«Мәңгі жаса -қыран елім Қазақсатым!»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мәңгі жаса -қыран елім Қазақсатым!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтарға арналған танымдық сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мәңгі жаса -қыран елім Қазақсатым!»

Мақсаты:

Құрылымы: танымдық сайыс.

Әртүрлі тақырыптағы сұрақтар: жалпы мәдениет, тарих.

Жүргізуші:Баршаңызды еліміздің тәуелсіздігіне жол ашқан Ұлттық мереке Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

  

Халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке әрбір жерлесімізге шаттық сыйласын!

 Көк туымыз – егемендік, азаттық, бірлік, бейбітшілік сынды ізгі құндылықтарды ұштастыратын қастерлі рәміз. Көк байрағымыз тұғырынан төмен түспей, Әнұранымыз байрақты бәсекелерде шырқала берсін!

Әнұран

Жүргізуші:Олай болса, «Мәңгі жаса -қыран елім Қазақсатым!»атты танымдық сайысымызды бастамас бұрын бөбекжай бақшамыздың меңгерушісі Ж.Мұқанбетқалиеваға ұстазға сөз береміз.

Ал енді бүгінгі сайысқа төрелік ететін әділ қазылармен таныс болыңыздар.

Әділқазылар алқасымен таныстыру:

«Бегім ана»бөбекжай бақша меңгерушісі Ж.Мұқанбетқалиқызы.

«Бегім ана»бөбекжай бақша әдіскері С.Алиева.

«Бегім ана»бөбекжай бақша шаруашылық меңгерушісі О.Шаркатқызы.

1: «Кел танысайық»айдары.

2: «Асығым алшысынан түссін»айдары.

3: «Фото-таным»айдары.

4: «Мақал марафоны»айдары.

Хор: «Атамекен»


1: «Кел танысайық»айдары.

«Зерек зияткерлер»тобы

Дариға

Ақмаржан

Айжан

«Ақыл майталмандары»тобы.

Гулжанат

Райкул

Жазира

«Ойшылдар одағы»тобы

Гулнар

Гулдана

Фариза

«Тапқырлар»тобы

Арай

Жарқынай

Жұлдыз

2: Келесі кезең «Асығым алшысынан түссін»айдары.

Әр топ ойыншылары қоржыннан асықтар алып,сол асықтын түсіне сәйкес ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді.Әр дұыс жауапқа әділқазы алқалары баға беріп отырады.

1. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім болды?

Жауап: Нұрсұлтан Назарбаев.

2. 1990 жылы 25 қазанда қабылданған маңызды құжат қандай?

Жауап: Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация.

3. Қазақстан қай жылы тәуелсіз мемлекет болып жарияланды?

Жауап: 1991 жылы 16 желтоқсан.

4. ҚР Конституциясы қашан қабылданды?

Жауап: 1995 жылы 30 тамыз.

5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан бекітілді?

Жауап: 1992 жылы 4 маусымда.

6. Қазіргі Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

Жауап: Астана қаласы (бұрынғы атауы – Нұр-Сұлтан).

7. Республика күні қандай маңызға ие?

Жауап: Бұл күн Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздік жолындағы маңызды қадамдарына арналады, мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануымен байланысты.

8. Қазақстан Республикасы қандай басқару түрін ұстанады?

Жауап: Президенттік республика.

9. ҚР Парламенті қандай палаталардан тұрады?

Жауап: Сенат және Мәжіліс.

10. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларация" қандай құқықтық маңызға ие?

Жауап: Бұл құжат Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуындағы алғашқы құқықтық негіз болды.

11. Республика күні алғаш қашан ұлттық мереке ретінде тойлана бастады?

Жауап: 2022 жылдан бастап.

12. Республика күнінің қайта жаңғыртылуы қай жылы болды?

Жауап: 2022 жылы Республика күні ұлттық мереке ретінде қайта қалпына келтірілді.

13. Қазақстанда 25 қазанға дейін қандай мемлекеттік мереке ұлттық деңгейде атап өтілген?

Жауап: Қазан төңкерісі мерекесі (7 қараша).

14. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі мен егемендігі туралы құжаттарды қабылдаудағы басты мақсат қандай?

Жауап: Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени тәуелсіздігін қамтамасыз ету.

3: «Фото-таным»айдары.

Ұлы тұлға -биік шың,

Әр жүректе-Алтын түн.

Ел үшін еткен еңбегі,

Халқы үшін мәңгі мұң.

Батырда болған данада,

Өшпес із қалдыра ала ма?

Тарихтың толқын арнасын,

Ұлы тұлғалар жаңғыртқан дей келе назарымызды экранға аударамыз.

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев кеңестік және қазақстандық ғарышкер, саяси қайраткер, Халық қаһарманы.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (17 мамыр 1953 жылАлматы) — кеңестік және қазақстандық саясаткер, дипломат, Қазақстанның екінші Президенті (2019–).

Мұхтар Шаханов  ақыны, драматургі. Қазақстан халық жазушысы.

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Асанәлі Әшімұлы Әшімов (1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада туған) – кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. 

Роза Қуанышқызы Рымбаева (28 қазан1957 жылСемей облысыЖарма ауданыЖаңғызтөбе станциясында туған) — кеңестік және қазақ эстрада әншісі



Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, грек-рим күресінен Әлем чемпионы, екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы, I дәрежедегі «Құрмет» және «Барыс» орденінің иегері.

Асхат Аймағамбетов ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып сайланды.

Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова (16 ақпан 1971 жылҚызылорда) — қазақстандық саясаткер, 2024 жылғы 6 ақпаннан Денсаулық сақтау министрі.

Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі

Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы

Қызылорда облысының әкімі


Нартай Аралбайұлы – КТК телеарнасының тілшісі, Қазақстан ұлттық телеарнасы «Мәселе» бағдарламасының авторы, жүргізушісі. 1991 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Көктөбе село округінің, Бөрілі ауылында дүниеге келген. Журналистикадағы үлгі тұтар тұлғасы – Нұртілеу Иманғалиұлы. КТК арнасында 2010 жылдан бері  қызмет етіп келеді.



4: «Мақал марафоны»айдары.

1.Туған жер – тұғырың,
Туған ел – қыдырың.

2.Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.

3.Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ.

4.Орағың өткір болса,
Қарың талмайды.
Отаның берік болса,
Жауың алмайды.

5.Ел жасымен көрікті,
Тау тасымен көрікті,
Аяқ асымен көрікті.

6.Іргесі берік елді
Жау ала алмас.
Ауызы бір елді,
Дау ала алмас.

7. Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас, басшысыз елде береке болмас.

8. Ат үйірін сағынса,

Артқы аяғын қағынар.

Ер үйірін сағынса,

Ер-тұрманын тағынар.


Хор: «Атамекен»

"Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Бағдарымыз –  айқын, мақсатымыз – ортақ" деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы. Мемлекетіміздің жарқын болашағы оның әрбір азаматының белсенді өмір сүруінде. "Отан – біздің ең үлкен анамыз. Әркім Отанына көрсеткен қызметіне жылу дәметпеуі тиіс. Ол – оның азаматтық борышы" деді Мұхтар Шаханов.

Біз тәуелсіздік тұғырын биік ұстап, мемлекеттігімізді нығайта беруіміз қажет. 

Ұлттық мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Қызметте табысты, отбасында бақытты болыңыздар!









































«Бекітемін»______________

«Бегім ана» бөбекжай- бақшасының

меңгерушісі Ж.Муханбеткалиева

«____» _______ жыл











«Мәңгі жаса -қыран елім Қазақсатым!»

Танымдық сайыс

(Ұжым қызметкерлерімен)









Тәрбиешілер:А.Бекжанова

Ж.Құрбанова

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.05.2025
119
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі