400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандықтың барі жақсы.Тренинг.

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологилық тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг тақырыбы:  «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша  таңдап ал!»


Тренингтің мақсаты: Оқушы жеке тұлғасының бәсекелестік қабілетін, өзінің қалауына сай белгілі бір еңбек әрекетіне дайындық білімділігін қалыптастыру. Оқушының түрлі еңбек жағдайына араласуға деген тәрбиелік ұмтылысын қалыптастыру. Оқушылардың шығармашылық, сауаттылық белсенділігін дамыту. Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру. Әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.

Көрнекілігі: слайдтар, нақыл сөздер, қима қағаздар, түрлі–түсті жіп орамы.

Тренингтің жүргізілу барысы


І. Кіріспе сөз

ІІ. «Мамандықтың бәрі жақсы» 

ІІІ.  «Қойма (бункер)» жаттығуы

VІ. «Мамандығым-мақтанышым»  жаттығуы

V . Қорытынды сөз

 

І. Кіріспе сөз

Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар және мектеп оқушылары! Бүгінгі өткелі отырған «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал!» деп аталатын психологиялық тренингке қош келдіңіздер!

Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Кез - келген саналы баланы «Мен болашақта қандай мамандықты таңдасам екен?» немесе «Таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін?» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандықты таңдау үшін адам, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?»- деген сұрақ қойып, соған жауап іздеуі қажет. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес.Мектеп – шәкірттерді тек білім нәрімен сусындатып қана қоймай, олардың болашағына даңғыл жол салып береді. Әрбір шәкірттің ертеңіне алаңдаған ұстаз олардың кемел келешектің иесі болуын көздейді. Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа мазмұн білімнің тұлғаға бағытталуын, олардың белгілі бір мамандықты игеруіне ықпал етуін қамтиды. Сондықтан шәкірттеріміздің өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарай жүрек қалауымен жақсы мамандық таңдау жолында бағдарлы білім алып, әрқайсысы дүниенің бір – бір кірпіші болып қалануын тілейміз. Тренигіміздің мақсаты да – осы. Болашаққа дайындықты бүгіннен бастауымыз қажет. Әбу Насыр Әл Фараби: «.... адам кез - келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,- деген.

 «Мамандықтың бәрі жақсы» тренингі

Тренинг мақсаты: Оқушылар мамандық түрлерін, олардың атқаратын қызметтерін, адамға пайдасын, жақсы жақтарын талдап, саралауға үйреніп, меңгереді.

Жүргізілу барысы: 10 оқушыны ортаға шығарып, олардың қолына бір-бір парақтан беріп, алдында тұрған оқушының арқасына сүйеніп парақта жазылған мамандық бойынша, сол мамандықтың жақсы жақтарын, сол мамандық жайлы мағлұмат жазу

Нәтижесі: Жаңа мамандық түрлерімен танысады және олардың өмірдегі орнын біледі.

 «Қойма (бункер)» жаттығуы

 Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері, классификациясы белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.

Жүргізілу барысы: 12 оқушыны ортаға дөңгелек үстелге шақырып, қолдарына парақша таратып, сол парақ бойынша өзін бункерден шығу жолдарын қарастыру қажет. 

Шарты: Бункер жер астында орналасқан. Бункерден тек 4 адам ғана шығады.

1.    Мен-военный (әскери) адаммын. Мен тәртіпті ұстаған және сіздерге дұрыс бағдар беріп, жол көрсетеін адамның бірі мен. Сол үшін осы қоймадан сіздерді алып шығатын адамның бірден-бірі мен. Сол үшін маған дауыс беріңіздер.
2.    Мен – дәрігермін. Сіздер осы қойнаудан шығамын дегенге дейін алдарыңызда бірнеше кедергілер келіп, жарақат алуыңыз мүмкін. Сол кезде жараңызды таңып, алғашқы көмекті беретін адамыңыз мен. Сол үшін мені таңдаңыздар.
3.    Мен – психологпын. Менің көмегім арқылы сіздер стресске түспей, аман–есен жер бетіне шығасыздар. Сол үшін мені таңдаңыздар.
4.    Мен – журналистпін. Бункерден шыққаннан кейін, сіздер жайлы, елдің жасынан, кәрісіне дейін жүректі тебірентер мақала жазып, атақ-абыройларыңызды шығаратын мен боламын. Сол үшін мені таңдаңыздар.
5.    Мен – тігіншімін. Осы бункерден қанша жылда шығатынымыз белгісіз. Сол себепті, жыртылған киімдеріңізді жамап, тігіп беретін адамдарыңыз менмін. Мені таңдаңыздар.
6.    Мен – бизнесменмін. Жер бетіне шыққаннан кейінгі өмірлеріңізді ойлаңыздар. Мені таңдасаңыздар, материалдық жағынан жер бетінде көмектесемін.
7.    Мен – мұғаліммін. Жер бетіне шыққанда сіздердің балаларыңызға саналы тәрбие, сапалы білім беремін. Мені таңдаңыздар.
8.    Мен – аспазшымын. Мен сіздерге осы бункерден шығамын дегенге дейін тамақ әзірлеп, күш-қуаттарыңызды арттырамын. Мені таңдаңыздар.
9.    Мен – үй шаруасындағы 8 баланың анасымын. Мен сіздерге тігін де тігемін, тамақты да әзірлеймін. Балаларыма баруға көмектесіңіздер, бұл жерден мен де шығайын.
10.    Мен – заңгермін. Жер бетіне шыққанда заң жағынан сіздерге көмектесемін.
11.    Мен – археологпын. Мені таңдасаңыздар өкінбейсіздер. Зерттеу жұмыстарына сүйене отырып, тез бункерден шығу жолын қарастырамын.
12.    Мен – әншімін. Мені таңдасаңыздар мен сіздердің көңілдеріңізді көтеріп, стреске де түсірмей, жақсы көңіл – күй сыйлаймын. Мені таңдаңыздар!

Нәтижесі: Әрбір оқушы өз мамандығын қорғап, басқа мамандыққа сыйлата білуге үйренеді.

«Мамандығым-мақтанышым»  жаттығуы

Әдістеменің мақсаты: Оқушылардың қандай–да болмасын жағдаяттан шыға білу қабілетін дамыту. Мамандығының қыр-сырын меңгеруге баулу.

Жүргізілу барысы: 5 жағдаятты, 5 оқушыға беріп, осы жағдаяттан шығу жолын іздеуге баулу және рөлдік ойынды орындау.

-    Сіз-дәрігерсіз. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозыңызбен келіспейтінін айтты. Сіздің шешіміңіз қандай?
-    Сіз – мұғалімсіз. Сабаққа ата-ана қатысып отыр. Сіз үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушыңыз дайын емес. Не істер едіңіз?
-    Сіз – әншісіз. Сахнадан ән салып тұрсыз, көрермен ұйықтап отыр, бұл сізге ұнамады, не істейсіз?
-    Сіз өзіңізге ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандығыңа ата-анаң қарсы.Сен ол кезде не істер едің?
-    Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласыз ба?

Нәтижесі: Оқушылар миға шабуыл бағытын меңгереді.

Қорытынды сөз: Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті. Сондықтан сіздерге мамандық таңдау жолында адаспай, өмірден өз орындарыңызды тауып, дүниенің бір кірпіші болып қалануларыңызға шын жүректен тілектеспіз

Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!

Ең қиын мамандық - адам боп қалу» демекші мамандық таңдауда адаспай, адамдық биіктен аласармай, жақсы азамат болуларыңа тілектеспін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.03.2019
521
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі