Тақырыбы: «Мәңгілік ел – ел
мерекесі»
Мақсаты: Балаларға Қазақстан
Республикасында тұратын ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлерімен
таныстыру. 22 қыркүйек тілдер мерекесі туралы түсінік беру. Ән және
тақпақтар, мақал-мәтелдер арқылы балалардың тілін дамыту,
патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, музыка арқылы туған жерге, тілге
деген сүйіспеншілігін, шығармашылық белсенділігін арттыру. Өзге
ұлттарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, интерактивті
тақта.
Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру,
сұрақ-жауап
Ұйымдастыру
бөлімі:
Жылулық
шеңбері.
Арайлап таң
атты,
Алтын сәуле
таратты.
Жарқырайды
күніміз,
Жайнай түсті
даламыз.
Қайырлы таң,
апайлар,
Біз ерекше
баламыз.
Айтқан тілді
аламыз,
Достарымды
көргенде,
Қуана қарсы
аламыз.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біздің
балабақшада үлкен мереке. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Гимні орындалады.
(әнін жазған Ш.Қалдаяқов,
сөзін жазғандар – Ж.Нәжімеденов, Н.
Назарбаев).
Балалар: Орындарынан тұрып әнұранды
орындайды.
Тәрбиеші: Ана тілі – әр адамның өз
ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани
азығынан нәр алатын кіндік тамыры.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың 1989 жылғы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек
Қазақстан Республикасында тұратын барлық халықтардың тілдер
мерекесі боп жарияланған болатын.
Бұл – барша елге ортақ, жалпы
халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген
құрмет.
Көп ұлтты біздің
мемлекетемізде «Үш тұғырлы тіл» саясаты жүзеге асырылып келеді.
Қазақстан Республикасындағы қандай ұлт болмасын, барлығының жағдайы
жасалған достығымыздың арқасында еліміз өркендеп келеді. Баршамызды
осы мерекемен құттықтаймыз!
Тәрбиеші: балалар, сендер қалай
ойлайсыңдар тіл не үшін қажет?
Балалар: Адамдар бір-бірімен тілдесу
үшін.
Тәрбиеші: Мемлекеттік тіліміз қай
тіл?
Балалар: Қазақ
тілі.
Тәрбиеші: Республикамызда тұратын қандай
ұлт өкілдерін білесіңдер?
Балалар: Орыс, татар, украин, неміс
т.б.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, осы
ұлттардың бәрінің өз тілдері, салт-дәстүрлері
болады.
Сергіту
жаттығу:
Орнымызда
тұрайық,
Алақанды
соғайық.
Оңға қарай
иіліп,
Солға қарай
иіліп
Бір отырып, бір
тұрып
Біз шынығып
алайық.
Тәрбиеші:
Ана тілім – дана тілім,
айбарлым,
Сырым терең, тұнығындай
қайнардың.
Ана тілім – қасиетім,
қастерлім,
Бір өзіңнен бақыт нәрін
алғанмын, - деп ақындар жырлағандай халқымыздың өшпес асылы, сөнбес
шырағы, мол қазынасы, сан ғасырлық тарихы бар, қасиетті ана тіліміз
дей келе, ортаға бүлдіршіндерді шақырамыз.
1-бала.
Ана тілім
ұраным,
Ана тілім
құралым.
Ана тілім
болмаса
Мықты болмас
тұрағым.
2-бала.
Менің тілім
біреу-ақ
Сөйлейтін де
жазатын.
Тауып қойған
тілеуі-ақ
Қазақ деген өз
атын.
Дариядай
пейлі,
Тілі, діні, жыры
да.
Ойын: «Шаңырақ»
Тәрбиеші: Жарайсыңдар!
Қазақ халқының тіл туралы
мақал-мәтелдері бар. Қане кім айтады?
1-бала.
Әдеп басы –
тіл.
2-бала.
Әрбір халық өзінің ана тілінде
ғана бақытты.
Тәрбиеші:
Бұл жанды тіл – менің азат
тілім,
Жадымда талмай самғар қанат
тілім.
Жыры- қуат, сөзі – ана
уызындай,
Жасай бер, Ана тілім – Қазақ
тілім!
Әуен ырғағымен балалар залдан
шығады.
МКҚК №56 «Жұлдыз»
бөбекжайы
Бекітілді:
Әдіскер Бексейитова
А.Е
Қаланың көрікті жерлеріне
саяхат
Ортаңғы
топ
Дайындаған: Жумабаева
А.А
Ақтау 2017
ж.