Материалдар / "Мамандықтың бәрі жақсы" ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мамандықтың бәрі жақсы" ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбиешілерге арналған ашық оқу қызметі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2018
866
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Балдырған» бөбекжайы тәрбиешісі

Жадрасинова Сара Каскирбаевна


Ұйымдастырылған ашық оқуіс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы!» 

Мақсаты: Балаларға күнделікті кезігетін мамандық иелері туралы мағлұмат беру, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру.Сюжетті – рөлдіойындарды пайдалану арқылы әр мамандықтыңқыр - сырынашу.«Мен өскенде кім боламын?» деген сұраққа жауап алу арқылы балалардың ой – қиялдарын дамыту.Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақшешуге, ойлау,сөйлеу қабілетін дамыту.Балалардың қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, жұмбақжасыру, сергітусәті, дидактикалықойын, ғажайыпсәт.

Сөздікжұмыс: Мамандық – профессия

Көрнекіліктер: тақырыптың суреттері, мамандық иелерінің құралдары мен киімдері, ойынға қажеттісуреттер.

Тәуелсіз мына заманда,
Сұраныс көп маманға.
Нағыз маман пайдалы,
Мемлекет, қоғам, адамға

Шаттық шеңбері
Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Алдыменен бәріміз, 
Амандасып алайық.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бер қысайын,
Амандасып өзіңмен,
Құшақтасып алайын.
Сәлем! Сәлем! Сәлем!

Ал енді бәріміз тілектер айтайық.
- Деніміз сау болсын. 
- Ақылды болайық! 
- Дос, тату болайық!Біздің бүгінгі өтетін сабағымыздың не екенін мен жұмбақтап айтқым кеп отыр мен қазір өлең жолдарын оқимын, ал сендер сол жолдарға қарап қандай сабақ екенін табасыңдар.
Аяқ киімді... жөндейді. (етікші)
Ұшақты... жүргізеді. (ұшқыш)
Өлеңді... жазады. (ақын)
Тамақты... дайындайды. (аспазшы)
Ауруды... емдейді.(Дәрігер)
Өртті... сөндіреді.( өрт сөндіргіш)
Балаларды... оқытады.( Мұғалім)
Иә балалар сендер дұрыс айтасыңдар біз бүгін мамандықтар жайында сабақ өтетін боламыз.Мамандық дегеніміз не? Қалай түсінесіңдер? Балалар сендер мына күнделікті келіп жүрген,өздерін тұрып жатқан үйлерді салатын адамдар бар,ауырып қалсақ емдейтін адамдар бар,киімдерімізді тігіп беретін адамдар бар,бізге білім беретін адамдар бар, шашымызды әдемілеп қиып беретін және дәмдеп тамақ пісіретін адамдар бар.Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда 
мамандық иелерідейміз.Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі

- Қане балалар сендер қандай маман иесін білесіңдер?
- бәріміз бірге тақтадағы суреттерді қандай маман иелері екенін атап өтейік.
- Қалай ойлайсыңдар осылардың барлығы біздің өмірімізге қажет пе?

Дид/ойын «Сөйлеп тұрған кім?»Балалар біз қазір мына сөздерді естіп қандай мамандық иесі сөйлеп тұрғанын анықтайықшы:

1)Балмұздақ сатамын!Балмұздақ! -сатушы

2)Жүріңіз қай жаққа апарып тастайын? –жүргізуші

 3) Қай жеріңіз ауырып тұр?Қазір ыстығыңызды өлшейін. -дәрігер

 4)Шашыңызды қандай үлгіде қиып берейін?-шаштараз

 5)Бүгінгі сабақта біз балалар күзгі табиғат туралы әңгімелесеміз? -мұғалім

 6)Мен манты жасап жатырмын,қазір дайын болып қалады? -аспаз

Балалар тыңдап қандай маман иесі екенін анықтайды

Жұмбақ шешу

-Балалар мен сендерге жүмбақ жасырғым келіп тұр,тыңдаймыз ба?

1.Тәп-тәтті тамағы,астардың маманы (Аспаз

 2.Кірпіштен сарай,үй салады,ол адам кім болады?(Құрылысшы)

3.. Астында жүйрігі,қолында құрығы(жылқышы)

4. Қалықтайды, бірақ ұшпайды (биші)

5. Қолында қайшы тарағы, тәртіпке шашты салады (шаштараз)

6.Аспанға ол самғайды,  

Ғарыштарды шарлайды.

 Болмаса егер ол кісі  

Білмес едік осынау  

Аспандағы мән-жайды. (ғарышкер)

Ойындар. «Мамандықтың бәрі жақсы».
Балалар сюжетті рөлдік ойын ретінде, әр маман салаларының атқаратын қызметтері жайында танысады. Өздерін сол маман иесі орнына қояды. Сөйтіп, өздері рольдерге еніп ойындарды ойнайды.
Балаларды ойын барысында рольдерін ауыстырып отыру.

Дидактикалық ойын: «Кімге не керек ?»

Балалар дәрігер, азпазшыға қажет құралдарды тауып қоюы керек. Балаларды тапқырлыққа үйрету.

Мамандық иелеріне арналған балалар тақпақтары.
1. Қолда темір қалағым. (Айзере)
Саздан сарай саламын
Астанадан аумайтын
Әсем қала саламын.

2. Отанның ұланын (Аянат)
Баулаған мұғалім
Өзіңсің ағытқан
Білімнің бұлағын.

3. Тіс ауырса (Аяна)
Іш ауырса
Анам дәрі береді
Барлық адам
Барлық бала
Оны жақсы көреді.

4. Емес оның жәй ісі. (Марhаба)
Қолда тарақ, қайшысы
Апамның бес саусағы
Шашты қырқып тауысады.

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам»

Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажетті құралдарды қойып, төрт баланы шығарамын, төрт баланы төрт түрлі мамандық иесіне бөлемін, ойын шартын түсіндіремін. Төрт бала өзіне қажетті құралдарды тез – тез бөліп алады. Алған құралдарымен не істеуге болтындығын айтады және өскенде сол маман иесі болғысы келетіндігін айтады. (шаштараз, дәрігер, құрлысшы,  аспаз)

Қорытынды: Сұрақ – жауап:

-  Сонымен балалар қандай маман иесі болсын ол адамның еңбегін балай білу керек екен. Ол мейлі бастық болсын, мейлі қарапайым шаруа иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білу керек. Осыны еш ұмытпаңдар.  

Балалар сендерге бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?

- Не білдік, не үйрендік?

Бүгін бәрің жақсы қатыстыңдар, рахмет сендерге.

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек:  Балалар мамандық түрлерін білуі, қажетті құралдарын атай білуі керек.

Нені игереді: Суретке қарап әңгіме құруды меңгереді.

Нені білді: Үлкендердің, мамандық иелерінің еңбегін бағалай біледі.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!