Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта
мектеп.тарих пәні мұғалімі Жанғалиева Гүлайым
Шынтасқызы.
11 «а»
класс.
Сабақтың
тақырыбы: «Мәңгілік Ел» идеясы
негіздері және тарихи сабақтастық
ұстанымдары.
Сабақтың
мақсаты: Елбасы Жолдауы болашағымызға
бағдар ететін, ұлтты ұйымдастырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін
«Мәңгілік Ел » идеясы мен тәуелсіздікпен бірге мәңгілік мұраттарға
қол жеткізудің тарихи жеті құндылықтары туралы таныстыру. «Ұлт
жоспары : 100 нақты қадам», бұл-жаһандық және ішкі сын-қатерлерге
жауап және сонымен бір мезгілде, жаңатарихи жағдайларда ұлттың
дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары туралы
түсініктеме беру. Сабақтың
түрі : саяси
сабақ.
Күтілетін
нәтиже: Оқушылар Елбасының
«Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Жолдаудағы қазақ елінің ұлттық идеясы мәңгілік елдің басым
бағыттары мен тарихи құндылықтары туралы өз пікірлерін айта алады
Елге деген жаңаша пікірлер қалыптастыра бастады. Мәңгілік ел
тарихына шығармашылық шабыттары ояна бастады. Өзіндік шешім
шығарып, тақырыптардың негізгі идеясына ұсыныс білдіре алады.
Тапқырлыққа, тездікке, ойын жүйелі айтуға дағдыланды Негізгі
проблемалық мәселелерді зерттей алатындарына көз жеткізе
білді. Негізгі дерек
көздері: АКТ, Бейне
жазба,суреттер (Ә.Н.Назарбаевтің суреті, Қазақ
елі мен Мәңгілік Ел суреттері, Қазақстан-2050 стратегиясының
логотипін мен Елтаңба суреттері)
Сабақтың
барысы.
Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Әнұран
айту.
Мұғалім сөзі: Бүгінгі сабақтың
тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Биылғы жыл біз үшін өте
күрделі,қуанышты жыл. Желтоқсан көтерлісіне 30жыл, Тәуелсіздіктің
25 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр.Осы мерекелерді өз мектебімізде
жалғастырып, тарих апталығы жүріп жатыр. Мәңгілік Елге айналу үшін
тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып
табылады.Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар
бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен
өнегесімен келген аманат дүние болатын. Мәңгілік
Ел-ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Бүгінгі
сабақтың мақсаты «Мәңгілік Ел » идеясымен «Ұлт жоспары : 100 нақты
қадам» жоспарымен таныстыру. Сыныпты топқа
бөлу. Кім қандай түсті
таңдайды? Қызығушылықты
ояту . Сабақты бастамас бұрын
сіздерден «идея», «реформа» сөздеріне анықтама берейік. Қане,кім
айтады? Сонымен «идея» сөзі –грек тілінен
аударғанда –түсінік,елес, бейне ұғымын білдіретін философиялық
термин.18 ғ классикалық философияның негізін салушылардың
бірі И.Канттың тілімен айтсақ « Адам
білімінің қайсыбірі болмасын, түйсіктен басталып, түсінікке
ұласып,идеямен аяқталады.» «Реформа» сөзі-өзгеріс,реформа екі түрге
бөлінеді: бірі- жоғарыдан әкімшілік бұйрықпен жасалатын,
екінші-интеллектуалдық күштер қатысып жасайтын реформа,бұның іске
асырушы механизмдері болады.Сондықтан да оның жүзеге асу мүмкіндігі
мол әрі өміршең. Ал әкімшілік реформалар бұйрыққа
негізделгендіктен, көбіне аяқсыз қалып жатады. Мысалы, І Петр Ресей
империясын еуропаландырғысы келді, мақсатына жеттіме?керісінше,
Жапонияда Екінші Дүние жүзілік соғыстан кейін жасалған реформа
сәтті шықты.соның нәтижесінде техникасы мен технологиясы дамыған
елге айналды.Әрбір реформа қоғамға қажетті болуы
керек.
Мағынаны тану
үшін :
«Алты қалпақ»
әдіс бойынша тапсырма беріп, жұмыс
жасау. 1-топ.«Ақ
қалпақ» -бізге белгілі немесе қажетті
ақпаратқа назар аудару үшін пайданылады.(Мәңгілік елдің түп
тарихы,идеясы, тарихи сабақтастығы,ұстанымдары туралы
айту) 2-топ « Сары қалпақ»
-айқындылық пен өмірге сеніммен
қарауды бейнелейді.Бұл қалпақты киіп идеяның жағымды жақтарын
зерделеу және өз назарыңызды ,күш-жігерін жігеріңізді оның
жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайды. Елдегі жақсы
жаңалықтар туралы ой бөлісу. 3-топ. «Қара
қалпақ»- бұл «әз-әзілдің қорғаушысы»
немесе неліктен кейбір тетіктер дұрыс істемейтінін бағалау.Қандай
кедергілер мен қиыншылықтар болуда. Мысалы, Көне жазба
негіздемелері қазіргі таңда өз қолымызда болмай кездестіре
алмағанымыз т.б. 4-топ. «Қызыл
қалпақ»- сезімді, болжамды және ішкі
түйсікті білдіреді. Сендер қазір қандай сезімдесіңдер? Мақал айту,
өлең шумақ оқу т.б. 5-топ. «Жасыл қалпақ»
- креативтілікке, мүмкіндіктерге
, баламаға және жаңа идеяларға бағытталды. Болашақ елді қалай
елестетеміз? 6-топ.Көк
қалпақ.- ойлау үдерісін басқару үшін
қолданылады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың
талаптарын дұрыс орындалып жатқандығына кепілдік
береді.
Оқушылар пікірін
тыңдау. Қосымша. Президент Жолдауы туралы 140
қызықты дерек. 1.Алғаш рет Президент Жолдауы Тәуелсіздік сарайында
жолданды. 2.Қазақстан Президенті Жолдауды 2 тілде жолдаған
бірден-бір Лидер. 3. Президент Жолдауынды Үкімет пен мемлекеттік
органдарға 2014 жылға 15 нақты тапсырма берді. 4.1997 ж бастап ел
президентінің Қазақстан халқына 18-стратегиялық Жолдауы болып
табылады. 5.Жолдауда Президент 80-нен астам инновациялық идеялар
айтты. 6.Президент Жолдауының www. strategy 2050мамандандырылған
сайты ашылды. 7. «Қазақстан» және «қазақстандықтар» , «инновациялар
мен инновациялық» сөздері Жолдауда 50-ден астам ретаталды.
8.Жолдауда «экономика» сөзі 17 рет, «білім беру» -8, «әлеуметтік»
-10 рет, аталды. «Сапа» және «сапалы» сөздері Жолдауда 10реттен
астам, «құру» және «құралу» сөзі 20 шақты рет айтылды. 9. Президент
Жолдауы 3994 сөзден тұрады. 10. Интернеттің іздеу жүйесі «Қазақстан
Президенті Жолдауы» бойынша сұрауға үш тілде 30млн астам сілтемелер
берді.
Ой-толғаныс. «Қазақстан-2050» жылын көз
алдыңа қалай елестетесің?-эссе. Қорытындылау. Мұғалім
сөзі: Сонымен, 13 ғасыр бұрын
түркінің данагөй қайраткері Тоныкөк негізін қалаған «Мәңгілік Ел»
идеясы бүгінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ерен патриотизмінің
арқасында қазақ елінің яғни, «Ұлы дала елінің » басты ұранына
айналуда. Ата- бабаларымыз сан ғасырлар аңсап- армандаған
тәуелсіздік халқымыздың еш нәрсеге айырбастамайтын ең қастерлі
құндылығы. «Мәңгілік Ел» идеясының түп қазығы –Қазақстандық
патриотизм.Алаш арысы М.Шоқай «Ұлт тәуелсіз болу үшін, Ұлттық рух
керек». Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еңбектеген баладан,
еңкейгенқартымызға дейін Отаншыл болуымыз керек.», «Мен қазақпын»
деп, өз ұлтыңды мақтаныш тұтқың келсе, онда тарихыңды біл. Сонда
ғана болашағың айқын.»-,деді. «Біз өткенімен де, бүгінімізбен де
мақтанатындай ұлт болуымызкерек», «Егер патриот болсаң ғана
Қазақстан мемлекеті «Мәңгілік Елге» айналады.-деді. Егер сіздер
яғни, жас ұрпақ отансүйгіш, елжанды болыптәрбиеленсе «Мәңгілік Ел»
дегеніміз сол! Үйге
тапсырма : Қазақстандық патриотизм
сөзіне ассоциация құрау.