Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңды таңдай біл.

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп түлектерімен кездесу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңды таңдай біл.

\студенттермен кездесу кеші\

1-жүргізуші:Кеш жарық, құрметті ұстаздар, студент жастар мен мектеп оқушылары!

Қайда менің студенттік күндерім

Жалындаған жастық шағым күн керім

Дауылдатып, думандатып жүретін,

Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім.

2-жүргізуші

Қайда сол бір асыл жанды достарым?

Аңқылдаған, жарқылдаған от-жалын,

Сұңқар жігіт, аққу қыздар қайдасың?

Еске аламыз жүрегімде от жанып,- деп ақын ағамыз жырлап кеткен студенттік өмірдің бел ортасында жүрген жастарымыз бен оқушылар арасындағы кешті ашық деп жариялаймыз.

Ән:

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар қадірлі қонақтар! Дәстүрлі салтымыз бойынша Қаратерең орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары мен кешегі мектеп түлегі, бүгінде еліміздің әр қиырында оқып жатқан Ж.О.О. және арнаулы оқу орны студент жастары арасында болғалы отырған «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңды таңдай біл» атты кездесу кешімізді бастаймыз.

2-жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Студенттерімізді шақырамыз ортаға!

Салтанатты кешіміздің қонақтарын дуылдата соғылған шапалақпен ортаға шақырамыз.

\студенттерді атап ортаға шақыру\

2-жүргізуші: Құрметті студенттер кешімізге қош келдіңіздер!

1-Жүргізуші: Студенттер аяулы ақ армандар,

Жыл сайын жасарғандар, жаңарғандар

Қызық қуып терезеге қадалғандар,

Білім қуып бөлмеге қамалғандар.

Студенттер сарылып ой қуғандар

Қарынды қара суға тойдырғандар

Қара нанды достарымен тең бөлісіп

Күн сайын, апта сайын той қылғандар, дей отырып, кешегі оқушы бүгінгі студенттермен таныс болайық.(Студенттер өздерін таныстырады).

\курс студенттеріне тапсырма беру\

1-курс:



2-курс:



3-курс:



4-курс:




2-жүргізуші: Өнерпаздар жарысып ән салады

Жиын десе той десе жан салады

Кешіміздің ашылу құрметіне,

Әуелеген әсем ән жолданады.

Ән:

2-жүргізуші: «Ия, уақыт деген зымыран!...Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа,»-деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей алдарыңда кеше ғана мектеп табалдырығында партада отырып, білім нәрімен сусындаған шәкірттеріңіз бүгін таудай болып, жайқалған жасыл баудай болып үлкен білім ордаларының студенттері болып отыр.Бұл жастар-көк байрағын желбіретіп, әнұранын асқақтатқан егемен еліміздің ертеңі мен келешегі.

«Ұрпақтар сабақтастығы»______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


1-жүргізуші:Жастар – ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениетін

өсіретін, аға-апаларымыздың ісін ары қарай жалғастыратын болашақ азаматтар. Ертеңгі күннің құрығын қолға ұстап, жолға шыққан студент жастар қадамдарыңа нұр жаусын.Бүгінгі кешті өткізудегі басты мақсат-студенттік өмірдің қызықты сәттері туралы сұрақтарға жауап алу еді.


1-тапсырма «Жалғасын тап» ойыны

11 сынып: «Менің сыныптастарыма және досыма ...»

1-курс: «Егер студент атанамын десеңіз ...»

2-курс: «Ең үлкен қоқыныш бұл ...»

3-курс: «Ең үлкен бақыт - ...»

4-курс: «Сен «Дипломмен ауылға»» бағдарламасымен келерме едің?»

1-жүргізуші: Мың бұрала билеген биші қыздарымызға кезек берейік.

Ойын: 1) «Жоғарғы бал кімге бұйырады?»

2-жүргізуші: Асау жүрек жанығып алқынбасын,

Бойыңа біткен өнер сарқылмасын.

Шыңға біткен шынардай биіктерде,

Халықтың ән-өнері сарқылмасын,-дей келе келесі кезекті әсем әнге берейік.

Ән:

2-жүргізуші:Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарындар.

Халық айтса, қалып айтпас,

Әрқашанда нанымды.

Сол шындықты күнделікті

Көріп жүрміз өмірден.

Сан мыңдаған жастар өсті

Өнер ашқан жалынды, -дей келе кезекті оқушылардан жасырын түсірілген бейнемонтажға береміз.

«Мектеп жетістіктері»__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

1-жүргізуші: Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсан арқалан

Сенде бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан, -деп Абай атамыз жырлағандай, өмірден өз орындарын тауып, қоғамның бір кірпіші болып қаланғалы отырған студенттерге арналған 9-10-11 сынып оқушыларының сұрақтары бар, кзеекті сұрақтарға берейік (сұрақ-жауап)

2-жүргізуші: Мерекеміз бүгінгі құтты болсын,

Әрқашан мерекелік көңіл болсын!

Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,

Қане, достар күлкімен орта толсын!

Келесі кезекті тағы да ойынға береміз

Ойын:

2-жүргізуші: Осы елде білім қуған,

Студент біздің атымыз

Кездесеміз сіздермен,

Сәлем қабыл алыңыз!Ал, ендеше кешіміздің қадірлі қонақтарынан, студент жастардан қонақ кәде күтеміз!

1-жүргізуші: Өнерпаздар жарысып ән салады,

Жиын десе той десе жар салады

Кешіміздің салтанатты құрметіне

Әуелеген әсем ән жолданады.

2-жүргізуші: Заңғары заманымның ұстаз анам,

Арнадым жүрек жырын бүгін саған.

Сен де бір мөлдір мұхит түбі терең,

Асыл тас маржандары жарқылдаған,-дей келе ұстаздарымыздың (пікірін) лебізін тыңдасақ.

1-жүргізуші: Киелі қара шаңырақ Қаратерең орта мектебінен түлеп ұшқан шәкірттерімізге білім нәрімен сусындап, өмірден өз орындарыңызды тауып, халқымыздың қалаулысы болыңыздар демекпіз.

2-жүргізуші: Қоғамның жүрек дүрсілі, өзегі бүгінгі жастар екені белгілі. Ендеше, сол еліміздің жастары, мына біздер. Қазақстаннның болашағын бұлыңғырлатпай, сенімдерін селдіретпей, көк байрақты тік ұстап, еліміздің абыройын асқақтата берейік деген тілекпен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет! Кешіміздің соңы думанды биге ұласады.




























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2018
578
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12