, қазір «Мамандықтың бәрі жақсы» деген ойын ойнаймыз. Қазір мен сіздерге мамандықтар жазылған карточкаларды үлестіріп беремін. Ал сендер сол мамандық туралы  білетін өлең, тақпақты айтып беріңдер.

Дәрігер:

 Ақ халатты киемін,

Аппақ болып жүремін.

Аппақ болып жүргенді,

Өзім жақсы сүйемін.

«Дәрігермін» мен деймін,

Кәрі әжемді емдеймін.

«Көп – көп ішіп дәріні,

Кәрілікті жең» деймін.

 Дәрігер: Мен дәрігер боламын

               Үлкеннің де баланың

                Қиналғанда қасына

                Бірінші боп барамын

  Ұшқыш: Ар- намысын сақтаған

                 Жүректе сыр жаттаған

                 Жан тәнімен сақтаған

                 Ұшқыш болғым келеді

 Инженер: Мен инженер боламын

                  Жерден алтын табамын

                  Жолын қуған әйгілі

                  Академик ағаның

  Ақын:      Ал мен ақын боламын

                 Сусылдаған қаламым

                 Адамдардың жүрегін

                 Жырмен жаулап аламын

  Аграном: Нан беремін баршаға

                 Жер маманы болам мен

                 Барып жүрмін бақшаға

                Аграном ағаммен

 Мұғалім: Мен үлкейіп өсіп толамын

                Сонда өзіміздің осы ауылдың

                Бөбектерін оқытып үйретіп

                Мұғалима боламын

 4. Ойын:  «Кім жылдам?»

Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажет құралдарды қойып, екі баланы шығарамын, ойын шартын түсіндіремін. Екі бала екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды (шаштараз-аспаз, мұғалім-дәрігер).

5. Ойын: «Қай мамандық иесі?»

- Тарағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (шаштараз)

- Қалағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)

- Ожауы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Аспаз)

- Күрегі бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Диқан)

  

Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
981
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі