жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Мамыр» айында өткізілген Республикалық «Ағылшын тілі» Блиц-турнирінің 1 орын жеңімпазы
Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................1-2
І. Негізгі бөлім I. Критериалды бағалау бойынша нормативтік құжаттар ...............................3-4 1.1. Бағалаудағы критериалды тәсілдер.............................................................5-7 1.2. Оқушыларды критериалды бағалау жүйесі..............................................8-10 1.3. Оқытудың кіріктірілген үдерісі...............................................................11-12
ІІ Қалыптастыру құралдарын қалыптастыру 2.1. Тапсырманы құрастырудың мақсаты......................................................13-19 2.2. Бағалау құралдарын құрастыру үдерісі .................................................20-21
III..Рәсімдерді жоспарлау және жиынтық бағалау құралдарын құрастыру........................................................................................................22-24 IV.Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі ........................................25-28 Қорытынды......................................................................................................29 Глоссарий...........................................................................................................30 Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................31
КІРІСПЕ
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғанықалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау . Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады. Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола қаншалықты әділ баға алғанын білмей келді, күмәнмен қарды. Бұл жағдайда алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін және оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келген болатын. Сол кезде оқушы білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. «Бағалау» терминінің өзі «жақын отыру» дегенді білдіреді.( МАН 57- бет). Ал, бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады.
Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдейді (оқушылар бірін — бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда) . Формативті бағалау оқушылардың қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтау және одан да зор жетістікке қалай жету керектігін жоспарлау үшін қолданылады. Формативті бағалау күнделікті сабақта үлкен роль атқарады, себебі күнделікті оқу жетістіктері
1
мен кері байланыс оқушыларға өз оқуы туралы қортынды жасауға және нәтижені жақсарту үшін керекті шешім қабылдауға ықпал етеді. Формативті бағалау оқушының әр сабақтағы іс — әрекетін бағалайды. Бұл жерде оқушының сабақтағы белсенділігі, еркін өз ойын білдіруі, сыныптастарына көмектесуі, бірлесіп жұмыс жасауы т.б.жатады. Формативті бағалау баға қоюмен жүзеге асырылмайды. Мақтау, мадақтау, жылы шырай таныту, қолдау көрсету, ынталандыру формативті бағалаудың түрлері болып табылады. Формативті бағалау оқыту кезеңінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Формативті бағалау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бағалаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы мен жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.
2
I. Критериалды бағалау бойынша нормативтік құжаттар 1. Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 18 бұйрығымен енгізілген өзгертулер ескерілген Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығымен бекітілген педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын жүргізу және ұйымдастыру Ережесі;
2. ҚР БжҒМ Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаметінің № 11-4/744 13.04.2017ж. күнгі хаты; 3. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының 19.04.2017ж. (№ 17 хаттама) шешімімен бекітілген Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламалары бойынша бағалау рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу Ережесі.
Критериалды бағалау бойынша нормативтік құжаттардағы өзгерістер мен толықтырулар:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» N 125 Бұйрығы (2018 жылдың 14 маусымындағы №272 өзгерістермен);
2. 2018 жылғы 26 қаңтардағы «Орта білім беру ұйымдарының жеке санаттағы педагог қызметкерлері жүргізу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін анықтау туралы» № 32 бұйрығы. Аталмыш құжаттар аясында бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет. Соған сай оқытудың технологиялық тәсіліне төмендегідей талаптар қойылады:
Мақсаттар қою және оны мүмкіндігінше нақтылау, оқу мақсаттарын оның нәтижеге жетуі бағдарланатындай етіп анықтау;
Оқу материалдарын дайындау мен барлық оқытудың барысын оқу мақсаттарына сай ұйымдастыру;
Қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған күнделікті нәтижені бағамдау, оқытуды түзету;
Нәтижені қорытынды бағамдау.
Мұғалім оқытудың берік нәтижелеріне технологиялық тәсілмен қол жеткізу арқылы өзінің педагогикалық шығармашылығына, оқушылардың дамуына көбірек көңіл бөле алады. Оқу үрдісін технологиялық құрылымдауды түсінудің кілті нақты қойылған мақсаттарға жүйелі түрде бірізділікпен бағдарлану болып табылады. Педагогикалық технологияда мақсаттар қою
3
тәсілдері нәтижелілігімен ерекшеленеді. Оқыту мақсаттары оқушылардың әрекеті арқылы көрсетілген оқыту нәтижелері арқылы тұжырымдалады, әрі мұғалім немесе кез-келген сарапшы нақты тани алатын болу керек. Айтарлықтай табысты идеяны жүзеге асыруда әдетте келесідей негізгі қиындықтармен кезігеді:оқыту нәтижелерін әрекет тіліне қандай тәсілдермен ауыстыруға болады және бұл ауысудың бір мағыналылығына қалай қол жеткізуге болады? Бұл проблемалар екі түрлі жолмен шешіледі:біріншісі, педагогикалық таксономия жүйесі арқылы мақсаттар жүйесін нақтылау екіншісі, таксономия арқылы мұғалім анықтығы жеткіліксіз ойларды оқыту мақсаттарының мейлінше анық, нақты тіліне ауыстыра алады.Таксономия- белгілі бір критерийлер мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді, жүйелеу және нақты құрылым бойынша реттілікпен орналастыру. Иерархиялық жіктелген, ретке келтірілген мақсаттарды қолдану ең алдымен, мұғалім үшін төмендегідей жайттармен маңызды:мұғалім назарының негізгі ойға шоғырлануы,таксономияны қолдана отырып мұғалім мақсаттарды бөліп, құрастырып қана қоймай, ең бірінші кезектегі міндеттерді, әрі қарайғы жұмыстың реті мен келешегін нақтылай отырып, оларды ретке келтіреді;мұғалім мен оқушының бірлескен әрекетіндегі ашықтық пен жариялылықты әкеледі; нақты оқу мақсаттары мұғалімге олардың ортақ оқу жұмысын түсіндіруге, талқылауға, кез-келген қызығушылық танытатын тұлғалардың анық түсінуіне мүмкіндік береді.Оқыту нәтижелерін бағалаудың өлшемін жасау ол – мақсаттардың дәл анықтамасына жүгіну; неғұрлым сенімді және әділ бағаға қол жеткізеді.Қалай болғанда да, мақсатты анықтау мен тұжырымдау үдерісі аяқтала салмайды.Біз бағалау критерийлерін іріктеу мен дәл анықтаудың, мақсатқа жеткеннің ақиқатын бағалау тәсілін анықтаудың маңыздылығына мән беруіміз керек. Ондай критерийлер мақсаттың анықтамасынан келіп шығады, ал тәсілдері – сабақ үшін таңдалған критерийлер бойынша қол жеткен нәтижелерді азды-көпті сенімді бағалау мүмкіндігін береді.Критерийлер мақсатты тұжырымдау кезінде, сабақ басталғанға дейін анықталады.Сабақ соңында қол жеткен нәтижені жоспардағы нәтижемен салыстыра отырып, сіз әрі қарайғы іс-әрекетіңізді кәсіби түрде, нәтижелі жүргізуге қол жеткізесіз. Критериалды бағалау жүйесін енгізудегі оқытуда бағалау критерийлерін құрастыруда нені басшылыққа алу қажет? Пәннің ерекшелігіне сай бағалау мазмұны және рәсімдері қалай орындалады? Бағалаудағы критериалды тәсілдер қандай? Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулық жауап бере алады. Бұл нұсқаулық мұғалімдерге бағалау критерийлеріне сай американдық ғалым Б.Блумның басшылығымен жасалған таксономия негізінде оқудың мақсаттарын нақтылау, нәтижеге қол жеткізуге бағдарланған мақсаттар қоюдың алгоритмі және жетістік критерийлерін іріктеу мен дәл анықтаудың тәсілдері арқылы дайындалған әдістемелік көмек көрсетеді.
4
Бағалаудағы критериалды тәсілдер
Білім берудегі технологиялық тәсілдің маңызды ерекшелігі мақсаттың болуы, ол өз кезегінде мұғалімге өз жұмысы мен оқушының әрекетін бағалап, білім беру үрдісіне жедел түрде өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Педагогикалық технологияда мақсаттар нақтылануда.Оның нәтижесінде мұғалімнің нақтылауынан кейін келесі қасиеттерге ие мақсаттар тұжырымдалуы тиіс:
оқытудың мақсаты, мазмұны және пәннің логикасымен қисынды байланысқан;
өлшемді(оқитындардың алған білім, білік, дағдысы көлемінде);
белгіленген уақыттық межесі бар.
Бағалаудағы критериалды тәсілдер:
Оқу мақсаттары: Білім беру жүйесін жобалаудағы «Кері дизайн»;
Бағалау түрлері: қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау;
Бағалау критерийлері: ойлау деңгейлері (білу, түсіну, анализ, синтез, бағалау), сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым), әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар, дескрипторлар;
Бағалау шәкілі: белгілі пайыздық қатынаста бағалау рәсімдері топтамасының балдар қосындысы ретінде;
Бағалау қағидаттары.
Белгілі ғалым М.В.Кларин педагогикалық технологияға «педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесі» деген анықтама берген. Ол әдебиеттерге талдау жасай отырып, оқу мақсаттарын қоюдың негізгі тәсілдерін қарастырады: 1.Мақсатты зерделеленетін мазмұн арқылы анықтау. Мақсат қоюдың бұл тәсілі неғұрлым кеңінен танылған дәстүрлі жол болып табылады(мысалы, «Параграфтың мазмұнын оқу...», «Теореманы зерделеу...»).Оқытудың технологиялық тәсілінің жақтастары бұндай мақсаттарды сөзсіз жеткіліксіз деп есептейді, себебі оған қол жеткізілгенін бағалау өте қиын.Дегенмен, бұл мақсаттар қолдануға жарамды, себебі олар оқытудың мазмұнын көрсетіп тұр. 2.Мақсаттарды мұғалімнің әрекеті арқылы анықтау. Бұндай мақсат мұғалімнің әрекетіне шоғырланады.Мақсатты бұлай қою кезінде өз жұмысына шоғырланған мұғалімнің оқушылар қол жеткізген нәтижені бағалауына мүмкіндігі бола бермейді мысалы: «Оқушыларды...таныстыру», «... көрсету», «... түсіндіру». Сөйтіп, мақсат қоюдың технологияланбаған тәсілі еңсерілмейді, тек бүркемеленіп қалады.
5
3.Мақсаттарды оқушы дамуының зияткерлік, эмоционалдық, тұлғалық үдерістері арқылы қою. Аталған мақсаттар жалпы білімділік мақсаттарды бейнелейді(мысалы, «білігін қалыптастыру (дамыту)», «оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту»).Бұндай мақсаттардың қойылуы мүмкін, бірақ белгілі бір қиындықтармен ықпалдасады.Бір сабақта (тіпті бірнеше сабақтар аясында) білік пен дағды қалыптастыру сияқты мақсатқа қол жеткізу мүмкін емес, себебі мұғалімнің қолында оны өлшеудің құралы жоқ. 4.Мақсаттың оқушылардың әрекеті арқылы қойылуы. Мақсаттардың бұндай тұжырымдамасы сабақты жоспарлау мен өткізуге анықтық, белгілілік енгізеді(мысалы, «Сабақтың мақсаты-шешу(орындау, шығару)».Бірақ мақсатты бұлайша етіп қою мұғалімге оқушы қол жеткізген нақты нәтижені анықтауда белгілі бір қиындықтар туғызады. Сонымен, педагогикалық технологияда оқу мақсаттарын қоюдың қандай тәсілдері неғұрлым тиімді болып табылады?
Оқытудың мақсаты оқушының іс-әрекетінен көрінетін оқыту нәтижелері арқылы тұжырымдалады. Сонымен бірге оқытудың нәтижелері оларды дәлме-дәл анықтайтындай етіп анықталады. Нәтиженің нақтылығын түсіну екі түрлі жолмен іске асады: (1)мақсаттардың деңгейлерге бөлінген айқын жүйесін (таксономиясын) құру.Оқушы неғұрлым жоғары деңгейге қол жеткізсе, ол да, мұғалім де үлкен жетістіктерге жетеді; (2)мақсаттарды мейлінше дәлме-дәл және нақты тілмен сипаттау . Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасына сай оқу мақсаты мен оның нәтижелері жоғарыда айтылған тәсілдерге негізделіп анықталады.Үшінші деңгей бағдарламасы бойынша «Оқу мақсаты – мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрселер».Осыған байланысты, оқу мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді білуге бағытталған:
Сіздің ойыңызша, оқушылар нені білуге тиіс?
Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?
Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?
Ал, оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойылған мақсаттарына қол жеткізе алды ма, жоқ па екенін білуге мүмкіндік береді.
Оқу нәтижелері:
оқушыға бағытталуы керек;
белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек;
оқушының оқу үлгерімі тұрғысынан жазылуы керек.
6
Деңгейлік бағдарламалар курсының мұғалімдері бірінші «Бетпе-бет» кезеңінің төртінші аптасының үшінші және төртінші күндері өтетін сабақтарда тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспары мен бір сабақтың жоспарын, яғни қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасап үйренеді. Педагогикалық шеберлік орталығының білім беру порталынан мұғалімдер жоспарлауда пайдалануға болатын көптеген ресурстарды пайдаланады.
Жоспарлау жөніндегі нұсқаулық мұғалімдерге сабақтар топтамасы кім үшін жоспарланғанын, нені үйрету керек екенін және бағалаудың қандай әдістерін пайдалану қажет екенін түсінуге мүмкіндік береді.
Толтыруға арналған кестеорта мерзімді жоспарлау кезінде қолданылатын нысан болып табылады.Оны мұғалімдер оқу мақсаттарын жазуға, оқытудың белсенді стратегияларын, оқу нәтижелерін, жоспарланған бағалауды, оқушылардың барлығының сабаққа қатысқандығын және әр сабақ үшін қажетті ресурстар тізімін жазу үшін пайдалана алады.
Кестені толтыру жөніндегі нұсқаулықта орта мерзімді жоспарлау нысанының қандай тарауына не жазу керектігі туралы толық мәлімет ұсынылған.
Орта мерзімді нәтижелерді бағалауға арналған бақылау парағы мұғалімдерге өз жоспарларына қажетті мәселелелердің барлығы кіргізілгендігін тексеруге мүмкіндік береді[2].
Критериалды бағалау — бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктер мен салыстыру үрдісі . Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып отыр.
Критериалды бағалау — бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа талап. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен талпыс болатынын уақыт байқатып отыр. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні белгілі.
7
1.2. Оқушыларды критериалды бағалау жүйесі
Сыныптағы қалыптастырушы бағалаудың мәдениеті мен тәжірибесін дағдыландыру бағалау жүйесін реформалау үрдісіндегі әрекеттердің күрделі бағыттарының бірі болып табылады. Мұғалім санасының философиясында туындаған асимметриямен байланысты, санада қабылданатын объект бұрынғы қалыптасқан пікірі мен артықшылықтарына сәйкес емес жағдайда туындайды. Сана философиясына сәйкес асимметрияның болуының жақсы жақтары да бар: нысананы қабылдауда объективтілікті арттырады, ол асимметрияны тудырады және оның дамуына әкеледі. Демек, қалыптастырушы бағалауға сыни және күмәнмен қараған мұғалімдер қалыптастырушы бағалаудың негізінде алынған нәтижелерді бұдан әрі объективті түрде бағалауы мүмкін. Өз кезегінде бұл педагогикалық қоғамда ынталандыратын және қолдайтын кәсіби орта қызмет жасайды деген шартпен мұғалімге өз тәжірибесінде шынайы өзгерістер мен жақсы нәтижелерді алуға мүмкіндік береді. Сана философиясына сәйкес асимметрия санадағы объект алдыңғы қалыптасқан сенім мен артықшылықтарға сай болмаған жағдайда туындайды. Оңтайлы сәті оның дамуына алып келетін берілген объектіні қабылдаудың объективтілігін арттыру болып табылады. Педагогикалық мақсаттардың ең алғашқы үлгісінің авторы американдық ғалым Б.Блум болды. Ол «Таксономия» еңбегінің бірінші бөлігін жарыққа шығарды(1956).Блум таксономиясы–танымдық саладағы оқытудың педагогикалық мақсаттарының жіктелуі.Оған ойлау дағдыларының алты деңгейі кіреді:білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау. Келесі онжылдықта Д.Кратволь және басқа да ғалымдар «Таксономия» еңбегінің екінші бөлігін (аффективті сала бойынша) жазды.Бірінші бөлігі танымдық (когнитивті) мақсаттар саласын сипаттайды. Алдымен іс-әрекет саласы мен ол қамтитын сәйкес мақсаттарға тоқталайық.
1.Когнитивті(танымдық) сала. Бұның құрамына зерделенген материалды есте сақтау мен қайта жаңғыртудан бастап проблемаларды шешуге дейінгі мақсаттар енеді.Оның барысында жаңа нәрсе құруды енгізе отырып, бар білімді қайта ойлап (басқаша ойлау) оның алдын-ала зерделенген идеялармен, әдістермен, тәсілдермен жаңа байланысын құру қажет болады. Танымдық салаға бағдарламалардағы, оқулықтардағы, мұғалімдердің күнделікті тәжірибесіндегі оқыту мақсаттарының басым бөлігі қатысты болады.
2.Аффективті (эмоциялық-құндылықтық) сала. Оған қоршаған ортаның құбылыстарын қарапайым қабылдаудан бастап құндылықтық бағдарлану мен белсенділік танытуды қалыптастыру мақсаттары енеді.Бұл салаға қызығушылық пен қабілеттерді қалыптастыру, басқа да бір сезімге алаңдау, оны әрекеттің барысында ұғыну мен көрсетуі сияқты мақсаттар кіреді.
8
3.Психомоторлық сала. Бұнда қимыл-қозғалыс (моторлық), манипулятивті әрекет, жүйке-бұлшық ет үйлесімділігін қалыптастырумен байланысты мақсаттар қамтылады.Бұл жазу дағдысы, тілдік дағдылар, дене тәрбиесі мен еңбекке баулу ұсынатын мақсаттар . Блум таксономиясы негізіндегі оқу пәнінің мақсаттарын нақтылау екі кезең бойынша жүреді:алғашқысында курстың мақсаты анықталады да, екіншісінде күнделікті іс-әрекеттің мақсаты анықталады. Мақсаттарды толық өлшемдіетіп, ал оқытуды қалпына келтіру үшін әр мақсатқа қол жеткізудің критерийлерін ұсыну керек. Басқаша айтқанда, оқу мақсаты мен оның жетістігі және бір мағыналылығы жөнінде кесіп-пішіп айтатындай болып сипатталуы тиіс. Блум таксономиясындағытанымдық деңгейдің алты қадамы бойынша мақсатты айқындау мұғалімдер үшін қиындық туғызары анық. Сондықтан төмендегі кестелердемұғалімдер үшін мақсаттарды айқындаудың шартты түрдегі талаптары келтіріледі(1, 2-кестелер). Когнитивті саладағы оқу мақсаттарының категориялары 1. Білім Бұл категория зерделенген материалды есте сақтау мен қайта жаңғыртуды білдіреді. Оқушы: терминдерді, нақты фактілерді, әдістер мен тәртіпті, негізгі түсініктерді, ережелер мен қағидаттарды біледі. 2.Түсіну Зерделенген материалды түсіну қабілетінің көрсеткіші оны бір формадан екінші формаға, өзгерту, (трансляция) бір тілден басқа тілге «ауыстыру»(мысалы, тілдік формадан математикалық формаға) болып табылады. Оқушының оқу материалын өзінше түсіндіруі (қысқаша түсіндіруі) немесе оқиға мен құбылыстың әрі қарайғы барысын жорамалдауы да (салдарын, нәтижесін алдын-ала болжауы) түсінудің көрсеткіші болып табылады. Бұндай оқу нәтижелері материалды құрғақ есте сақтаудан асып түседі. Оқушы:фактілерді, ережелер мен қағидаттарды түсінеді, тілдік материалды, графиктер мен диаграммаларды түсіндіреді (интерпретациялайды), тілдік материалды математикалық өрнекке өзгертеді, қолдағы бар деректерден туындайтын нәтижелерді жобалап сипаттайды. 3. Қолдану Бұл категория нақты материалды нақты және жаңа жағдайда қолдану білігін білдіреді. Бұған ережелер, түсініктер, заңдар мен теориялар, әдістерді қолдану кіреді. Оқытудың сәйкес нәтижелері материалды түсінгеннен де гөрі неғұрлым жоғары деңгейді талап етеді Оқушы:түсініктер мен қағидаттарды жаңа жағдайда қолданады, заңдар мен теорияларды нақты практикалық жағдайларға қолданады, әдістерді дұрыс қолдануды көрсетеді.
9
4.Талдау Бұл категорияға бүтінді бөліктерге ажырату, олардың арасындағы өзара байланысты анықтау, бүтінді құрастыру принциптерін сезіну жатады.Сонымен бірге, оқу нәтижелері түсіну мен қолдануға қарағанда неғұрлым жоғары зияткерлік деңгеймен ерекшеленеді, сондықтан оқу материалының мазмұнымен қос оның ішкі құрылымын сезінуді де талап етеді. Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау.
Оқушы:жабық(жасырын) болжамдарды бөледі, пайымдау логикасындағы қателіктер мен жетіспеушіліктерді көреді, фактілер мен салдар арасындағы айырмашылықтарды келтіреді, мәлеметтердің маңыздылығын бағалайды.
5. Жинақтау Бұл категория жаңалығы бар тұтас дүние алу үшін элементтерді қиыстыру білігін білдіреді. Бұндай жаңа өнімге хабарлама, сөйлеулер, баяндама, іс-жоспарлар жатады.Сәйкес оқу нәтижелері жаңа жүйе мен құрылымға ерекше назар аударатын шығармашылық сипаттағы амалды меңзейді. Оқушы:шағын шығарма, эссе жазады, эксперимент жүргізудің жоспарын жасайды, қандай-да бір проблеманы шешудің жоспарын салыстыру үшін түрлі саланың білімін қолданады.
6. Бағалау Бұл категория кейбір материалдың (пікірдің, көркем шығарманың, зерттеу деректерінің) нақты мақсат үшін маңыздылығын бағалай алуды білдіреді.Оқушының пайымдамасы анық критерийлерге негізделуі тиіс. Критерийлерді оқушылар өздері немесе сырттан (мысалы, мұғалімнен) ұсынылуы мүмкін. Аталған категория барлық алдыңғы категориялар бойынша оқу нәтижелеріне жетуді оған қоса анық бейнеленген критерийлерге негізделген бағалау пайымдарын болжайды. Оқушы:жазбаша мәтін түріндегі материалдың қисынды құрылуын бағалайды,қорытындылардың қолдағы бар деректерге сәйкестігін, сапаның сыртқы критерийлерінен туындайтын іс-әрекет өнімінің маңызын бағалайды.
10
1.3. Оқытудың кіріктірілген үдерісі
Оқу мақсаттары Олар қандай? Мен қайда талпынамын? Оқу мақсаттарына қатысты оқушының қарым-қатынасы Мен қай тұстамын? Бөлім/тақырыптардың негізгі идеясы қандай? Критерийлер Оқушылар мен мұғалімге түсінікті ме? Сапалы жұмыс қандай болады? Өзімнің қай деңгейде екенімді қалай білуіме болады?
Оқу мақсаттары мен күтілетін нәтиже. Қол жеткізілетін және күтілетін нәтижелердің арақатынасын есепке ала отырып, сондай-ақ, оқушылардың қажеттілігіне қарай мақсатты анықтау.
Бағалау құралдары. Оқу мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін құралдарды (критерийлер, дескрипторлар, деңгейлер және т.б.) құрастыру.
Оқыту әдістері мен бағалау. Сабақта оқу мақсатына жетуді қамтамасыз ететіндей іс-әрекеттерді жоспарлау.
Таксономияның басты принциптерінің бірі – ол практик–мұғалімнің қолында тиімді құралы болуы тиіс. Б.Блум педагогикалық техникалардың бірнеше соңғы тәсілдерінің авторы болып табылады. Соның бірі - «Блум текшесі».
11
Текшенің қырларында сұрақтар жазылған: «Неге», «Түсіндір», «Атап шық», «Ұсын», «Ойлап тап», «Бөліс» Мұғалім (немесе оқушы) текшені лақтырады. Текшенің өзіне қараған қыры бойынша оқу материалына сай сұрақ құрастыру керек.Мысалы, «Атап шық...» сөзінен басталатын сұрақ репродукция деңгейіне, яғни білімді қайта жаңғырту деңгейіне сай келеді. «Неліктен...» деп басталатын сөздің сұрақтары процессуалды білімге сай келеді.Оқушы бұл жағдайда себеп-салдарлы байланыстарды табуға, белгілі бір заттар мен құбылыстарға қатысты болған үдерістіреді сипаттауы тиіс. «Түсіндір...» сұрағына жауап беруде оқушы ұғым мен түсініктерді жаңа жағдайға қолданады, заңдар мен теорияларды нақты практикалық жағдаяттарда қолданады, әдіс пен тәсілдерді дұрыс қолдана алуын көрсетеді. Ал, «Ұсын..»,«Ойлап тап...»,«Бөліс...» тапсырмалары оқушының ойлау әрекетін жандандыруға бағытталады.Ол жабық (жасырын) болжамдарды шығарады, фактілер мен салдарлар арасындағы айырмашылықты анықтайды, мәліметтерді талдайды, маңыздылығын бағалайды, әртүрлі салалардың білімін қолданады. Қарабайыр жаттаудың оқу материалын оқушының нәтижелі игеруіне көмектеспейтіні анық.
Бұл тәсілді қолданудың екі түрлі жолы мүмкін болады: - мұғалім сәйкес сұрақтар қояды: - оқушы сұрақтар құрастырады. Әрі репродуктивті сипатты сұрақтарға жауап беру ғана емес, оларды құрастырудың анағұрлым жеңіл екенін аңғаруға болады.Себеп-салдарлы байланыстарды іздеуге бағытталған сұрақтарды құрастыру қиынырақ. «Ұсын...», «Ойластыр...», «Бөліс...» сөздерімен басталатын сұрақ-тапсырмаларын құрастыру одан да қиын. Әрине, мұғалім сұрақ-тапсырмалар құрастырумен байланысты оқушының еңбегін нақты бағалауы керек
12
ІІ. ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2.1. Тапсырманы құрастырудың мақсаты Мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үрдісі оқу қызметінің барлық түрлерінің нәтижелігін оқу материалын меңгерудің процессуалды жағын және жеке тұлғалық қасиеттердің пайда болуын есепке алатын бағалаудың жаңа жүйесін енгізуді айқындайды. Үрдіс оқушының функционалдық сауаттылығын ең маңыздысы – оқу үрдісінің өзі, жетістік критерийлері арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді [5]. Бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны белгілі болады. Білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім үрдісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үрдіс.
2-сурет. Ойлау дағдыларының деңгейлері.
13
Білім беру жүйесінде ұзақ жыл бойы оқушылардың білімі бес балдық жүйемен және басқа оқушының жетістігімен салыстырылып бағаланып келді. Оқушылардың оқу бағдарламасындағы оқу мақсатына жетуі оқушылардың дағдыларының дамуына мүмкіндік тудырады. Дағдыларды нақты бағалау біліктілігі жетістік критерийі арқылы бағалаудың маңызды аспектісі. Берілген кестеде оқу бағдарламасына енгізілген, бағалауда дағдылардың қалыптасқанын немесе даму деңгейінің бағалауы көрсетілген.
Рухани құндылықтар
Дағдылар
шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
коммуникативтік қабілеттер;
өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;
жауапкершілік;
денсаулық, достық және айналасындағыларға қамқорлық көрсету;
өмір бойы оқуға дайын болу.
сын тұрғысынан ойлау;
білімді шығармашылық тұрғысынан қабылдау қабілеті;
мәселелерді шешу қабілеті;
ғылыми-зерттеу дағдылары;
коммуникативтік дағдылар (тілдік дағдыларды қоса);
жеке және топпен жұмыс жасай алу қабілеті;
АКТ саласындағы дағдылар.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау – бұл оқушылардың жоспарланған оқу мақсаттары мен шынайы нәтижелерінің сәйкестік деңгейлерін орнату болып табылады. Жетістік критерийі арқылы бағалау – алдын ала белгілі критерийлерге сәйкес, оқушының жеке оқуын түзетуге мүмкіндік беретін, оқу мақсаттарына сәйкес күтілетін нәтижеге жетуде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау. Сол арқылы бағалау оқушылардың дағдыларын дамыту деңгейін бағалауға мүмкіндік береді және сабақ беру, бағалау мен оқытудың өзара байланыс қағидаттары негізінде дайындалады (4-кесте).
Дағдылар Сипаттамасы Білу Нақты деректерді, ақпараттарды білу және еске түсіру және оларды баяндау. Түсіну Ақпараттарды түсіну арқылы дұрыс жеткізу, болжау Қолдану Алған білімдері мен ақпараттарды таныс немесе таныс емес жағдайларда, контексте қолдану.
14
Сыни ойлау Ақпарат пен идеялардың маңыздылығы мен сенімділігі туралы шешім қабылдау немесе әр түрлі көзқараста болу. Анализ Жалпы ереженің негізін дәлелдеу үшін және/немесе ой қорытындысының әр түрлі шешімдерін ойлауда ақпараттарды жинақтап тұжырымдарды бөлікке бөлуі және сол бөліктердің өзара сәйкестігін анықтай білу. Синтез Алған білімдерін әр түрлі жаңа контексте құрастыра білу. Бағалау Белгілі критерийлер арқылы идеялардың құндылығы немесе дәлелдер туралы тұжырымды қалыптастыру. Коммуникация Басқа адамдардың қызығушылығын және көзқарастарын өз қызығушылығымен және көзқарасымен сәйкестендіріп және негіздеп қабылдау, адамдармен қарым-қатынаста болу және келісу қабілеттілігі. Тыңдалым арқылы коммуникация Оқу бағдарламасы шеңберінде әр түрлі тақырыпта ауызша сөйлеудің негізгі мазмұнын түсіну және одан өзекті ақпаратты бөлу; сөйлеген адамның пікірін айырып тану, контекст бойынша сөздердің мағынасын анықтау; оқушының деңгейіне сәйкес келетін әр түрлі стратегияны пайдаланып, әр түрлі типтегі мәтіндердің мазмұнын түсіну және қабылдау; естігеннің негізгі мазмұнын, мәтін бөліктерін таныс сөздерге, фразаларға және естігені арқылы түсіну, нақты/керекті ақпаратты таңдау және түсіну. Оқылым арқылы коммуникация Оқу бағдарламасы шеңберінде әр түрлі ғылыми және әдеби мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну және олардағы өзекті мәселелерді бөлу, ақпарат іздеудің әр түрлі стратегиясын қолдану, контекст бойынша сөздердің мағынасын анықтау, автордың пікірі мен көз-қарасын тану, оқығанды түсіну тереңдігін және сөз мағынасын тексеру үшін әр түрлі сандық және қағаз түпнұсқасын қолдану. Жазылым Оқу бағдарламасы шеңберінде әр түрлі мәтіндегі әңгімелеуде ауызекі және ресми стильді пайдалану; қажетті ақпаратты алу үшін күрделі сұрақтарды қоя білу біліктілігі; күтпеген сұрақтарға жауап қайтару; тапсырма орындау барысында өз құрбыларымен қарым-қатынаста болу; лексикалық ерекшеліктерді сауатты пайдалану; оқиға және оның жүйесін мазмұндау. Шығармашылық Өзіндік тәсілдерді немесе әр түрлі жолдарды қолданып, мәселені шешуді іздеу және жаңа идеяны дайындау. Зерттеу Зерттеу мақсатына сәйкес деректер және ақпараттарды жинау жолдарын дайындау.
15
Техника және тәсілдер Өзара жоспарлауды, орындауды және бағалауды қоса пән бойынша практикалық біліктілікті, оларға сәйкес рәсімдерді мен технологияны көрсету. Әр түрлі іс-әрекетке қатысу үшін негізгі техникалық тәсілдер мен моторикалық дағдыларды көрсету; топта және жеке жұмыс жасау жағдайында стратегия туралы өз ойын көрсету; рухани дамуды және физикалық дайындықты жоғарылату үшін тиімді әр түрлі әдістерді қолдану Рефлексия Іс-әрекет жасауда шешім қабылдау жәнетұжырымды қалыптастыру, пікірлер, ойлар және оқиғалар туралы ой пікір ұсыну. Сандық ойлаудың математикалық қабілеті Санды қолдануды, есепті шығаруды, график, кесте және кең диапазондағы математикалық ұғымды, контексті және күнделікті жағдайда көрсетуді түсіну. Келтірілген құндылықтар мен дағдылар ескеріліп, пән бойынша білім деңгейі, дағдылар мен құзыреттіліктер қарастырылады . Жоғарыда аталған құндылықтар мен дағдылар пәнді оқытатын оқу бағдарламасында белгіленген, пәннің оқу бағдарламасы стандартты оқу жоспарының негізі болып табылады. Бұл ақпараттар тапсырмаларға сәйкес келеді және осы оқу мақсаты бойынша қалыптастырушы бағалауға қатысты дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Бағалау критерийі арқылы бағалау жүйесінің өзіндік тиімділігі бар:
заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;
жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;
оқушылардың білім сапасын арттырады;
оқушының тұлғалық бағытын белсенді ұстанымына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;
тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.
Тапсырмаларды әзірлеуде жетістік критерийлерін құрастыру бойынша ескерілетін мәселелер: Жетістік критерийі бойынша дайындалған тапсырманың бағдарламадағы сілтеме мен оқу мақсатына негізделіп жасалуы: - тапсырманың шұбалыңқы емес, оқушыға түсінікті тілде құрылуы; - қысқа көлемді тапсырмалардың қолданылуы, көлемі, орындау уақытын алдын ала жоспарлау;
16
бағалауда бақылауды қажет етпейтін артық ақпараттың тапсырмада қолданылмағаны жөн;
кейбір күрделі тапсырмаларда міндетті түрде орындау қадамдары берілуі керек( мысалы, жазылымда және айтылымда) шығармашылық сатыға арнап құрылатын тапсырмалар үшін арнайы шектің немесе жауап үлгісі алдын-ала даярлануы керек.
Оқу мақсаттары, тапсырмалар және жетістік критерийлері өзара тығыз байланыста болады . Жоспарлау оқу мақсаттарын анықтаудан басталады. Мұғалім оқушының игеретін білімі туралы шешім қабылдаған соң, оған сай тапсырманы оқу жоспарын қолдана отырып жоспарлайды. Тапсырма оқушының бір немесе бірнеше оқу мақсаттарына табысты түрде жетуіне ықпал етеді .
Оқушы тапсырманы орындап жатқан кезінде мұғалім оның оқу үрдісінің қай сатысында екенін анықтауға тырысады. Ол ағымдағы нәтиже деңгейін осы деңгейге сәйкес жетістік критерийлеріне жүгіне отырып салыстырады. Оқушы оқу мақсатына «жеткен» жағдайда, мұғалім оқушы білімін әрі жетілдіруді ұсынады, қиынырақ деңгейдегі тапсырмалар береді. Оқу мақсатына «талпынған» оқушыға мұғалім қолдау мен кеңес береді, әрі қарай оқу мақсатына жетудің жолдарын көрсетеді.
17
Тапсырма түрлері
Жабық түрдегі тапсырмалар:
Бір дұрыс жауапты;
Бірнеше дұрыс жауапты;
Сәйкестікті анықтауға берілген;
Дұрыс реттілікті анықтауға берілген.
Ашық түрдегі тапсырмалар:
Қысқа жауапты қажет ететін;
Толық жауапты қажет ететін;
Эссе.
4-сурет. Тапсырманы құрастыру кезеңдері
Бұл ақпараттар тапсырмаларға сәйкес келеді және осы оқу мақсаты бойынша қалыптастырушы бағалауға қатысты дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі (4-сурет. Тапсырманы құрастыру кезеңдері). Қол жеткізуге тиісті жетістік критерийлері саны әр оқу мақсатын бағалау бойынша ұсыныстарымен жан-жақты сипатталады.
Тапсырма
құрастыру кезінде мұғалім не туралы
ойлайды?
Бағалау критерийлері оқу мақсаттарына сәйкес келе ме?
Ойлау дағдыларының деңгейлері бағалау критерийлеріне сәйкес келе ме?
Тапсырма бағалау критерийлеріне, ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келе ме?
Тапсырманың құрастырылуы түсінікті ме?
Тапсырма жас ерекшелігіне сәйкес келе ме?
Дескрипторлар / балл қою кестесі тапсырмаға сәйкес келе ме?
Тапсырма құрастыру кезінде неге сүйену қажет?
Оқу бағдарламасы және оқу жоспары;
Спецификация;
Құрастырылған бағалау критерийлері;
Кәсіби іс-тәжірибе/мұғалімнің шешімі;
18
Оқу материалын қамту көлемі мен деңгейі;
Оқушы деңгейі;
Оқушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктері.
Сонымен мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз – тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың осы материалмен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сұрақтары, ауаптары, пайымдаулары - оны қабылдауы, түсінуі, т.б. Сабақтың осындай алдын ала талдамасы неғұрлым тиянақты жасалса, сабақ өткізу барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі біртұтас педагогикалық үдерісте, бағалау кезінде солғұрлым аз болады.
19
2.2. Бағалау құралдарын құрастыру үдерісі
Мұғалімдер оқушыларды оқытудың нақты критерийлеріне және мақсаттарына сәйкес өзіне де, сондай-ақ сыныптастарына да баға қоя алады. Бұл критерийлерді сабақ барысында тапсырма ретінде беруге болады. Бұл тапсырма мұғалімнің оқушылардан не күтетінін айқындап, оқушыларды өздерінің жұмыстарының осы өлшемге сәйкестігі туралы ойлануға итермелейді. Сыныптастары бағалайтын оқушының жұмысын жақсартудың амалдарын одан әрі дамытуға арналған бағыттарды анықтау тапсырманың мақсаты болып табылады. Сабақтағы жетістіктерді бағалау үшін сабақтың міндетін анықтап алып, критерийлерді қоя білу керек. Критерийлермен бағалау түрі әртүрлі: ишаралар арқылы және сабақтың міндетіне сәйкес нәтижелер қою арқылы бағаланады .
Бағалау бойынша нұсқау Мультимедиа құралдарды пайдалана отырып сөйлеу және тыңдау. Медиа мәтініне негізделген кеңейтілген мәтінді құрыңыз және грамматикалық формаларды дұрыс пайдаланыңыз. Сіз оқушылар әңгімені, тарихи оқиғаны өз сөздерімен айтатын немесе фотосуреттерде көрсетілген оқиғалар реттілігін сипаттайтын топтарда жұмыс істеу үшін топтасып талқылауды ұйымдастыра аласыз, оқушыларға жеке-дара сұрақ қоя аласыз, тапсырмаларға пайдалана аласыз. Сіз жекелеген оқушыларды мұқият қадағалап отыруыңыз керек, бұл табыс критерийлері сақталғандығын немесе сақталмағандығын шешу үшін керек. Дағдылар : Тыңдау және сөйлеу Табыс критерийлері Оқушылар осы оқу мақсатына жету бағытында жұмыс істейді, егер олар
Лексикалық және грамматикалық формаларды дұрыс пайдалана отырып, әңгімені немесе тарихи оқиғаны баяндау арқылы айқын кеңейтілген мәтінді құра алса: Лексикалық және грамматикалық формаларды біршама дұрыс пайдалана отырып, әңгімені немесе тарихи оқиғаны баяндау арқылы кеңейтілген айқынырақ мәтінді құра алса: Барлық пәндер бойынша жетістіктер критерийлері арқылы бағалау бойынша іріктелінген оқу мақсаттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету. Ол үшін бағалау келесі қағидаларға сүйенеді: - бағаланатын оқу мақсаттарынан; - бағалау бойынша ұсыныстар: қалыптастырушы бағалау үшін тапсырмаларды жоспарлау; - жетістік критерийлері: оқушының оқу мақсаты «жетті немесе «талпынатын» анықтайтын критерийлерден тұрады.
20
Бағалау критерийі арқылы бағалаудың маңызы Мұғалімдер үшін: - сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға; - өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға; - сабақ берудің сапасын арттыруға; - оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға; - бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға; - оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге.
Оқушылар үшін: - танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға; - табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге; - өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге; - сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге.
Ата-аналар үшін: - баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға; - оның оқуындағы табыстылықты бақылауға; - оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады. Оқуды бағалау критерийі арқылы бағалау оқу үрдісі аясында оқушылардың жетістіктері мен пәнді түсіну деңгейін үздіксіз бақылап отыра аламыз. Нақтырақ айтқанда, жетістік критерийі арқылы қалыпты оқытудың құрамдас бөлігі ретінде жүзеге асуы керек.
21
III.Рәсімдерді жоспарлау және жиынтық бағалау құралдарын құрастыру
Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасында қазақ тілін тек жеке пән ретінде ғана меңгертуді емес, оқушылардың жалпы білім алуының негізгі құралы ретінде оқытуға және функционалдық білім беру бағдарына баса назар аударылады. Бұл ерекшеліктер тек оқушы үшін ғана емес, пән мұғалімі үшін де жан-жақты ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Сондықтан да қалыптастырушы бағалауда мұғалім жұмысты қадамдап жоспарлап, табысқа жету алгоритмін құра білуі керек. Кез-келген пән бойынша бағдарлама мазмұны мен оқыту мақсатына сәйкес қалыптастырушы бағалау тапсырмасын құруда мәселелер туындап жататыны анық. Тапсырма түрін таңдау , бағалау тәсілін анықтау, сапалы тапсырма құру деген мәселелер жиі кездеседі. Қазақ тілін бірінші және екінші тіл ретінде меңгертуді қадамдап жоспарлау кезінде қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының көптеген түрлерін жоспарлап, қолданып жүрміз. Сол қалыптастырушы бағалау тапсырмасының формаларына тоқталатын болсақ:
- материалдың оқыту мақсатына сәйкес меңгерілу деңгейін анықтау мақсатында даярланатын тапсырмалар;
- тыңдалған немесе оқыған мәтіні бойынша алған ақпаратты қаншалықты дұрыс түсінгендігін тексеру және қажетті ақпаратты таба білуге бағытталған тапсырмалар.
Жиынтық бағалау құралдарын құрастыруда берілген сұрақтар мен тапсырмалар мұғалімге көмек ретінде ұсынылады
Бөлім бойынша жиынтық бағалауды қалыптастыру Тапсырма қай оқу мақсатына сай құрастырылған? Оқу мақсатына жетудің бағалау критерийлері қандай?
Бөлім бойынша жиынтық бағалау: құрастыру Құрастырушы неліктен бөлім бойынша жиынтық бағалау үшін осы оқу мақсатын таңдады? Сіз қандай оқу мақсатын таңдар едіңіз? Бөлім бойынша жиынтық бағалау қанша балл бойынша құрастырылған?
Бөлім бойынша жиынтық бағалау: құрастыру
Тапсырмалардың әрбір орындау қадамын сипаттайтындай дескрипторлар құрастыруға назар аудару ұсынылады. Дескриптор арқылы тапсырманы орындаудың әр кезеңін сипаттау оқушыларда қиындық туындататын дағдылар мен біліктерді мұғалімнің анықтауына, сондай-ақ, оқу үдерісін одан әрі жоспарлауға және түзетуге мүмкіндік береді.
22
Неге назар аудару қажет?
тапсырманы орындаудың іріктелген әдісі
аралық әрекет/есептеу
алынған жауап
Құрылымдық сұрақтар.
Бір тапсырма ма немесе бірнеше жеке тапсырмалар ма? Қарастырылған қателіктер Қате бас жағында, алайда әрі қарай тапсырма дұрыс орындалған Бірнеше қателер бар Соңында қате бар
Қатемен жұмыс. Қателер шеберлік деңгейімен қалай байланысуы қажет? Ірі, ұсақ қателер Қателер маңыздылықты жоя ма? Басқа критерийлер қай тұсына сәйкес келеді? Жазу емлесі, грамматика, пунктуация формат және ұқыптылық Жиынтық бағалау құралдарын құрастыру - оқушының оқу жетістігін бағалау құралы. Бұл бүгінгі оқыту жүйесінде өзекті талаптардың бірі болып отыр. Енді осы бағалауды қалайша қолданып келеміз.Бастапқыда кезеңде нақты түсіне алмағанымыз рас. Әйтсе де, сабақ жоспарын жоспарланған сәтте оны оқыту мақсатына сай жүзеге асыруға жұмыстана бастадық. Күнделікті кұрылған сабақтарда қолданылған стратегиялар нәтижесінде оқушының оқу жетістігі мен оқыту үшін бағалауды қолдану мүмкіндігіне жеттік. Бұл — сабақта күтілетін нәтижеге бағыттайтын баспалдақ.
Тоқсандық жиынтық бағалау рәсімдері:
ТЖБ тапсырмаларын мұғалім спецификацияға сәйкес құрастырады.
Тоқсанның барлық бөлімдері бойынша оқу мақсаттарын қамтиды.
Сабақ көлемінде өткізіледі (40 минут).
Балдары балл қою кестесіне сәйкес қойылады.
ТЖБ нәтижесі бойынш.а модерация өткізіледі (жазбаша жұмыстар үшін ғана).
Тоқсандық бағаға әсер етеді (50%).
23
Тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау
Тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау
Оқушылардың жетістікке жетудегі айырмашылықтарын үш фактор арқылы азайтуға болады:
1. Бастапқы деңгейін диагностикалау және оқушының қажеттілігіне қарай білім беру үдерісін бейімдеу
2. Алғашқы сәтсіздіктен көңілі қалмау үшін оқушыны ынталандыру арқылы оған қолдау көрсету
3. Марапаттау және жеке тіл табысу
24
IV.Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі
Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола қаншалықты әділ баға алғанын білмей келді, күмәнмен қарды. Бұл жағдайда алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін және оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келген болатын. Сол кезде оқушы білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады . Ал, бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдейді (оқушылар бірін — бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда) . Формативті бағалау оқушылардың қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтау және одан да зор жетістікке қалай жету керектігін жоспарлау үшін қолданылады.Формативті бағалау күнделікті сабақта үлкен роль атқарады, себебі күнделікті оқу жетістіктері мен кері байланыс оқушыларға өз оқуы туралы қортынды жасауға және нәтижені жақсарту үшін керекті шешім қабылдауға ықпал етеді.Формативті бағалау оқушының әр сабақтағы іс — әрекетін бағалайды. Бұл жерде оқушының сабақтағы белсенділігі, еркін өз ойын білдіруі, сыныптастарына көмектесуі, бірлесіп жұмыс жасауы т.б.жатады. Формативті бағалау баға қоюмен жүзеге асырылмайды. Мақтау, мадақтау, жылы шырай таныту, қолдау көрсету, ынталандыру формативті бағалаудың түрлері болып табылады. Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс жасауға көңіл бөлемін. Өйткені оқушы шағын топтарда немесе жұппен жұмыс жасауда, бірлесіп үйреніп, ортақ мәселелерді талқылай алады. Сонымен қатар барлық сабақтар барысында формативті бағалаудың келесі түрлерін қолданамын: Фишкалар тарату
— Қол шапалақтау немесе мадақтау;
— Стикерге бағалау;
25
— » 2 жұлдыз, 1 тілек»;
— «Мақсат ағашы» арқылы бағалау;
— Өзін — өзі бағалау;
— Жұпта бірін -бірі бағалау;
— Топта бірін — бірі бағалау.
— «Сұқ саусақ» белгісі арқылы бағалау;
— «Алақан» белгісі арқылы бағалау
Фишкалар немесе фигуралар (жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш) арқылы оқушылардың берген жауаптарын бағаладым. 5-6 сынып оқушыларының арасында фишка алуға қызығуышылықтары жоғары болды. Фишкаларды алған оқушылар бір-бірімен салыстырып, бір-біріне жеткісі келіп, бәсекелестік пайда болды.Қызыл (3-ұпай)және сары (4ұпай) фишкаларды алып қалған оқушылар жасыл (5-ұпай) фишканы алғысы келіп, тырысатыны байқалды, дегенмен де қызыл фишкаға да қол жетіп қуанған оқушылар да болды.Формативті бағалау кезінде бұрыңғыдай неге маған осы баға, оған ана баға деген оқушы болмады, сабақ соңында оқушылар өздерінің қаншаға жауап бергендерін біліп, бағаларын айтып шығып, «Табыс баспалдағы», «Алақан» тренингісі арқылы керібайланыс жасап, өздерінің білім дәрежелерінің қай деңгейде екенін ұялмастан айтып, келешекте неге көңіл бөлу керек екенін түсінді. Ал топ мүшелерінің фишкаларын біріктіріп есептеп, көшбасшы болған топты анықтауға ыңғайлы болды. «Екі жұлдыз, бір тілек» бағалауы топтар арасында постер жасап, қорғаған кездегі топтардың жасаған жұмыстарының сапалылығына, мәтіндерінің дұрыс құрастырылғанына көңіл аударып, кемшіліктерін таба білуге үйретеді. Бас кезінде формативті бағалау бойынша өздерін бағалау қиындау болды. Бір — біріне жалтақтап, сенімсіз танытты. Бір- бірін бағалаған уақытта бір — біріне сенімсіздік танытып, ренжігендерін де байқадым. Сондықтан мен қандай да бір жұмысты бағаламас бұрын оқушылармен бірлесіп, бағалау критерийін құрастырған соң, әділ баға қойылатын болды. Осы кезден бастап, бағалау критерийінің оқушылар үшін маңызды екенін түсіндім. Бағалау критерийі — дегеніміз ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесінің негіздемесі. Әр критерийдің дескрипторлары (әрбір нақты жұмыс үшін) болады, онда мектеп тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дескрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды.
26
Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынаста болу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай ойластырылған. Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
анық, айқындылығы;
бағаның әділдігі;
өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі
Критериалды бағалау сабақтың өн –бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. Бағалау парағы топқа тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар өзге топты бағалар алдында өз тапсырмаларын орындауда сол критерийді басшылыққа алады .Мұндай бағалау кезінде өзіңді басқа адаммен салыстыру шарты жоқ, сондықтан критерий түрлері бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын қарастырады. Бағалау критерийі ағылшын тілі сабағында мәтінмен жұмыс, диктант, мазмұндама, мәнерлеп оқу, тест, шығармашылық жұмыстарды бағалау кезінде өте ыңғайлы. Мысалы: Жаңа сөздермен танысқан уақытта екі минут оқып, естеріне сақтап қалған сөздерді бір — біріне жатқа айтып, содан соң сөздік дәптерге жатқа жазу,
барлық сөз түгел, қатесіз, әдемі, таза жазылса — 5 ұпай
Бір сөз жетіспесе,1-түзету енгізілсе, әдемі, таза жазылса — 4 ұпай
Екі сөз жетіспесе, 3-4 түзету енгізілсе — 3 ұпай
3 сөз, қатесіз таза жазылса — 2 ұпай
Ештеңе жазбаса – 0 деген ұпайлар қойылып бағалау критерийі бойынша бір бірінің дәптерлерін тексеріп, баға қойып, қойған бағасын не үшін қойғанын айтып беріп отырды. Бұл жұмыста оқушылар есте сақтау қабілетін дамытуға, сауатты жазуға , тексерген уақытта мұқият болуға, бір –бірін адал бағалауға үйренді.
Ауызша мәтінмен топта жұмыс жасаған кездегі бағалау критерийі: - Мәтінді толық ағылшын тіліне аудару-5 ұпай - Мәтіннен ең басты (ключевые) сөзді табу – 5 ұпай
27
Дұрыс нақты жоспар құру – 5 ұпай -Мәтін бойынша сұрақтар дайындау – 4 ұпай Бұл критерийлер бойынша оқушылар топ ішінде өздеріне тиісті жұмысты бөлісіп алып, тиісті берілген бір уақыт ішінде орындауға үйренеді. Жазба жұмыстарды (диктант) орындаудағы бағалау критерийі.
Еш қатесі жоқ, жазуы анық, таза жазылған, азат жол сақталған, түзету жоқ-10 ұпай
Тазалығы талапқа сай, оқушының екі түзетуі бар, тыныс белгіден 2 қате жіберілсе-5 ұпай
Тазалығы талапқа сай емес, каллиграфиялық қателер кездеседі, оқушының
3 түзетуі бар. Емледен 7, тыныс белгіден 5 қате жіберген — 3 ұпай
Қойылған талаптарды орындай алмады — 0
Грамматикалық тапсырманы орындаудағы бағалау критерийі
Оқушы жұмысты орындады. Талдау жүйесін сақтады, қатесіз орындады және жазуды дұрыс рәсімдеді -5 ұпай
Оқушы жұмысты орындады, Жүйелі талдау жасады, бірақ сөз табының белгілерін анықтауда қателер жіберді – 3 ұпай
Оқушы жұмысты орындады, бірақ , талдау ретін бұзды. Сөз табының белгілерін анықтауда қателер жіберген жоқ – 2 ұпай
Қойылған талапты орындай алмады — 0
15 ұпай — «5», 8 ұпай — «4», 5 ұпай — «3»
Бұл критерийлерге сүйене отырып, оқушылар сауатты, жазуға үйренеді. Кей кезде осы берілген критерийлерге қарап отырып, дәптерлерін тапсырмас бұрын өздерінің қателерін байқап «а, менің бағам «4»немесе «3» болады» — деп, кейбір балалар өздеріне алдын ала баға беріп жатады. Ол дегеніміз, яғни, оқушылар өздерінің жіберген қателерін, түзетулерін байқап үйренгендерін байқауға болады. Дәстүрлі бағалау кезіне «Маған неге «3», менің қатем аз ғой» — деген келіспеушіліктер болатын. Сабақ соңында кері байланыстардан «Табыс баспалдағы», «Алақан», «Бағдаршам», «Сөйлемді аяқтау» түрлерін ағылшын тілінде аламын. «Сөйлемді аяқтау» сабақ соңындағы кері байланыс
28
ҚОРЫТЫНДЫ
Оқыту мақсаттарына жетуде жетістік критерийлерін құрастырып оны тиімді қолдану білу бүгінгі білім беру жүйесінде маңызы өте зор. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзыреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Жетістік критерийі арқылы бағалау - бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.
Бағалау критерийі арқылы бағалау сабақтың өн бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру арқылы өмірге бейімделеді.
Жоспарлы сабақтарға критерий құра отырып, берілген критерийлер арқылы олардың сабаққа деген ынтасының, өзіндік ойы, пікірі қалыптасқанын, есте сақтау қабілеттерінің , пайымдау, ажырату, жаңа бір ой түю, бір-бірінің, мұғалімнің алдында жауапкершіліктері артуына ықпалы бар. Оқушыларды бағалауда әділдік пайда болды, берілген критерийлер бойынша неге қол жеткізгендерін, нені білу қажет екендіктерін біледі.
Критерий арқылы бағалау мұғалімдерге сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құруға, өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға, оқу үрдісінің сапасын жақсартуға, әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың траекториясын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушыларға: нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге; критерийлерді білу арқылы қате жібермеу, сапалы нәтиже беруге; рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға; бағалау үрдісіне қатысу арқылы білімін тереңдетуге, нақты білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білу, сын тұрғысынан ойлай білуге мүмкіндіктер беріледі.
«Мақсатыңыз қолжетімсіз екеніне көзіңіз жеткен кезде мақсатыңызды емес, әдісіңізді ауыстырыңыз» - деген екен белгілі шығыс ойшылы Конфуций. Олай болса, бағалауға деген көзқарасымызды өзгертсек, сабақтарымызға критерий арқылы бағалауды қолдансақ, мектеп оқушыларының жетістіктерін бағалаудың тиімділігі артады.
29
ГЛОССАРИЙ
Критериалды бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Критерий - ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі. Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды. Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау –сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау білім беру процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағандығын білуге және оқытудағы мақсаттар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік туғызады. Ішкі жиынтық бағалау – оқу ақпараты блогын оқып болғаннан кейін білім және оқу дағдысының қалыптасу деңгейін анықтау. Ішкі қорытынды бағалауды педагогтар немесе мектеп әкімшілігі жүзеге асырады.
Сыртқы жиынтық бағалау – бастауыш мектепте (5-сынып), негізгі мектепте (10-сынып), жоғарғы мектепте (11-12 сынып) оқу дағдысы мен білімін қалыптастыру деңгейін анықтайды. Қорытынды жұмыстарға қойылған баға, оқытудың есеп беру кезеңінің қорытынды бағасын анықтауға негіз болып табылады.
Оқушылардың жетістіктері туралы есеп – оқушы бойында қандай біліктің қалыптасқандығын, сондай-ақ алған білім-біліктілігін іс жүзінде қалай қолданатындығын көрсететін, белгілі бір кезеңдегі ақпарат.
Портфолио – оқушының білім алудағы белгілі бір кезеңде, бір немесе бірнеше пән бойынша жетістігін, ілгерілеушілігін, оқытудағы нәтижесін көрсететін жеке жетістіктер бағасын тіркеу әдісі. Портфолио критериалды жүйені енгізуде оқушы нәтижелерін шынайы және әділ бағалау мақсатында енгізіледі. Модерация – шынайылық пен әділдік үшін бағалауды стандарттау мақсатында бір пәннен беретін мұғалімдердің бір сынып оқушыларының қорытынды жұмысын талқылау процесі. Модерация білім беру процесінің нәтижесі мен сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
30
Пайдаланылған әдебиеттер:
Кларин М.В. Технология постоновки целей: курсовая работа. Раздел «Педагогика».– Москва, 2005. –25 б.
Мұғалімге арналған нұсқаулық (төртінші басылым) Үшінші (базалық) деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Әдістемелік кеңесі ұсынған. – Астана, 2015.
Опарина Н.М., Полина Г.Н., Файзулин Р.М., Шрамкова И.Г. Адаптивное тестирование: учебно-методическое пособие. – Хабаровск, 2007. – 11 б.
Танымдық мақсаттарды қою мен анықтау мәселелері. Блумтаксономиясы бойынша презентациялар LOGO.– Астана, 2012. Электронды ресурс: http://www.myshared.ru/slide/1032016/ Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары// Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №832, 25 маусым 2012.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары// Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №832, 25 маусым 2012.
Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау. ҚР білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылым академиясы. – Астана, 2015.
Адамова Ж.Ш.,Сүлейменов М.Б.,Тлеубай С.Т., Мукушева М.А. Оқу мақсаттарына жетуде жетістік критерийлерін құрастыру және қолдану. – Қарағанды, 2015.
Әбдіғали С.Ә Әдістеменің кейбір өзекті мәселелері. Әдістеме.Методика.№1,2005
Гальскова Н.Д, Гез Н.И Теория обучения иностранным языкам.Лингводидактика и методика.Второе издание.М.:2005
Щукин П.Н Методика обучения иностранным языкам М.:2004
Гальскова Н.Д Современная методика обучения иностранному языку.М.:2000
Сыныптан тыс сабақтар программалары,Алматы-1999,88
Актуальные вопросы обучения иностранным языкам в средней школе Москва:Педагогика,1998,73-74
Мұқажанова Г. Жаңа технологиялық әдістер шетел тілі сабағында\\Қазақ тілі мен әдебиеті,2002,18-19
31

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген