400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мамытбек Қалдыбаевтың "Еліктің лағы" шығармасын талдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар шығарманың мазмұнын түсініп, аңшының кім екеніне толығырақ мән береді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Мамытбек Қалдыбаев «Еліктің лағы»

Мектеп: «Л. Жолдасов» ЖОМ

Күні: 02.05.2017 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Исмаилова Айжан

Сынып: 2-сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Оқушылар Мамытбек Қалдыбаевтың «Еліктің лағы» шығармасының мазмұнын түсінеді, аңшының кім екенін және еліктің қандай жануар екенін талдайды.

Сабақтың мақсаттары

(Табыс критерийлері)

Барлық оқушылар орындай алады:

Оқушылар «Еліктің лағы» әңгімесінің мазмұнын біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Әңгіменің тәрбиелік мәнін, құрылысын талдай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Елік жануары туралы қосымша мәліметтер келтіре алады, аңшыға тән қасиеттерді түсіндіреді.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Тақырып бойынша әңгіме құрастыра алады, сұрақтарға жауап бере алады, әңгіменің мазмұны, кейіпкерлері, негізгі ойы жайлы айтып бере алады.

Алдыңғы оқу:

Шона Смаханұлы «Бұлбұл мен тоқылдақ»

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар, қолданылатын стратегиялар

Басталуы:

4 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға қазақ халқының бірнеше сәлемдесу үлгілерін

айтқызу арқылы ынтымақтастық атмосферасын орнату. Хормен сәлемдесу айтқызу

Сыныпты суреттер арқылы топтарға біріктіру.

I топ - «Жануарлар» тобы

II топ - «Құстар» тобы

III топ - «Балықтар» тобы









Суреттер

Ортасы

5 мин.








5 мин.








12 мин.


Үй тапсырмасын сұрау.

«Бұлбұл мен тоқылдақ» мысал өлеңін рөлге бөліп айтқызу

Сұрақ – жауап арқылы диалогқа түсіру

  • Бұл мысалда кімнің пікірі дұрыс?

  • Неге?

  • Бұлбұл қандай құс?

  • Тоқылдақты тағы қалай атайды?

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Ой қозғау «Миға шабуыл»

Жаңа тақырыптың атауын сөзжұмбақ шешу арқылы табу.

  • Ал, балалар, сонымен бүгінгі тақырыбымыздың атауы қандай екен?

  • Бұл шығарманы кім жазған?

  • Елік дегеніміз қандай жануар?


2-тапсырма. Топтық жұмыс

1-топ «Еліктің лағы» әңгімесі бойынша жоспар құр.

2-топ Аңшы деген кім? Аңшыға мінездеме бер.

3-топ Елік қандай аң?


Дескрипторлар:

1. Әңгіме бойынша жоспар құра алады.

2. Әңгіменің мазмұны туралы әңгімелей алады.

3. Аңшы туралы, елік жануары жайлы деректер келтіреді.


Слайдтар








Cөзжұмбақ кестесі







Араластырылып берілген жоспар, постерлер, жапсырмалар, қаламсаптар


Дұрыс жоспар:

1. Таңғы мезгіл.

2. Түймебай аңшы.

3. Аңшы аң аулауға дайындалды

4. Ала қарғаның қарқылдауы

5. Түймебайдың ызалануы

6. Биік шоқыдағы елік

7. Кішкене сұр лақ

8. Мылтық түсіп кетті

2 мин.

Сергіту сәті.

Хормен елік туралы жаңылтпаш айтқызу.

Жабайы еліктер бар,

Араларында жабайы керіктер бар.

Еліктер керіктерге еліктеді ме?

Керіктер еліктерге еліктеді ме?

Жаңылтпаш мәтіні

5 мин.

3-тапсырма. Дәптермен жұмыс.

Әңгімедегі мағынасы күрделі сөздердің мәнін ашып жазу

Шоқы – тік, биік төбе.
Нысана – көздеп ататын жер.
Қарауыл – күзет.
Тымақ - аң терісінен тігілген, суықта киетін баскиім.

Дүрбі - алыстағыны жақындатып көрсететін құрал.

Торсық - ішіне сусын құйып, ердің қанжығасына байлап жүретін ыдыс.


Оқушы дәптерлері

7 мин.



4-тапсырма. Бейнетапсырма. Тақтада берілген тапсырмаларды орындау.

1-топ «Адасқан сөздер»

киесі атқанды ұрады Киікті,

атқанды Елікті ұрады егесі

2-топ Сурет бойынша ертегі құрастыру

3-топ Өлең құрастыру

Кішкентай ғана лағым

Міне сенің бұлағың.

Су іше қой кәнекей,

Саған қарап тұрамын.


Дескрипторлар:

1.Сурет мазмұны бойынша диалог, ертегі құрастыра алады.

2. Адастырылып берілген сөздерден тыйым сөз құрай алады.

3. Берілген ұйқасқа өлең шығара алады.


Интерактивті тақта

Суреттер

Өлең ұйқасы

Соңы

3 мин

Кері байланыс.

«Білім баспалдағы» әдісі арқылы оқушы өзін қай баспалдақтағы критерийге сәйкес тұрғанын айтады.

Білім баспалдағының критерийлері:

1. «Еліктің лағы» әңгімесі туралы білемін.

2. Әңгімені оқыдым, мазмұнын айта аламын.

3. Сабақтағы әдістерге қатысып отырдым.

4. Әңгіменің авторы, елік жануары туралы білемін.

5. Осы тақырып бойынша үйде іздендім, мәлімет жинадым.


«Білім баспалдағы» әдісі


2 мин.

Бағалау.

«Білім баспалдағы» әдісі арқылы оқушы өзін қай баспалдақтағы критерийге сәйкес тұрғанын айтады



Үйге тапсырма: Әңгімені мазмұндау. Түрлі жануарлардың төлдері туралы біліп келу.


Қосымша ақпарат :




А деңгейіндегі оқушыларға қосымша суреттер, тірек сызбалалар беру;

С деңгейіндегі оқушылардан берілген тапсырмаларды өмірмен байланыстыруын сұрау.

Сабақ барысында оқушылардың топтық жұмысқа қатысуын, барлық оқушылардың оқу үдерісіне тартылуын бақылаймын.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, музыка


Рефлексия. Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралай жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?





Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:

2:















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
3128
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі