400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мәңгілік ел - болашағымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда "Мәңгілік ел - болашағымыз" тақырыбында эссе жазылан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мәңгілік ел – болашағымыз

Ел болу мәселесі, ұлтты сақтау, жерді, атамекенді қорғау мәселесі қазақ халқы үшін қашанда тарихи даму тұрғысынан маңызды болып келе жатқаны белгілі. Олар әр түрлі тарихи кезеңдерге байланысты, қоғамдық ой-сананың өзегіне айналып отырған. Бүгінде осы мәселелер тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің алдында тұр.

Ата-бабаларымыздың аңсап келген «Мәңгілік ел» болу өсиетін қазақ халқының маңдайына біткен көрегендігі мен даналығы, әрбір ісін халқы үшін жасап отырған елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасы деп білем. Mәңгілік ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» стратегиясының ғана емес, XXI- ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!

Бүгінгі таңда, біздер, жастар өте бақыттымыз деп санаймын. Осындай тәуелсіз, өркениетті қоғамда өмір сүріп жатқанымыз, кешегі «Мен жастарға сенемін» деген Шәкәрім мен Мағжандардың армандары орындалған заман туды деп есептеймін. Сондықтан ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, елдің ертеңін ойлайтын, рухы биік, заман талабына сай, елдігімізді сақтайтын шәкірттерді тәрбиелеуіміз керек.
Елбасы Н.Назарбаевың: «Мағжанның жүрек тебірентерлік мөп-мөлдір асыл лирикасы, Мұхтардың көркем прозасы, Шоқанның барша әлемді таңқалдырған жаңалықтары, ұлы Абайдың түпсіз терең философиялық толғаулары сияқты осынша мол рухани қазына әрбір адамның ішкі жан дүниесін байытып, сана-сезімін шарықтата көтеретініне күмән келтіре алмаймыз» деуінің өзі ұлттық құндылығымызға толық дәлел бола алады. Ендеше, Елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеясында «Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары – ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырамын» деген сөзі жастарымыздың ерік-жігеріне қанат беріп, ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалуға және де болашағы жарқын, Отанына адал, алдына мақсат қоя алатын білімді ұрпақ тәрбиелеуімізге негіз болады. Отбасының ірге тасы мықты болсын десек, бесігімізді түзейік. Ертеңгі ұрпағым саналы да мәдениетті болсын десек, отбасы тәрбиесіне көңіл бөлейік. 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
953
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі