15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мамандықтың бəрі жақсы.
Мамандықтың бәрі
жақсы
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін
дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп,
қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын
мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.
Мамандықтарға сипаттама беру, қыр - сырын ашу. Оқушылардың бойына
жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңда білуге, еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу.
Сайыс кезеңдерімен таныстыру.
1. «Білімді мыңды, білікті
бірді жығады» (білім сайысы)
2.«Тапқыр болсаң тауып көр» (мамандыққа сәйкес қасиеттерді
табу)
3.Маман иесі – психолог – оқушының жан дүниесін түсіну
Егер осы маман иесі болсам! (ситуациялық шешу)
4.Шығармашылық жұмыс «Кім боламын?»
5. Қорытынды бөлім
1, 2, 3 тапсырмаларда оқушылар өз білімдерін өздері бағалайды.
Жауабы: тақтадан көрсетіледі. (1- В, 2-В, 3-В, 4-А, 5-А, 6-В, 7-А,
8-Б, 9-А, 10-Д.
Қалған екі тапсырманы пікір сайыс түрінде өткіземіз.
І. Тест
1. Жер бетінде қанша мамандық түрлері бар?
А) 3000 Б) 3200 В) 3400
2. Мамандықты Климов неше типке бөлді?
А) 2 Б) 3 В) 5
3. Мамандық таңдауда адам өз бойында қандай қасиеттерді жетілдіру
керек?
А) тәрбиелік Б) өзін - өзі ұстай білу В) шешім қабылдағыш Г)
барлығы дұрыс
4. Мамандықты меңгерген адамды қалай атайды?
А) маман Б) мамандық В) кәсіпкер
5. Мұғалім, дәрігер, тәрбиеші қандай типке жатады?
А) Адам - адам Б) Адам - белгі В) Адам - техника
6. Адам – табиғатқа жататын мамандық
А) ұста Б) тігінші В) агроном
7. Ұстамдылық қандай кәсіп иесіне жатады?
А) суретші Б) сатушы В) әнші
8. Малшыға қандай талап қойылады?
А) шебер Б) күш иесі В) шыдамды
9. Қорлық келісім сауда және биржалық келісім жасағанда арада
жүретін адам
А) дилер Б) брокер В) моклер
10. Мамандық таңдауда қандай жаман әдеттерден аулақ болу керек?
А) үстірт қарау Б) ұсақшыл В) әлсіз Г) көп сөзділік Д) бәрі
дұрыс
ІІ Тапсырма
Төмендегі қасиеттер қай мамандыққа сәйкес келеді, дұрыс жауапты
бағыт сызығымен байланыстыр
Тренер----------- тапқыр
Дәрігер---------- әділ
Мұғалім--------- өте ақылды
Журналист----- шыдамдылық
Механизатор----өз мамандығын жетік білу
Құрылысшы------ой - өрісі жоғары
Заң қызметкері---мейірімді
өнер иесі-----------мәдениетті
ІІІ. Тапсырма
Сіздің мамандығыңыз психолог сыныпқа келдіңіз. Оқушылардың көңілі
күйі әр түрлі. Қалай ажыратасыз?
Жауабы: 1. Бейжай 2. Өшпенділік 3. Көңілді 4. Өте ашулы. 5.
Уайым 6. Жасырын қуаныш 7. Нашар көңіл 8.
Ашулы 9. Өте қуанышты 10. Терең қайғы 11.
Ұнатпау 12. Қайғы
ІҮ. Тапсырма
Егер мамандық иесі болсаң не істер едің: (ситуациялық шешу)
Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін
айтты. Сіздің шешіміңіз?
Мұғалім жайлы әңгіме «Жүрексіз нені түсінеміз?» сабаққа ата - ана
қатысып отыр. Үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушы дайын емес. Не
істер едіңіз?
Әнші. Сахнада ән салып тұрсыз, көрермен ұйықтап отыр. Бұл сізге
ұнамады. Сіз не істейсіз?
Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту
жасады, қорқытты. Не істер едіңіз?
Тігінші. Сізге бір кенет жақсы матадан көйлек тіктіруге тапсырыс
береді. Ол матаны тігу барысында дұрыс болмай қалды. Тапсырыс
беруші сізге ренішпен ұрысып, матаны тауып беруіңізді талап етті.
Сіз қалай жауап берер едіңіз?
Аспазшы. Асханаға келген кенет жасалған тағамға көңілі толмай
қайтарып әкелді, ақысын сұрады. Сіздің жауабыңыз?
Жүргізуші. Сіз алыс жолдан шаршап келіп дем алып жатырсыз, досыңыз
келіп, сізге бір жерге алып баруыңызды өтінді. Не деп жауап берер
едіңіз?
Ү. Тапсырма
«Кім боламын?» тақырыбына эссе жазу. Әр оқушы өзі қалаған
мамандығына жазады.
Жүректен жүрекке Ж.
Баласағұн
«Еңбек туралы»
Басым көкке жетсін десең армандап,
Әр жұмысты біліп істе, қарма оңдап,
Барлық істі сарапқа сап істегін,
Қисаппенен қазынаңды үстегін.
Кісі танымақ болсаң, ісіне қара.
Өз күшің жеткенше, өзің үшін аянба.
Ерте тұрып, кеш жат ұйқың қанады,
Ерте тұрған ердің бағы жанады
Қорытынды: Сонымен оқушылар, бүгінгі «Мамандықтың бәрі
жақсы» атты сайысымызда
жақсы маман иесі болу көп оқып, оны келешекте
мамандық таңдауда дұрыс шешім жасауға пайдалануға ой түйдік.
Сабағымыздың соңында барлығымыз бірге бір - бірімізге сәттілік
тілей отырып, «Алақан сипау» ойынын ойнасақ. Сол жағымызда отырған
адамның алақанын сипап бір мақтау сөз және бір тілек айтып сынып
сағатымызды аяқтаймыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген