Мәнерлеп оқуды ұйымдастыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәнерлеп оқуды ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәнерлеп оқуды ұйымдастырудың жоспары. мақсаты, міндеті, күтілетін нәтижесі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шарбақты ауданы әкімдігінің Шарбақты ауданының Хмельницкий орта жалпы білім беру мектебі» КММ


Мәнерлеп оқуды ұйымдастыру.




Мақсаты: Оқушылардың  сыныптан тыс уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау,  жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.


Міндеті:

- Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік жасап, қабілеттерін шыңдау;

- Көркем әдебиет жанрына байланысты өлең, шығарма жазуға дағдыларын қалыптастыру;

- Оқушылардың қоғамдық белсенділігін дамыту;

- Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қалыптастыру, белгілі бір еңбек түріне баулу, оны дамытуға ықпал ету.


Күтілетін нәтиже:

      Оқушылар ертегі, әңгіме, өлең тыңдауға, шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкерлерді бағалауға, адамгершілік қасиеттерді сипаттауға ниеттенеді. Өлеңдерді нақышына келтіріп, жатқа, мәнерлеп оқуға үйренеді. Оқуға деген қызығушылықтары артады. Аудандық, облыстық деңгейге шығады.



















Түсінік хат


Бұл бағдарлама бойынша мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері тегіс жұмыс жасайды. 5-11 сынып оқушылары қатысады. Аптаның әр бейсенбі күндері дайындық жұмыстары жүргізіліп, оқушы мен мұғалім арасында дайындық сағаттары болады.

Осы бағдарлама бойынша оқушылардың әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелейді, рухани дүниесін кеңейтеді, ақыл-ойы мен ұлттық сана сезімін дамытуға ықпал жасап, ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін дамытады. Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет сабақтарына қызығушылықтарын арттырады. 

        Тілге шешен, өз беттерімен шығарма жазуға, өлең шығаруға икемдері бар, шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін сезініп  аша білетін оқушылар тартылады,  оқу материалына  халық ауыз әдебиеті үлгілерін (аңыз-әңгімелер, өлең-жыр, шешендік сөздер, мысал,  жұмбақ,  жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, ертегі т.б.) сабақ мазмұнына сай енгізу баланың алған білімін толықтырып, байытып жан-жақты дамуына дәйекті ықпал етеді. 

     Сондықтан бұл бағдарлама ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей,  жеке тұлғаны дамытып, оқуға деген қызығушылықтарын оятып, адамгершілікке,  ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеп, еркін дамуына жол ашу  көзделеді.

 























Жоспар.


Тақырыбы

Мерзімі

Ескерту

1

Мағжан Жұмабаев оқулары

Жыл бойы


2

Мұзафар Әлімбаев оқулары

Жыл бойы


3

Қалиқан Бекқожин оқулары

Қазан

Жыл бойы


4

Мұқағали Мақатаев оқулары

Қазан

Жыл бойы


5

Абай оқулары

Қараша

Жыл бойы


6

Мәшһүр Жүсіп Көпеев оқулыра

Қараша

Жыл бойы


7

Шәкәрім Құдайбердиев оқулары

Қараша

Жыл бойы


8

Яссауитану оқулары

Желтоқсан

Жыл бойы


9

Махамбет Өтемісұлы оқулары

Жыл бойы


10

Қ.О.Бітібаева атындағы қазақ тілімен әдебиетінен республикалық олимпиадасына дайындық

Сәуір

Жыл бойы



























Cоңғы үш жылдың қорытындысы.

2018-2019 оқу жылы


Деңгейі

барлығы

Оқылым атауы

орындары

Республикалық

8

Республиканский конкурс «Тәуелсіз елім-тірегім»

1орын-1

2орын-5

3орын-2

Облыстық

0




2019-2020 оқу жылы

Деңгейі

барлығы

Оқылым атауы

орындары

Облыстық

3

Областной конкурс литературного чтения имени М.Әлімбаева

3орын -3

Республикалық

5

Республикалық шығармашылық байқау

1орын -2

Республикалық сайысқа қатысу «Өз жерінді танап біл»

1орын -3



2020-2021 оқу жылы

Деңгейі

барлығы

Оқылым атауы

орындары

Облыстық

2

VIII областық «Мағжан окулары» конкурсында, «Толқынмен толқын сырласып..» бағыты бойынша жүлдегері

2 орын -2


Аудандық


Абай оқулары

1-орын - 2

2 орын -2

3 орын -1

Мұзафар Әлімбаев оқулары

1 орын -1

2орын -2





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2020
581
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі