400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мәңгілік ел

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз туындым. патриоттық бағытта.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МӘҢГІЛІК ЕЛ – МҰРАТЫМ



Жаңа ғалам, жаңа дәуір келбеті,

Жаңғырады, бағзы тарих ел көші!

Отан қымбат, елім үшін жан пида,

Менің парыз, қасиетті міндетім!


Бір болашақ, ортақ мүдде, бір мақсат,

Жерұйығым, атажұртым тұрмақ хақ!

Мәңгілік ел салтанатпен сән құрған,

Бейбітшілік арманымды құндақтап!


Тұтас болып қалу үшін аймағы,

Сақталсын деп тіл мен ділдің қаймағы!

Талай арыс бұл дүниеден баз кешкен,

Сан шаһардың шыққан талай ойраны!


Тарихымның толғауы көп, аһ ұрар,

Оған куә таулары бар, тасы бар!

Жер бетінен жоқ қылмақ боп халқымды,

Талқандалған Сарайшық пен Отырар!


Бабаларым «түнде ұйықтамай» баз кешкен,

Түркі елі үшін қара термен қан кешкен!

«Жібек жолы» қайта түлеп жанданды,

Керуендері қайта оралды сан көшпен!


Тасқындарға тосқын болып алдан мың,

Қара дауыл құшағында қармадым!

Қарапайым қазақ болған қалпыммен,

Қайта оралып, өз жолымды салғанмын!


Менің елім болашаққа көз тіккен,

Төрткіл дүние терезесі теңдікпен!

Менің елім қырғын менен зұлматтан,

Аман қалған ар-намыспен, ерлікпен!


Өрелі өркен болашағым өрісім,

Атажұртым, алтын бесік қонысым!

Ұл мен қызды бақ жолына бастайды,

Ынтымақты бірлік пенен келісім!


Салт дәстүрім, қалпымменен қазақтық!

Әлем халқын бүгінгі күн қараттық!

Қазақстан -2050, Болашақ,

Тәуелсіздік рухы мен азаттық!


Ұлы мұрат – бабам шейіт болған жол,

Ұлан далам, көкірегі толған шер!

Жалын берік ұстап асау ғасырдың

Қазақстан бүгін болып – толған ел!


Мәңгілік Ел идеясы – қайнарым,

Бірлігім мен бір мақсатым айбарым!

Қаракөзді қызы болып қазақтың,

Елім жайлы, Әлем жайлы ойладым!


Көк аспанда көк байрағым тұратын!

Мәңгілік ЕЛ идеясы – мұратым!

Мызғымайтын дүниедей сақтармыз,

Бабалардың рухы мен мұрасын!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
319
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі