жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Мәңгілік ел"
Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Мәңгілік Ел!»
Мақсаты: Қазақстан тарихына шолу жасай келе, тәуелсіздікке жетудегі
қазақ халқының басынан өткен қиыншылықтарына шолу
жасай келе, жас ұрпақты Отаншылдыққа, адамгершілікке,
елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Сахна мәдениетін қалыптастыру.
Барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ежелден еркіндік аңсаған әр қазақтың ең асыл мұраты – еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреген ақындарымыз «егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлап өтті. Қазақтың құлан жортса тұяғы тозатын, қыран ұшса қанаты талатын ұлан-ғайыр даласы бар. Ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сол даланы қорғап қалды. Көптен күткен, тарихы терең айтулы мерекемізге де қол жеткіздік.
Құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар мен оқушылар!
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» деген ұлттық ұранмен басталатын «Менің елім – Мәңгілік Ел!» деп аталатын мерекелік кешімізге қош келдіңіздер. Баршаңызды сол тарихы тереңде жатқан айтулы мерекемен құттықтаймыз.
Қазақстан Республикасының Әнұраны
Біздің туып-өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы. Ол көне заман-дардан басталатын тарихы бар, аса бай ел. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз кең-байтақ жерімізді қауіп-қатерден қорғап келеді.
Қазақ халқы – ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Қазақ еліне тәуелсіздікке жету өте қиынға соқты. Біздің көптеген ата-бабаларымыз құрбандыққа душар болды. Енді соларға байланысты еліміздің тарихына көз жіберейік.
Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан
Келді алыстан аңсатып армандатып
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан
Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат,
Мен қазақпын деген де қандай ғажап!
1-оқушы
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым, өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім!
2-оқушы
Кең байтақ, көз жеткізбейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!
3-оқушы
Сен неткен Отан-Анам, ғажап едің
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін
Жайнай бер, Ұлы Отан- қазақ елім!
4-оқушы
Далада думан, қалада думан-жыр бүгін
Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім
Жасай бер, жаса, асқардан аса әрқашан
Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұлбұлын
5-оқушы
Жаңа ғана қазағымның таңы атты
Алу мақсат ел деп, алғыс сауапты
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам
Тәуелсіздікті сақтау үшін жауапты.
6-оқушы
Кім танымас тербелген тал бесікті
Болашаққа айқара аштық кең есікті
Барша ел аузын ашып тамсанумен
«Қандай ғажап, егемен ел десіпті!»
7-оқушы
О, Тәңірім, бақыт құсы қонып бір
Деп тіледік бізді баққа жолықтыр
Бүгін міне, тәуелсіздік, ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр
8-оқушы
Осы дала саған да ортақ, маған да
Мұндай мекен таба алмайсың ғаламда
Сый мен құрмет, ізет-құрмет барлығы
Тең дарыған біздегі әр адамға
9-оқушы
Егеменді ел болудың белгісі-
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші,
Егеменді деген сөзден естілер
Ата-жұрттың арғысы мен бергісі
10-оқушы
Шаттық нұры шашылып зеңбіректен
Шуағын күн төгеді енді көктен
Шылбыр үзді даланың арғымағы
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен
11-оқушы
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те,
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты
Қазақстан бет алды мәңгілікке!
Біз бәріміз бір атаның- қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу, ол-Қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан!
Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады.Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.
12-оқушы
Бабалар
көз талдыра көптен күткен,
Далама
жандандыра келді көктем.
Мәуелі
Бәйтеректің басын шалып,
Күн күлді
нұрын шашып көкжиектен.
13-оқушы
Ұлы
елдер іргемізде,
Бір тілек, бір
лебізде.
Жұптасып мәңгі қатар,
Жасаймыз
біз де бірге.
14-оқушы
Күмбезін
көк тіреген нұрға малып,
Елордам
күн-күн сайын тұр жаңарып,
Сауығы
тарқамаған әнші-күйші,
Қазағым жаны
жарқын мырза халық.
15-оқушы
Мәңгілік
ертек емес епке келер,
Қозғалсақ қол
ұстасып көппен егер.
Тәңірім, бармақтай
бақ, таудай талап
Баянды бола берсін
деп бере гөр!
16-оқушы
Мәңгілік ел-арманымның асқары,
Мәңгілік ел-бақытымның бастауы.
Мәңгілік ел-тарихымның дастаны
Мәңгілік ел нұрлы жолға бастады.
17-оқушы
Мәңгілік ел-менің аппақ мұратым,
Мәңгілікке нұрын шашып тұратын
Мәңгілік ел-нұрлы жолы қазақтың,
Бар әлемге мойындатар қуатын.
Мәңгілік ел-шежіресі даламның,
Мәңгілік ел-ақ тілеуі анамның.
Мәңгілік ел-мәңгілікке аманат
Мәңгілік ел-нұрлы жолы бабамның
19- оқушы
Сүйікті
айбыны зор Абылайдан,
Билікті мирас
етіп қабыл алған,
Ағаны адал ниет
арқа тұтып,
Алаштың абыройы артып
бағы жанған.
Қорытынды:
Міне оқушылар, біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету ұшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан тәуелсіздік алды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген, тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген