400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мәңгілік ел

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мәңгілік ел

Жоспар;

1. Құрбан болған қазақтар

2. Ерлікпен жеткен жеңіс

3.Мәңгілік қазақ ұрпағы

Салтанаты жарасқан қаласы бар,

Байтағы ұшан-теңіз даласы бар,

Аруақ қолдаған бабасы бар- ел екенімізді мақтан етейік.

Н.Назарбаев.

Мәңгілік ел – бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ , біз қазақ не көрмедік,қанша қиын жағдайларды көрдік. Ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу , барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз.Шүкір, міне осының өзі-ақ мәңгі ел керегесі. 550 жыл бойына көрген қиындығымызға ешкімді жазғырмай біреуді кінәламай, қайғы көрсе тереңіне батып кетпей , қуанышқа асып –таспай бүгінгі күнге аман-есен жеткеніміз біз үшін үлкен бақыт! Терезесі тең, керегесі кең,шаңырағы биік, еліміздің тарихы мен мәңгілік елдің іргетасын қалап кеткен Керей мен Жәнібектен бастау алған қазақ елінің мәңгілік ел болуы, құрылуы осының айғағы. Мен үшін мәңгілік ел осыдан басталды.Әлемде жерінің кеңдігі жөнінен 1-ондықта тұрған қазақ жерін, қазақ елін мәңгілік ел болып қалуы үшін біздің қаншама ағаларымыз қазақтық ұлтарақтай жерін жауларымызға бермей, қызғыштай қорғап, халық қорғаны бола білді.Қолдан жасалған ашаршылықтың өзі қаншама қазақты қырғанымен қоймай, бір-біріне жауыз, ашкөз жәндіктей қылып, бірінің етін біріне жегізіп, қазақтың санын кемітіп, қала берсе басқа мемлекеттерге ауып кетіп, тарихи отанын кітаптардан оқитын тарыдай шашылған қазақтардың шашылуына да себепкер болды. Оның біреуін де көрмеген біз қандай бақыттымыз.Ал Ұлы Отан соғысы жылдар аралығындағы созылған соғыста ағаларымызды айтпағанда, апаларымыз Әлия, Мәншүк, Хиуаз сияқты батыр апаларымыздың өзі қан майданда ерлікпен шайқасты. Соғыстың сұрапыл жылдарында ағаларымыз бен апаларымыздың орны бір бөлек, тылда еңбек еткен ауыл адамдары соның ішіндегі ет жүрегі езіліп, күрсінген жүректің демімен дамыл таппай, ішінен тынып, балам соғыстан аман қайтса екен деп тілеген, еркектің ауыр қара жұмысын бір өзі атқарған қайран әйел аналар да бар.

Сондада бізді қазақ деп ешкім мойындамайды. Ресейдің қол астында болып ең басты , ең маңызды байлығымыз болған салт-дәстірімізді, әдет-ғұрыпымызды , тілімізді,дінімізді жоғалттық. Жетпіс жыл орысша сайрадық. Бұл жылдарда елдің ел болып, ұлттың ұлт болып қалуы үшін батырларымыз атқа қонып, алаңға шығып, білектің күшімен күрессе, ақын-жазушыларымыз қаламның ұшымен күресе білді.Бұдан кейінгі жылдарда да тәуелсіздік үшін болған көтерілісте де жеңіске жетіп, мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылы әупірімдеп Қазақ елі тәуелсіздікке де қол жеткізді. Бұл күн біз үшін, бүкіл қазақ халқы үшін ұмытылмас, асқан бір мейрам да, қайсар жастардың жоғалтқан өмірі де болды. Бұлт артынан күн шығады»-деп, қазақ халқы барлық қайғыны ұмытты да,осы күнге шүкірлігін айтты.....

Иә, ендігі күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем мойындайды. Біз енді тар жол,тайғақ кешулерден өттік. Жеріміздің кеңдігіндей, көңілі кең, дархан «қазақ» деген халықпыз. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған, тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан,ұрпағы ертеңіне сеніммен қарай білетін, дербес те тәуелсіз ұлтпыз. Алда да солай бола береді. Асанқайғының армандаған «қой үстінде бозторғай жұмыртқалайды.» заманы қазақтың басына енді туды. Ол «Тәуелсіздік». Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Ол арман- мәңгілік ел. Еліміз мұратына жетті. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астана қаласын тұрғыздық. Ендігі ұрпақ-Мәңгілік қазақ ұрпағы. Енді біз мәңгілік елімізді көзіміздің қарашығындай қорғаймыз!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.04.2019
565
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі