Тақырыбы:
««Бейбіт күн жасасын
әлемде»
Күні: 04.05.2018
ж
Өткізілу
түрі: Мәнерлеп
оқу
Өткізілу
орны: Музыка
залы.
Ұйымдастырушылар:Жубантаева А.Е. Исиркова
Г.И.
Жүргізушісі: Исиркова
Г.И.
Қатысатын бала
саны: 18
Көрнекілігі: гүлдер, ойынға қажетті
заттар.
Мақсаты:
Білімділік:
«Балаларды адамгершілікке,
Отанын сүюге, оны қорғауға
баулу.
Дамытушылық: Отанға деген сүйіспеншілігін
арттыру.
Тәрбиелік:
Балаларға патриоттық тәрбие
бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты
елжанды-ұлтжанды азамат етіп
тәрбиелеу.
«Бейбіт күн жасасын
әлемде»
Жүргізуші: 9-мамыр Жеңіс
күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені
екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп,
Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен
шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының
ардагерлері үшін ерекше
мейрам.
Құрметті ата-аналар,балабақша ұжымы және балалар!
Бүгін 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Биыл міне осы
соғыстың аяқталғанына да 73 жыл болса да,соғыс оты шарпыған жараның
аузы енді жазылған секілді.Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын
қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта
ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын. Күндіз күлкі, түнде
ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен бүгінгі «Балдәурен»
балабақшасының бүлдіршіндерінің дайындаған шағын мерекелік
бағдарламасын қабыл алыңыздар!
Сөз «Балақай» бөбекжайының әдіскері
Зайнуллаева Әсемгул Зейнадинқызына
беріледі.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік
Гимні.
Олай
болса, бүгінгі Жеңіс күніне орай мәнерлеп оқуымызды бастаймыз.
Кезекті «Балауса» тобының тәрбиеленушілеріне
береміз.
Нұртас: Аз емес зар
жылаған,егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген
қан.
Кеудеге зілді қасірет салды
соғыс,
Қирады талай арман көңілге
алған.
Арсен:
Ойлап-ойлап тұрдым
көп,
Сауал бердім білгім
кеп:
— Қуанышты
мереке —
Жеңіс күні қай күн? —
деп.
Айару:
Атамнан да
сұрадым,
Көкемнен де
сұрадым.
Ағамнан да
сұрадым,
Апамнан да
сұрадым.
Тосты бәрі
құлағын:
— Дұрыс, —
десті, — сұрағың!
Бейбіт күні бәрі де
—
Жеңіс күні,
шырағым!
Аида:
Тоғызыншы
мамырда,
Гүл қоям
алау-қабырға!
Еске алып атамды.
Үн қосамын
дабырға.
Жанел:
Жеңіс деген-жақсылықтың
сыңары,
Жігер менен құштарлықтың
құралы.
Күрескердің арманы мен
ұраны,
Қуаныш пен мерекенің
бұлағы.
Би: «Орыс биі
КАТЮША»
Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына
қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова,
Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес.
«Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер
мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің
ескерткіштерінде бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған.
Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза тапқан
аталарымыз бен апаларымыздың рухына құрметпен бас иеміз дей
келе, «Балдәурен» тобының тәрбиеленушілерін
шақырамыз.
Бексұлтан:
Үйлер де
құламайды,
Ешкім де
жыламайды.
Бейбітшілік
болса,
Балалар болады
аман,
Аналар болады
аман,
Бейбітшілік
болса.
Бекарыс:
Тастар көкке
атылды,
Орман шулап,тау
құлап…
Жиырма сегіз
батырды
Жеңе алмады жау
бірақ…
Асылхан:
Жамылды жер
тұманды,
Өрт ішінде қалды
бақ.
Жиырма сегіз
қыранды
Жеңе алмады жау
бірақ.
Ибраһим:
Оқ астында
зулаған
Туған жермен бір
болып.
Жау алдында тұрды
олар,
Жиырма сегіз мың
болып.
Батырхан:
Жау жеңілді
ақыры,
Атты бейбіт таң
күліп.
Жиырма сегіз
батырды
Ұмытпайды ел
мәңгілік
Жүргізуші: Бақыт сыйлап жатады әр
күн,
Санамызға жарық
берген.
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып
келген.
Қуантамыз ән сап
жұртты,
Келе берсін бақыт
таңы.
Жеңіс күнің болсын
құтты,
Батырлардың ұрпақтары- деп келесі
кезекте, «Балдәурен» тобының
ұлдарының «Батырлар» биін қабыл
алыңыздар!
Би:
«Батырлар»
Жүргізуші:
Елге қауіп
төнбесін,
Егестен адам
өлмесін!
Есен-аман
болайық,
Енді соғыс
болмасын!
Өртенбесін туған
ел!
Шайқалмасын асқар
бел!
Шайқалмасын шалқар
көл!
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле
бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре
бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен кәне бәрің
түрегел!
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен
аяталады.
«Приозерск қаласы «Балақай»
бөбекжайы» КМҚК
«Бейбіт күн жасасын
әлемде»
мәнерлеп
оқу.
Тәрбиешілер: Исиркова
Г.И.
Жубантаева
А.Е.
2017-2018
ж.