Материалдар / «Мәңгі қазақ жері -Ұлы дала елі!»

«Мәңгі қазақ жері -Ұлы дала елі!»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжирибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
2311
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



№ 8 орта мектеп



























Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Мәңгі қазақ жері -Ұлы дала елі!»

















Класс жетекші: М.С.Арысова































2017 жыл

Тақырыбы: «Мәңгі қазақ жері- Ұлы дала елі!» Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының Тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар  бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп,  осы қиын жылдары елдің азаттығын, еркіндікті аңсаған ата-бабамыз туралы және қазақ елінің өткені, бүгіні, болашағы жайлы діріптеу. Тәуелсіз Қазақстанның 26 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру.  Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. 

Көрнекілігі:   Еліміздің туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Отан, туған жер туралы нақыл сөздер, буклеттер.

Техникалық құрал: Видио ролик

(Сабақты бастамас бұрын оқушылар ортаға шығып, шеңбер жасап тұрады. Шеңбер жасап тұрғаннан кейін, сағат тілімен айнала бір- бір ауыз сәттілік тілегін айтады.)І. Кіріспе: Тақырып ашу (Б. Тілеуқановтың «Елім менің» әні)Елім менің әнінен үзінді тыңдатып, өлең кімдікі екенін және не туралы айтылғанын оқушылардан сұрақ-жауап арқылы тақырып ашу.Сонымен оқушылар, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мәңгі қазақ жері-Ұлы дала елі!» екенін білдік, ендеше қима қағаздар арқылы топқа бөлінейік.

Топқа бөлу (оқушыларды түстерге байланысты үш топқа бөліп отырғызу)

Мұғалім сөзі: Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 26 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш десе де болады. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды. Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. Неше түрлі ауыртпашылық әкелген Семей полигоны жабылды, Арал теңізі мәселесі шешілді, тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылды, табиғи байлығымызды өз иелігімізге қайтара алдық.Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз.

ІІ. Бейне жазба көруАл балалар біз қандай түсті партада отырмыз? Бұл түстер нені білдіреді ?Балалар өз жауаптарын айтады.Балалардың жауаптарынан кейін қызыл түсте отырған балалар қазақ елінің өткенін, сары түсте отырғандар бүгінін, жасыл түсте отырғандар еліміздің болашағын айқындайтындай, бейнежазбадан не түсінгендерін қағаз бетіне бейнелеп өз қиялымен ұштастырады.      Оқушылар жазғандарын таныстырады және басқа топтар бағалау ретінде өз пікірлерін айтады.ІV. «Бәйтерек белестері» ойыны1. Біз қай мемлекеттің азаматымыз ?2. Республикамыз басқа елдерден несімен ерекшеленеді ?3. Туымызда не бейнеленген?4. Тудың авторы кім?5. Елтаңбаның авторын ата.6. Елтаңбамызда не бейнеленген?7. Тіліміз қандай ?8. Әнұранның авторы кім?9. Ұлтымыз кім?10. Бәйтеректің биіктігі қанша?V. Қорытынды

Елбасының сөзімен қорытындылау"Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің иесі өзің екеніңді ұмытпа!"Жеткен арманжаса ТәуелсіздігімӨз қолыма берген ерлік, тізгінін.Ие болған әлем ілтипатына,Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін, -дей келе әр бір таңымыз арайлы, күніміз шуақты, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын деген оймен тақтада тұрған күнге сәулесін шашып шуақ берердей тілегімізді жазып әсемдейік.«Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 26 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ